Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар №15 дәріс Тақырыбы: акт-ның даму перспективалары Жоспары


Ақпараттық технология кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын стартап компанияларын қолдау. Акселерациялау және инкубациялау бағдарламалары



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі2,05 Mb.
#197107
1   2   3   4
Байланысты:
АКТ лекц-15 (копия)
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары 2022
2. Ақпараттық технология кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын стартап компанияларын қолдау. Акселерациялау және инкубациялау бағдарламалары
Негізгі міндеттері:
  • IT-кластер кәсіпорындарына арналған ақпараттық және коммуникациялық алаңын орналастыру алаңын құру;
  • сараптамалық қоғамдастықты дамыту;
  • кластерлік кәсіпорындардың инвесторлармен – инвестициялық компаниялармен, банктер, венчурлық қорлар, бизнес-ангелдер және т. б.-лармен өзара іс-қимыл тетіктерін өңдеу.

Кластер экожүйесін құру шеңберіндегі АТ-кластері тұжырымдамасында инновациялық компаниялар қызметінің АТ-бағытын дамыту маұсатында олардың технологиялық, ұйымдастырушылық және логистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, сервистік және технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру ұсынылған.
Мысалы, АТ-кластерінің резиденттері ретінде (резидентті емес) аккредиттелмеген сервистік компаниялар әр түрлі бизнес қызметтерін ұсынады. АТ-кластерін дамытуда акселерациялау процесі маңызды рөл атқарады.
Акселерациялау процесі – Стартапты дамыту уақытының шектеулі процесі. Стартаптың алғашқы кезеңінде акселерациялау үлкен нәтижеге әкеледі.
Акселератор венчурлық ұйым болып табылады (жоғары тәуекелдерге бару арқылы жұмыс істейді), яғни алғашқыда компанияларға ресурстарын компанияның акцияларына айырбастауарқылы инвестициялайды. Ресурстары ретінде: ақша, сарапшылар, байланыстар, инфрақұрылымдарды ұсынады. Мұндағы үлесінің салмағы акселератордың жұмысына тәуелді болады( 3-тен 15% - ға дейін).
Стартапқа қатысты тағы бір негізгі процесс – инкубация. Оның акселерациядан ерекшелігі: Стартапқа сараптамалық емес, инфрақұрылымдық қолдау көрсетіледі.
"Инновациялық Қазақстан 2020" мемлекеттік бағдарламасының стратегиясында Ақпараттық қоғамға толық көшіру мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған негізгі іс-шаралар:
  •  Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымының нормативтік құқықтық базасын құру.
  • Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру.
  • Жаңа ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдарды енгізу.
  • Еліміздегі халықтың барлыығының Интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттік ақпараттық ресурстарды басқару жүйесін құру.

3. Электрондық төлемдер мен логистикада қажетті инфрақұрылымды дамыту. E-технологиялардың даму перспективалары
Тауар нарығының логистикалық инфрақұрылымы осы салаға қызмет көрсететін бөлшек және көтерме кәсіпорындар мен ұйымдардың(сауда құрылымдарының), жиынтығын білдіреді.
Олардың қызметтері тауар өңдеушілерінің қалыпты жұмыс жасауына және тауар айналымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың барлық топтарына сауда қызметін көрсетуге жағдай жасау және қамтамасыз етуге қатысты іс-әрекеттерімен анықталады. Тауар нарығының логистикалық инфрақұрылымындағы субъектілер тауарларды қоймаларда және мұздатқыштарда сақтау, буып-түю, өнімді тасымалдау, жеткізу және өндірушілерден тұтынушыларға дейін жылжыту барысының ақпараттық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Сауданың заманауи логистикалық инфрақұрылымын дамыту объективті және субъективті сипаттағы көптеген себептермен кешеуілденеді (қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, несиелеудің қолайсыз жүйесі, сауда және көлік ұйымдарының жұмысында ұштасудың болмауы, қойма алаңының жетіспеушілігі, өңірлерде нақты стратегиялардың болмауы, бөлшек және көтерме сауда құрылымын қалыптастыру және т.б.).
2016 жылы Қазақстан азаматтарына электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы 40 млн.-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Салыстырмалы түрде атасақ, өткен барлық жылдарда көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 160 млн..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет