Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет36/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

2.1. Программалық енгізу-шығару.
Енгізу-шығару операцияларын жүзеге асырудың әртүрлі үш фундаментальды әдісі бар. Олар: енгізу-шығарудың үзілімімен басқарылатын программалық енгізу-шығару және DМА-ны қолданатын енгізу-шығару.
Енгізу-шығарудың қарапайым түрінде барлық жұмысты орталық процессор атқарады. Бұл әдіс программалық енгізу-шығару деп аталады.
2.2. Үзіліммен басқарылатын енгізу-шығару.
Үзілімдердің көмегімен, мысалы, принтер дайындық күйге өткен кезде, орталық процессор басқа бір жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Жолды басудың жүйелі шақырылуы орындалған кезде, буфер ядро кеңістігіне көшіріледі және жолдың алғашқы символы принтер дайындық битті койысымен-ақ принтерге көшіріледі. Бұдан кейін орталық процессор қандай да бір басқа процесті іске қосатын жоспарлаушыны шақырады. Жол басылмасын сұранған процесс, жолды басудың барлық кезеңінде тосқауылдап қалады.
2.3. DМА-ны қолдану арқылы енгізу-шығару.
Үзіліммен басқарылатын енгізу-шығарудың көрнекті кемшілігі - үзілім әрбір символды басу барысында болады. Үзілімдерді өндеу белгілі бір уақытты алады, сондықтан мұндай схема тиімді емес. Бул мәселені DМА-ны қолдану арқылы шешуге болады. Мұндағы басты идея – DМА контроллері орталық процессорды мазаламастан символдар бір-бірден принтерге береді. Мәні жағынан, бұл әдістің программалық енгізу-шығарудан айырмашылығы жок деуге болады, тек айырмашылығы барлық жұмысты орталық процессордың орнына DМА-ның контроллері орындайды. Егер DМА контроллері сыртқы кұрылғыдан енгізу немесе шығарудың толық жылдамдығын ұстана алмаса, немесе DМА-дан үзілім күту кезінде орталық процессордың басқа есептері болмаса, онда енгізу-шығарудың алдыңғы екі (программалық және үзіліммен басқарылатын) әдісін қолданған жөн.
Бақылау сұрақтары:
1. Блокты құрылғылар деп қандай құрылғылар аталады?
2. Символдық құрылғылардың блокты құрылғылардан айырмашылығы?
3. Енгізу-шығаруды программалық қамтамасыз етудің прициптері мен есептері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет