Киберқауіпсіздік – электрондық нысандағы ақпараттың және оның өңдеу, сақтау, беру (электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымды) ортасының сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу жағдайы.
НЕЛІКТЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҢЫЗДЫ? 1. Мемлекеттердің қызмет етуі үшін, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну үшін киберкеңістіктің күннен-күнге маңызы артып келеді.
2. Кибершабуылдар экономикалық зиян шектіреді, онлайнқызметтерге қоғамдық сенімді кетіреді және азаматтарға, олардың меншіктері мен құпиялығына залал келтіреді.
3. Кибершабуылдар оңай құпиясөздер, жеке деректерді жариялау сынды адами немқұрайлылық пен абайсыздықтардан туындайды.