AҚпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру



Дата03.04.2020
өлшемі55 Kb.
#61512
Байланысты:
AҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

AҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. 
Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихы тәжірибелерді ой-елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі - ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділіктері бойынша толық білім сапасынан және оны практикада пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларда әр түрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені белгілі. Өйткені, олардың мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. 
Ұлы ғалымдар, педагогтар әл-Фараби, Я.А.Коменский , И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Ы.Алтынсарин оқытудың негізінде оқушылардың ой дербестігін арттыруға, оларды өздігінен білім алуға үйретуге ерекше көңіл аударған. 
Қазіргі заман талабының мақсаты ақпараттық технологияларды мектептің оқыту үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу болып табылады.Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен білім беретін мекемелердің дамуында оң өзгерістердің көбеюі олардың өмірмен байланысының нығаюы сияқты факторлардың ықпалы зерттеушілер мен әдіскерлердің танымдық белсенділікті дамыту теориясына деген ықыласын күшейте түсуде. 
Философиялық сөздікте: «Таным – іс-әрекетінің адам мақсаттары ұмытылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Таным, көбінесе, рухани өндірістің (ғылыми, эстетикалық, этикалық, діни-парасаттық қызметтің және т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді – деген анықтама берілген. 
Оқытудағы белсенділік – мұғалімнен оқытудың солай қойылуын талап етеді, қайсысы оқушыларда ынталықты, тұрақтылықты, терең білім алуына мүмкіндік жасауды көздейді. Сонымен бірге оқушыларда іскерлікті, дағдыны, ойлауды, бақылағышты есі мен сөзін және шығармашылықты қалыптастыру. 
Танымдық белсенділік – психологиялық белсенділіктің жоғарғы түрі. 
Қазақстандық педагог-ғалымдар Ж.А.Қараев оқушылардың танымдық әрекетін арттыру жолдарын компьютерді қолдану арқылы; Т.С.Сабыров оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолданудың негізін қарастырса ; Н.А.Дарханов жаңа тұрпаттағы мектептердегі оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің моделін жасап, оның белгілері мен деңгейлерін анықтаған.С.Қалиев оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың сабақта және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру жолын айқындап береді. 
Ақпарат ұғымы (латын тілінен “іпformation” – түсіндіру, мазмұндау)- бұл мәлімет халықтың ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістермен (шартты белгілер көмегімен, техникалық құралдар және т.б.):”қоршаған орта әлемі туралы түсінік беру, ондағы үрдістің өтуі, адамның оны қабылдауы немесе арнайы құруы”. 
Ақпарат адам әрекетіндегі барлық жағдайды қамтиды. Академик Ю.А.Ершов атап көрсеткендей, жақында, бірінші жоспарға енетін жас ұрпақтың ақпарат ғасырына сәттілікпен өтті. Ол: ”ХІХ ғасырдағы елеулі оқиға болып, адамның салыстырмалылықтың мәнін түсініп салыстырмалы теориямен келісе отырып, адамзат үш өлшемдік кеңістік әлемде емес төрт- өлшемдік кеңістік уақыты әлемінде өмір кешуде ХХ ғасыр ақпараттың тағы бір өлшемін анықтады “ - деп атап көрсетті. 
Қазіргі заманның ақпараттық технологиясын оқушыға игерту - бүгінгі басты міндет болып тұр. Мектепті ақпараттандырамыз десек, мына міндеттерді шешіп алуымыз керек: 
1. Мектепте қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және өмірге енгізу; 
2. Мектептерді білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету; 
3. Дарынды балалардың қабілетін дамытып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына педагогикалық- әлеуметтік қолдау көрсету; 
4.Оқыту және тестілеу бағдарламаларының жаңа үлгілерін жасақтау; 
Инновация (латын тілінен аударғанда) - жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процесстерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан, оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады. 
Жаңа педагогикалық технологияны енгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1 кезең – оқып, үйрену, 2 кезең – меңгеру, 3 кезең - өмірге ендіру, 4 кезең – дамыту. Инновацияның, жаңа енгізулердің екі жағы бар: пәндік және процессуалдық. 
Инновациялық үрдістерді ендіру үш өзара байланысты күшпен анықталады: 
1) Енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; 2)Жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; 3) Жаңалықты енгізу жолдарымен. Сондықтан бұл уақыт ағымына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады. 
Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтауға болады: 
1) педагогикалық технологияларға қызығушылығы, сезіммен қабылдауы; 
2) ақпараттық технологияларды пайдалануда танымдық дербестігі, шығармашылық іс-әрекеті; 
3) инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалана білуі. 
Жалпы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болуы тиіс, себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға бағдарлануы, алдына қойған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай білуі көбінесе олардың дайындығына байланысты болады. Қорытындылай келгенде төмендегідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді: 
- қазіргі кезде қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы оқушыларға берілетін білімнің сапасы жоғары деңгейде болуды талап етеді; 
- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы қоғам талабына сай рухани дүниесі бай, ой-өрісі кең, жан-жақты дамыған, білімі-біліктіліктің тірегі болатын, жауапты да, жігерлі маман даярлауымызға болады;- оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру, семинар және практикалық сабақтарды проблемалық сипатта жүргізу, қажетті әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді; 
- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында ақпараттық технологияларды бағдарлама мазмұнына енгізу оқу үрдісінің тиімділігін арттырады. 
Әрине,оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың мәселелерін толық қарастыру мүмкін емес.Сондықтан біз осы тақырыпты ары қарай дамытуда мынадай ұсыныстар айтамыз: 
1) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде пән сабақтарында оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыру. 
2) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың әдістемесі. 
ҚМУ. Хабаршы N 30, 2010ж 
2. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту сипаты мен ерекшелігі. Алматы, Хабаршы N 20, 2010ж 
3.Аюбаева Т Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде. // Қазақстан мектебі 2008 № 9 65 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет