Антикафилософиясы ежелгі гректер мен римдіктердің философиясы. Бұл философияөзінің дамуында мыңжылдық кезеңді қамтиды деуге болады. Ол ежелгі Грецияда б.з.д. ҮІ-ғасырда пайда болды және өзінің орнын ортағасырлық философияға Рим империясы құлағаннан кейін – б.з. ҮІ-ғасырына таман берген болатын.
Ежелгі философияны ерекшелендіретін қыры – дүниенің рационалды ұғыну және космоцентризм,яғни “ғарышты”, “табиғатты” пайымдауға жасалған бағыт. Дүние – біртұтас, тіршіліктің тұтастығы. Адам табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады(микрокосм).