Заңдық ерекшеліктеріне және маңызына қарай төмендегідей қағидаларды ұсынуға болады: 8. Ақпарат алушының ақпаратты ұсыну құқығы. Ақпарат алушыға ақпарат ұсынушы субъект ақпараттық құқықтық қатынасқа түскен кезде сол ақпаратқа байланысты құқықтары мен міндеттерін қоса ұсынады, ал ақпарат алушы ақпаратты пайдалануда құқық бұзушылық әрекет жасаса, келтірген зардабына қарай жауаптылыққа тартылады.
9. Айналымға түскен ақпаратты құқықтық реттеу қағидасы. Айналымға түскен ақпарат оған қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында заңмен қорғалады.
11. Ақпараттың таралым қағидасы. Мазмұнына өзгеріс енгізілмей бір ақпарат бірнеше рет айналымға ұсынылуы мүмкін және таралымына шектеу қойылмайды, егер ол туралы заңмен шектеу қойылмаса.
12. Ақпараттарды таратуды ұйымдастыру формасы қағидасы. Ақпараттарды таратуды ұйымдастырудың арнайы формасы көзделген, мысалы, құжат түрінде. Ақпарат арнайы құжат түрінде бекітіліп заңдастырылуы мүмкін.
Ақпараттық құқықтың субъектілері. Ақпараттық құқықтың жүйесі, ақпараттық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Мемлекеттік органдар, жергілікті ақтару органдары, заңды және физикалық тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес әрекеттері ақпараттық құқықтық нормалар арқылы реттелетін ақпараттық құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Ақпараттық құқық субъектілерінің аумағы өте кең. Ақпараттық құқықтың субъектілері болуы үшін субъектінің жеке басына тән қасиеттері болуы керек, олар: ақпараттық құқыққабілеттілік және ақпараттық әрекетқабілеттілік.
Ақпараттық құқыққабілеттілік мемлекет бекіткен және мемлекетпен қорғалатын құқықтық қатынастарға түсуге мүмкіндік берілген жалпықұқыққабілеттіліктің көрінісі. Бұл жағдайда субъектіге құқықтар беріліп, міндеттер жүктеледі, яғни құқыққабілеттілік құқықтық қатынгастарға түсудің алғы шарты болып табылады. Субъект заңмен бекиітілген құқығы көлемінде әрекет етіп, өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырады және әрекеті шегінде келтірген зардабы үшін құқықтық жауаптылыққа тартылады. Ақпараттық құқық нормаларына сәйкес құқықтар беріліп, міндеттер жүктелген кез-келген тұлға ақпараттық құқықтың субъектісі бола алады.
Бірақ осыған қарамастан ақпараттық құқықтың субъектісі болу үшін құқыққабілеттілік жеткіліксіз, онымен қоса субъектіде әрекет қабілеттілік те болуы керек. Субъектінің әрекет қабілеттілігі бұл-жеке өз әрекеті арқылы құқыққа ие болу, өзіне заңды міндет жүктеу, сонымен қатар жасаған әрекеті үшін жауап беру мүмкіндігінің болуы. Біздің жағдайымызда субъекті өзінің ақпараттық құқыққабілеттілігін нақты ақпараттық құқықтық қатынастар жасауға жұмсау мүмкіндігі.
Жария құқықтық ережелер бойынша ақпараттық аумақта ақпараттық құқықтық қатынастарға түсетін негізгі субъектілер жеке және заңды тұлғаларды ақпараттармен қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару және жергілікті атқару органдары. Мұндай жағдайлар мекемелер мен кәсіпорындарға да қатысты. Бірақ бұл жағдайда, ақпараттық әрекетқабілеттілік кәсіпорынның тікелей өзімен емес, оның атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық аумақтағы азаматтық құқыққабілеттілік бұл-мемлекеттің азаматтардың ақпараттық аумақтағы құқықтарын жүзеге асырып, міндеттерін орындауын тануы болып табылады. Бұл жерде негізгі құқықтық қатынастардың субъектілері- бір-бірімен ақпараттық аумақтарыда азаматтық-құқықтық қатынастрға түсетін заңды және физикалық тұлғалар, мемлекеттік басқару және жергілікті атқару органдары болып табылады. Ақпараттық аумаққа және онда әрекет ететін субъектілерге талдау жасау нәтижесі субъектілерді негізгі үш санатқа бөліп қарастыру қажеттілігін айқындады: