Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясыныњ



бет7/30
Дата07.02.2022
өлшемі302 Kb.
#88099
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Протозология
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Амеба отряды — Атоеbiпа
Адам денесінде амебаның бірнеше түрлері кездеседі, олардың ішінен маңыздысы — қантышқақ (дизентерия) амебасы (Еntamoeba histolytica) (1-сурет).

1-сурет. Дизентерия және ішек амебалары.
а) ірі вегетативтік формасы, б, в) ұсақ вегетативтік формасы: 1-эктоплазма, 2-эндоплазма, 3-жалған аяқтары, 4-ядро, 5-кариосома, 6-ас қорыту вакуоляларындағы эритроциттер; г) циста.
Дизентерия амебасы — Еntamoeba histolytica адамдардың зілді ауруы —амебиаз ауруының қоздырушысы болып табылады. Ол адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ол барлық жерлерде, әсіресе климаты ыстық болып келетін жерлерде, кездеседі.
Бұлар тек адам паразиті болып табылады. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы.
Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.
Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтар деп атайды.
Ішек қабырғасының ұлпасында көбеюші амебалар (ұлпалық формасы) ішек қуысына өтуі мүмкін. Олардың кұрылысы және көлемі ірі вегетативтік формаға ұқсас болады, бірақ олар эритроциттермен қоректене алмайды.
Емдеу немесе ағзаның қорғаныстық реакциясының күшеюі нәтижесінде ірі вегетативтік форма қайтадан ұсақ вегетативтік формаға өтіп цистаға айналады.
Кейбір адамдарда ұсақ вегетативтік форма еш уақытта да ірі вегетативтік формаға айналмайды. Ондай адамдарды циста тасымалдаушылар деп атайды. Олар өздері ауырмайды, бірақ басқа адамдар үшін өте қауіпті, себебі басқа адамдардың зақымдану кезінің бірі болып табылады. Циста тасымалдаушы 1 тәулікте 600 млн цисталарды боліп шығарады. Оларды дер кезінде тауып емдеу қажет.
Амебиаздың жұғуының жалғыз көзі болып адам саналады. Нәжіспен бөлініп шыққан цисталар топырақты, суларды ластайды, бау-бақшаларға жетіп жеміс-жидектерді ластайды. Ластанған жеміс жидектерді жумай жеген кезде амеба цистасы адамға жұғады. Олардың механикалық таратушылары болып шыбындар, тарақандар саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет