«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Деректемелері/Пререквизиттері



бет66/68
Дата15.09.2017
өлшемі11,18 Mb.
#32608
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

Деректемелері/Пререквизиттері:
Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет: Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998, Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999, Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002, Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993, Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші:

Курстың мақсаты:

  • Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру;

  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

  • Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау;

  • Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі;

  • Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

  • Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың пререквизиттері

Қазақстан тарихы



  • Саясаттану

  • Мемлекет және құқық тарихы

  • Экономикалық теория

  • Қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

  • Жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Курстың постреквизиттері:

Қоғамдық қатынастарды дамыту және жетілдірудегі мемлекет пен құқықтың рөлін дұрыс ұғыну және түсіндіру үшін, осы пән бойынша білім қажет.



Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.

  11. Оспанов «Құқық негіздері» Алматы «Жеті жарғы» 2007ж 2 басылымы

  12. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.

  13. Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.

  14. Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы». Қарағанды, «Болашақ- Баспа», 2005ж.

  15. Төлеубекова Б.Қ. «ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы». Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж.

  16. Алиев М.М «ҚР-ның сот жүйесі және құқық қорғау органдары». Астана, 2004ж.

  17. Айтжан Б.Е,Шіркінбаев Т.Б.Отбасы құқығы (Элементарлы курс). Алматы, Жеті Жарғы, 2006ж.

  18. Ынтымақов С.А., Карпушина Т.Д. Отбасы құқығы. Практикум

  19. Қаржаубаев Е.Қ. Қазақстан Республикасы сот билігінің құқықтық мәртебесі. Оқу құралы. Алматы, 2006ж.

  20. Ахметов А, Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. Алматы, 2006ж.

  21. Жұмағұлов Ғ.Б, Ахметов А,. Ахметов Ғ. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы». Оқу құралы, Алматы, 2005ж.

  22. Найманбаев С.М. «Банктік құқық». Алматы, Жеті жарғы,2005ж.

  23. Әлібеков С.Т. «ҚР-ның кеден құқығы». Оқулық. Алматы, 2007ж.

  24. Байділдинов Д.Л. «ҚР-ның экологиялық құқығы». Алматы, 2005ж.

  25. Қызылов М.А. Карпекин А.В «ҚР-ң әкімшілік құқығы» (схемалар). Алматы, 2000ж.

  26. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім). Практикум 1 бөлім. Алматы, 2004ж.

  27. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық.Ерекше бөлім 1 том. Алматы, 2004ж.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2

Дәріс беруші:

Курстың мақсаты: Саясаттың басты мақсаты – адам, қоғам және мемлекет арасындағы үйлесімділікті іздеу. Саясат – қоғам, мемлкет және әрбір азаматтың тіршілігінің негізгі.

Әсіресе саясаттың ролі мен маңызы қоғамның негізгі құндылықтары мен идеалдырының өзгеріске ұшыраған, өтпелі тарихи кезеңдерінде ерекше мәнге ие болады.

Саясаттану саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар ол кәсіпкер, жартылай кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Адамдарды жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Саяси идеялар мен нормаларды, әдет-ғұрыптарды, саяси ақпараттар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал жасайды. Қоғамның рухани және интеллектуалдық жағынан жаңарып, әлеуметтік және гуманитарлық құндылықтарын қайта қарап қалыптастыруда, саясаттану ғылымының өзектілігі даусыз. Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мағынасы болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың пререквизиттері және постреквизиттері: Қазақстан тарихы; Философия; Әлеуметтану



Курстың/пәннің мазмұны: Саясаттану пәні, объектісі, әдісі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орны. Саясаттанудың болашақ маман тұлғасын, азаматты қалыптастырудағы орны. Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, түрлері, мүмкіндіктері, шекаралары мен келешегі. Саясаттанудың субъектісі. Саяси элита мен көшбасшылық. Гуманитарлық мәні, демократиялық мазмұны мен саясаттың ізгілік сипаты. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халқыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Билік қатынас пен процесс ретінде: пайда болуы, мәні, шығу көздері, ресурстары. Саяси жүйе. Саяси режим мен оның типтері. Демократияның теориялары мен моделі. Сайлау жүйелері. Басқару мен мемлекеттік құрылыс формасы. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар. Мемлекеттің қарым-қатынас формалары және азаматтық қоғам, Қазақстанның партиялық жүйесі. Саяси мәдениет пен саяси идеология, Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы. Саясаттағы дағдарыстық және қақтығыстық жағдайлар, олардың алдын алу мен шешу жолдары. Әлемдік саясат пен қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік саяси процестің ерекшеліктері. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, Орталық Азия аймағындағы және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақты дамытуды қамтамасыз етудегі сыртқы саяси бастамалары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.


  1. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.

  2. Политология. Нысанбаев А.Н. – Алматы, 1998.

  3. Политология. Энциклопедический словарь. – Москва, 1993.

  4. Политология в схемах и комментариях: учебное пособие / под ред. А.С.Тургаева, А.Е.Хренова. - СПб: Питер, 2005.

  5. Политология: Курс лекций / М.Н.Марченко, О.Э.Лейст, Е.А.Воротилин и др.; Под ред. М.Н.Марченко. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ЗЕРЦАЛО, 2000.

  6. Политология: Словарь-справочник / М.А.Василик, М.С.Вершинин и др. - М.: Гардарики, 2000.

  7. Политология: Учебн. пособие / Сост. и отв. ред. А.А.Радугин. - 2-е изд., доп.. - М.: Центр, 2003.

  8. Политология: Учебник для вузов / Под ред. М.А.Василика. - М.: Гардарики, 2000.

  9. Пугачев В.П. Политология / В.П.Пугачев. - Филол. об-во "Слово": Эксмо, 2003.

  10. Политология. Курс лекции. Белов Г.А. – М.: ЧеРо, 1997.

  11. Политология. Учебник для вузов. Нысанбаев А. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

  12. Партиялар, партиялық жүйе тарихы және қазіргі кезең: Оқу құралы. Иманбекова Б.И.– Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. 24-бет

  13. Политические партии Казахстана. Алматы 2004.

  14. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі. Мұсатаев С.Ш. – Алматы, 2007.

  15. Казахстанская политическая энциклопедия / Центр политических исследований; КазГНУ имени Аль-Фараби, кафедра политологии – Алматы, Қазақстан даму институты, 1998.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі:

Кредит саны:

Дәріс беруші:

Курстың мақсаты:

Деректемелері/Пререквизиттері:
Курстың/пәннің мазмұны: Философия пәні және функциялары. Философия пәні және оның тарихи динамикасы. Философия пәні анықтамаларының алуантүрлiлігі және басты философиялық ойлар. Философия және дүниетану. Дүниетану ұғымы, оның құрылымы және негiзгi функциялары. Дүниетанудың тарихи түрлерi. Философиялық бiлiм құрылымы. Философиялық ойлаудағы ерекшелiк. Рефлексия және критицизм классикалық философияның iргелi сипаттамалары ретінде. Эвристикалық және философиялық ойлаудағы творчестволық сипат.

Философияның мәдени-тарихи алғышарттары. Тарихи өлшемдегi философия. Философия және аңыз: шығыстың ежелгi өркениеттерiнiң мәдениетiндегi философияның қалыптасуы. Ежелгi Қытай және Индия философиялық ойларындағы ерекшелік. Көне грек өркениетi және көне философиялық дәстүрдiң ерекшелiк сипаты. Орта ғасырлық еуропалық мәдениеттегi философияның мәртебесі және функциялары. Араб шығыстық орта ғасырлық философиясы. Ренессанс дәуiрiнiң философиясы. Философия және ғылым: жаңа европалық мәдениетiндегi философияның өз тағдырын өзi шешу мәселесі. Әлеуметтiк-тарихи және дүниетану философиялық бiлiм берудiң негізі ретінде. Еуропалық философиялық дәстүрдi дамытуындағы немiс классикалық философиясы және оның рөлi. XIX ғасырдың философиясы: рационализм. XIX ғасырдың философиясы: иррационализм. Қазақ мәдениетiндегi философия феноменi. Қазақ халықының ұлттық сезiмiнiң қалыптасуындағы философиялық идеялар және қазақ ойшылдарының ықпалы. XX ғасыр және XXI ғасыр философиясы. Қазiргi философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.

Iргелi ұғымдар және философияның қағидалары. Философиядағы әдiс мәселесi. Болмыс философиясы. Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелерi. Тәуелсiздiктің алғышарттары және оған жетудегі рухани негiздерi, ұлттық идеяның қалыптасу мәселелері. Қазақстандық ұлттық идеяның негiзгi аспектілері.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000

4. Философиялық сөздік. – А., 1996

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001

6. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999

7. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004

8. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001

9. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005

10. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998

11. С.Мырзалы. Философия . А., 2008

12. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері
Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Инженерлік сызба



Пәннің коды: ТК 1201

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: т.ғ.к., аға оқытушы: Батырбаев Е.А.



Курстың мақсаты:

«Инженерлік сызба - I» курсы жоғары оқу орындарының «Құрылыс» мамандығы бойынша оқитын бакалаврларына міндетті пән болып есептеледі және оқу жоспарларына базалық пән ретінде енгізіледі.

Студенттер өздерінің техникалық ойын сызбаның көмегіменбаяндау, сызбаларды оқу және кескінделген бұйымның қалай жұмыс жасайтынын түсіну іскерлігі мен дағдысын үйренуге бағышталған.

Жобалаудың қазіргі процессі – жазықтықтағы кеңістік фигураның кескінін проекциялық әдістеріне негізделді және сәулет-құрылыс практикасында қолданылатын геометриялық модельдеу, сондай-ақ геометриялық модельдерді көзбен шолып түсінумен байланысты міндеттер қатарына жатады.



Деректемелері/Пререквизиттері:

Пәннің пререквизиті: «Сызу», «Геометрия», «Математика»

Пәннің постреквизиті: «Сәулет конструкциялары», «Сәулет», «Инженерлік графика - II», «Геодезия», және таңдаулы бойынша курстар пәндер.

Курстың/пәннің мазмұны: Жобалаудың қазіргі процессі – жазықтықтағы кеңістік фигураның кескінін проекциялық әдістеріне негізделді және сәулет-құрылыс практикасында қолданылатын геометриялық модельдеу, сондай-ақ геометриялық модельдерді көзбен шолып түсінумен байланысты міндеттер қатарына жатады

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ж.М.Есмұханов, К.К.Қонақбаев. Сызба геометрия – Мектеп.

2. С.А.Ақпанбетов Сызба геометрия – Алматы, 2001 жыл.

3. В.Н.Виноградов Начертательная геометрия – Минск, 1977 год.

4. Х.А.Арустамов Сборник задач по начертательной геометрии – Москва, Машиностроение, 1978 год.

5. С.К.Боголюбов Индивидуальные задания по курсу черчения. Москва. Высшая школа.

6. Жапахова Д.У. Электронды оқулық. Дәріс курсы.

7. Т.Е.Абдықалықов Электронды оқулық. Бірінші бақылау жұмысын орындау методикалық нұсқау.



Сабақ беру әдістері: Берілген курс практикалық және зертханалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Математика І

Пәннің коды: Mat 1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 : 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші аға оқытушы: Абуова А.Ө.

Курстың мақсаты: Негізгі формулалар мен математикалық есептерді шешу әдістерін;мамандығы бойынша жұмыс атқару барысында кездесетін есептеулерде математикалық әдістерді қолдана білу; мамандығына сай арнаулы әдебиеттерде кездесетін математикалық аппаратты өз бетінше меңгере алуды;

- қажетті есептеу әдістерін, есептеу құралдарын (компьютерлер, анықтамалар мен кестелерді) біліктілікпен таңдап алып, қолдана білуді;

- қолданбалы есептерді шешуде ең тиімді әдістерді көре білуді үйрету.

Пәннің пререквизиттері: арифметика, алгебра, геометрия

Пәннің постреквизиттері: физика, теориялық механика, құрылыс материалдары мен конструкциялары, инженерлік геодезия

Курстың/пәннің мазмұны:

- Техникада тәуелділіктерді модельдеу әдісінің негізі ретінде функция ұғымын жете түсіну;

- техникада функциялардың динамикасын зерттеу үшін дифференциалдық және интегралдық әдістерді қолдана білу;

- мамандыққа сай есептерді шығару барысында қатарлар теориясының қолдану аймағын, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы ұғымдарын қолдана білу.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Әубәкір С.Б. Жоғары математика. Алматы, 2000. 1,2-бөлім.

  2. Минорский В.П. Сборник задач по высшей математике.М.: Наука, 1978.

  3. Данко П.Е., Попов А.Г. Высшая математика в упражнениях и задачах. Ч. 1 и 2, М.:ВШ, 1974.

  4. Пискунов Н.С. Дифференциальное и интегральное исчисления. М.: Наука, 1978.

  5. Шипачев В.С. Высшая математика. М.: ВШ, 1985.

  6. Қазешев А.Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. А.: Ғылым, 2005.

  7. Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы, 1991.

  8. Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистике. М.:ВШ, 1970.

  9. Жаңбырбаев Б.С. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері. А.: Мектеп, 1988.

  10. Жоғары математика пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған есептеу-графиктік тапсырмалар жинағы. Қызылорда, 1999.

  11. Айдос Е.Ж. Жоғары математика. Алматы: «Бастау», 2008. 1,2,3 бөлім.

  12. Рябушко А.П. Сборник индивидуальных заданий по высшей математике Ч. 1 и 2, Мн.: Выш.шк., 1990.


Сабақ беру әдістері: Берілген курс практикалық және зертханалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы

Математика ІІ

Пәннің коды: Mat 1202

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 : 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші аға оқытушы: Абуова А.Ө.

Курстың мақсаты:

Негізгі формулалар мен математикалық есептерді шешу әдістерін;мамандығы бойынша жұмыс атқару барысында кездесетін есептеулерде математикалық әдістерді қолдана білу; мамандығына сай арнаулы әдебиеттерде кездесетін математикалық аппаратты өз бетінше меңгере алуды;

- қажетті есептеу әдістерін, есептеу құралдарын (компьютерлер, анықтамалар мен кестелерді) біліктілікпен таңдап алып, қолдана білуді;

- қолданбалы есептерді шешуде ең тиімді әдістерді көре білуді үйрету.

Пәннің пререквизиттері: арифметика, алгебра, геометрия

Пәннің постреквизиттері: физика, теориялық механика, құрылыс материалдары мен конструкциялары, инженерлік геодезия

Курстың/пәннің мазмұны:

- Техникада тәуелділіктерді модельдеу әдісінің негізі ретінде функция ұғымын жете түсіну;

- техникада функциялардың динамикасын зерттеу үшін дифференциалдық және интегралдық әдістерді қолдана білу;

- мамандыққа сай есептерді шығару барысында қатарлар теориясының қолдану аймағын, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы ұғымдарын қолдана білу.



Каталог: Docs -> WEPsait -> oku
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
WEPsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет