Антик философиясы



бет2/15
Дата19.03.2022
өлшемі33,02 Kb.
#136069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
a8ca3be4-7eff-4792-b75e-7363079e7902

Атомисттік концепцияның негізін қалаушы – Демокрит. Оның айтуынша болмыс ол атом (грек тілінен «бөлінбейтін»). Атом бөлінбейтін физикалық бөлшек. Демокрит мұндай атомдарды өте көп дейді, осы сөзі арқылы ол элеаттардың болмыс жалғыз деген қағидасын терістейді. Атом бос. Бостық бұл болмыс емес, сондықтан тануға келмейді. Дегенмен, Демокрит элеаттардың болмысты тануға болады дегенімен келіседі.


Софистер мектебі антика философиясының антропологиялық бағытын көрсетеді. Софисттерден бастап, адам зерттейтін мәселеге айналады. Аталған мектептің негізін қалаушы Протагор «Адам барлық нәрселердің өлшемі» дейді. Софистер танымның релятивистік теориясыныңнегізін салды.
Софистердің шәкірті – Сократ – философиялық антропологияның негізін салды. Сократтың әдісі – «майевтика»деп аталады, бұл грек тілінен аударғанда «тудыру өнері» деп аталады. Осы әдістің көмегімен, Сократ ақиқаттың тууына көмектеседі. Сократтың «Өз өзіңді таны», «Менің білетінім ештеңе білмейтінім»деген белгілі сөздері бар. Сократтың қарастырғаны - этикалық мәселе. Қайырымдылық пен адамгершіліктің мәнін тану Сократ үшін қайырымдылыққа қол жеткізудің және өнегелі өмірдің алғышарты болып табылады. Ол ерлікті, әділеттілікті қайырымдылықтың негізі деп санайды. Сократ классикалық кезеңдегі үш ұлы философтардың бірі.
Сократтың шәкірті болған, оның мұрасын сапалық жаңа деңгейге көтерген Платон болатын. Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) – ежелгі грек философы, объективтік идеализмнің негізін қалаушы. Платонның ілімі Гераклиттің, Пифагордың және Сократтың ілімдерінің синтезі. Платонның философиялық мектебі – Академия деп аталды. Ол антикалық идеализмнің орталығы. Платон зор философиялық мұра қалдырған ойшыл. «Сократ апологиясы», «Заңдардан» басқа ол диалог түрінде жазылған 34 еңбектің авторы. Идея мен заттардың қатынасы – Платонның философиялық ілімінің маңызды бөлігі болып табылады. Сезімдік тұрғыдан қабылданатын заттар – бұл көлеңке – оларда идеялар бейнеленеді – деп есептейді. Таным теориясында Платон сезімдік танымды рационалды танымнан ажыратады. Платон гносеологиялық концепциясының түпнегізі – еске түсіру теориясы.
Платонның ілімін жалғастырушы Аристотель(б.з.д. 384-322 ж.ж.). Аристотельдің философиясы грек философиясының аяғы. Аристотель антикалық дәуірдің зор ғылыми жүйесінің негізін салушы, Аристотельдің мынадай еңбектері бар:
«Метафизика» – мұнда онтологиялық сипаттағы аса маңызды мәселелер көтеріледі. Аристотель бұл мәселені алғашқы философия ретінде анықтайды. Сонымен қатар, оның табиғат философиясы мен жаратылыстану ғылымына арналған «Физика», «Аспан»» «Аспан туралы» «Пайда болу мен өлу туралы», «Метеорология», «Жануарлардың пайда болуы туралы»деген еңбектері бар. Ал оның қоғамдық мәселелерге арналған – «Саясат», «Никомах этикасы», «Риторика», «Поэтика» деген еңбектері бар.
Аристотельдің шығармашылығы антикалық философияның ғана емес, жалпы грек елі дүниетанымының шыңы болды. Көптеген ғылымдар өз бастауын Аристотельдің шығармаларынан алады. Аристотельдің шығармашылығы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдардың дамуына зор үлес қосты. Аристотельдің философиялық жүйесі жан-жақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет