Мұнан кейін «ОказаниеУслуги» құжатының «ФормаДокумента» формасын ашып, кестелік өріске жаңа бағанымыз «Стоимость» бейнелейтін жаңа баған қосып, оны «Номенклатура» өрісінен кейін орналастырамыз (23.19 сурет).
Бізге «Количество» өрісінің немесе «Цена» өрісінің мәндері өзгерген уақытта «Стоимость» өрісінде «Количество»*«Цена» тең мән автоматты түрде келіп түскені керек. Ол үшін кіріктірілген тілде «Стоимость» = «Количество»*«Цена» командасын жазу керек, ол «Количество» немесе «Цена» өрістерінің мәндері өзгерген уақытта орындалады.
«Количество» бағанының енгізу өрісіне тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, ол үшін қасиеттер палитрасын ашыңыз (контекстік мәзірдегі «Свойства» пункті). Тізімнің соңы жағына дейін қарасаңыз, бұл енгізу өрісімен байланысты болуы мүмкін оқиғалар тізімін табасыз.
Бұл енгізу өрісімен байланысты оқиғалардың ішінен «При изменении» оқиғасын көресіз. Бұл оқиға енгізу өрісінің мәні өзгерген уақытта орындалады.
Ұлғайтқыштың суреті бар батырмаға бассаңыз, жүйе форманың модулінде бұл оқиғаның өңдеу процедурасының алдын ала даярланған негізін ашады.
Форма модулінде процедураның мәтінін редакциялаймыз:
Процедура ПереченьНоменклатурыКоличествоПриИзменении(Элемент) СтрокаТЧ=ЭлементыФормы.ПереченьНоменклатуры.ТекущиеДанные;
РассчитатьСумму(СтрокаТЧ); СтрокаТЧ=ЭлементыФормы.ПереченьНоменклатуры.ТекущиеДанные;СтрокаТЧ.Стоимость= СтрокаТЧ.Количество*СтрокаТЧ.Цена ;
КонецПроцедуры
«Цена» бағанындағы енгізу өрісіне тінтуірдің оң жағын басып, әрі жоғарыда аталған әрекеттер сияқты жасаймыз, форма модулінде процедура мәтінін редакциялап аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |