Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishтапіа donovai. Ол бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түйінінде, тері астындағы ретикулоэндөтелиалды жасушаларда кездеседі.
Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.
Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиебөрілер) саналынады. Таратушылары болып ұсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа аркылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялык формаға айналады да көбейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бұзып жаңа жасушаларға өтіп өтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |