Апатты жағдайлар медицинасы принциптері


Апатты жағдайлар кезінде алатын зақымдар



бет2/6
Дата05.04.2024
өлшемі2,89 Mb.
#200548
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері».-Медициналық-апат-пәнінің-мақсаты.

Апатты жағдайлар кезінде алатын зақымдар:

Апатты жағдайлар медицинасын ұйымдастыру келесі заңдармен бекітілген

  • 1994 жылы 27 қыркүйекте ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек қызметі құрылды.
  • 1997 жылы ҚР ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы жағдай» бекітілді. Бұл жағдай денсаулық сақтау министрлігінің 1997 жылы шұғыл медициналық көмек қызметін апат медицинасы қызметіне өзгертуін талап етті. Бұл қызмет төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің функционалды бөлігі болып табылады. 1996 жылы ҚР Министрлер Кабинетімен «Азаматтық қорғаныс медициналық қызметі» және «ҚР Төтенше жағдайы» туралы жағдайы бекітілген. Бұл төтенше жағдайлар мемлекеттік жүйесінің арнайы ұйымы болып табылады.

Апат кезіндегі медициналық қызмет

  • Шұғыл жағдайлар кезіндегі халыққа медико- санитарлы көмекті дәл уақытында қамтамасыз ететін өзіндік күші, формалары, құралдары және жұмыс әдістері, өзіндік басшылығы бар денсаулық сақтаудын бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады.

ҚР Апат медицинасы қызметінің негізгі міндеттері:

  • 1. Тұтас мемлекеттік саясат көлемінде болуы мүмкін апаттардың алдын алуды, табуды және медико-санитарлық салдарын жоюды жүргізу.
  • 2. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою бойынша жұмысқа басқару орындарын, мекемелер мен жеке құрамды жоғары деңгейде ұйымдастыру, дайындалу.
  • 3. Қалыпты өмірге тез оралу мақсатында мүгедектік пен өлім санын азайту үшін зақымдалғандарға уақытында медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және емдеу, денсаулықтарын қалыпқа келтіру.
  • 4. Апаттың халыққа психоневрологиялық және эмициалдық әсерінің алдын алу мен төмен деңгейге бағытталған емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу.
  • 5. Апат ауданында халықтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жаппай жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.
  • 6. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою кезінде жеке құрамының денсаулығын сақтау. Құтқару бөлімдері қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету.
  • 7. Қаза тапқандарға сот-медициналық сараптау жүргізу.
  • АМО филиалдары базасында шұғыл әрекет ету бригадалары (ШӘЕБ) тәулік бойы кезекшілікті іске асырады. Олар төтенше жағдай туралы хабар түскеннен кейін 15 минут ішінде базадан шығады.
  • ШӘЕБ негізгі міндеті медициналық сұрыптау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, қажет жағдайда оларды көшіруге дайындау – денсаулық сақтау ұйымдарына еріп бару болып табылады.
  • ШӘЕБ жеке құрамы барлық шұғыл жағдай кезінде жедел медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістерін меңгерген дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер құрамынан жасақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет