Милет мектебі (“натуралистер” немесе “физиктер”) б.з.д. ҮІ ғасырда Кіші Азия жартыаралының батыс жағалауындағы Милет қаласында пайда болды. Фалес(б.з.д. 625- б.з.д 545 жж.). Барлық нәрсе судан пайда болады. Бастапқы себеп (архэ) – су. “Бақылау көрсеткеніндей, барлық нәрсе тұқымнан пайда болады, ал тұқым ылғалды болып келеді. Ылғал заттарда олардың табиғи бастауы су болып табылады. "Бәрі де судан пайда болады және суға айналады”. Анаксимандр(б.з.д. 611- б.з.д 545 жж.). “Табиғат туралы трактат”. Бастама– біртұтас, алғашқы, уақыттан тыс, мәңгілік өлмейтін, шексіз субстанция, ол “барлық дүниені қамтиды”, яғни белгісіз материя (апейрон) Ол жер бетіндегі әртүрлі құбылыстарға айналады: жер, су, ауа, от, бұлар өз кезегінде басқасына ауысады. Анаксимандр табиғат, дүние объективті болады, ал оны ешкім жаратпаған деген тұжырым жасады. Анаксимандр күн сағатты іс жүзіне асырды, Жердің географиялық картасын жасады, онда Еуропа мен Азия бейнеленген. Анаксимен(б.з.д. 560- б.з.д 480 жж.). Бастама – ауа,шексіз субстанция. От – қыздырылған сұйылтылған ауа. Ауа қоюлана келе бастапқы су күйіне айналады, ал содан кейінгі қоюлану барысында тасқа айналады. Анаксимен стихиялардың барлық әралуандығын ауаның қойылу дәрежелерімен түсіндіреді. Жан да ауадан тұрады. Құдайлар да ауадан пайда болған.
Сонымен, Милет мектебіне дүниені материалдық бастау негізінде пайда болды деп түсіндіру тән. Бастапқыда милеттік философтар ғарышты стихия ретінде және құдайларды алмастыратын жанды тіршілік иесі ретінде пайымдады. Милеттіктер -гилозоистер . Олардың материализмі стихиялық және аңғал болған.