Антик философиясы


Идеялар туралы ілімдер (диалектика)



бет11/15
Дата19.03.2022
өлшемі33,02 Kb.
#136069
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
a8ca3be4-7eff-4792-b75e-7363079e7902

Идеялар туралы ілімдер (диалектика). Платон философиялық жүйесінің өзегі гносеологиялық проблемаға, білімнің мәні туралы пайымдауға (өзіне өзі пайымдау жасау) мән берілген идеялар туралы ілім болып табылады. Егер Сократта өнегелілік ізгілік білімге сүйенсе, яғни идеал нормативті ерік болса, ал Платон өзінің ұстазынан да асып түсіп, адамның практикалық әрекеті ойлауға тәуелді дей келе, өзінің ісіне есеп бергісі келген адам құндылықтар мен міндеттер туралы ұғымды иеленуі керек деп тұжырымдайды. Осы ұғымдарды тұжырымдау үшін ол талдау әдістерін, қабылдау және шығарып тастау, қарсылықа дәлел әдісін қолданды. Ұғымдар қабылдаудан толықтай ерекшеленеді және одан шығарыла алмайды. Олар “біріктірілген сырттан қарау” жолымен құралады, сондықтан әуелгі бастан жан қабылдауға тәуелді болмайтын мазмұн туралы “еске түсіруді”білдіреді. Осыдан екі дүние туралы ілім шығады: көрінетін (сезімдік, өзгергіш, ақиқат емес, жетілмеген, денелік) және имматериалды және ақиқатты (ақиқатты, жоғары сезімталды, тұрақты, жетілген, идеалды, мәңгілік, көзге көрінбейтін, денелік емес) – (“көрінетіннің бәрі көрінбейтіннің өзі десе болады”). Мұнда платондық диалектиканың өзіндік орны бар, оның негізінде – ізгіліктің идеясы –бүкіл болып жатқанның себебі, дүниенің мәні, Құдайға теңдесетін ақыл-ойдың үстемдігі ретіндегі дүниелік мақсат. Идея – құбылыстар себебінің мәні, мақсатты себеп. Ізгіліктің қайнар көзі – Құдай, ал зұлымдыққа бас себеп- тән. Жан бастапқы қозғалыс, ол сананы иеленеді. Құдай ретіндегі ақыл-ой немесе дүниелік мақсаттар объективті бастау, жаны болады және санаға көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет