Қарабекова Жанат Шеркуловна Место работы



Дата17.06.2018
өлшемі489,04 Kb.
#42491

ФИО

Қарабекова Жанат Шеркуловна

Место работы

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г.Алматы

Должность

Учитель

Контактный телефон

8-701-894-78-15, 8-747-491-07-23

Е-mail

Karabekova.zhanat@mail.ru

Название статьи

«Lesson Study-мұғалім құзіреттілігінің қайнар көзі» ғылыми мақала

«Lesson Study-мұғалім құзіреттілігінің қайнар көзі» зерттеу жұмысы

АННОТАЦИЯ



Өзектілігі:Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: 

« Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.  Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!» деп мемлекет дамуының 2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясында жариялады. Қазақстан Республикасын Мәңгілік елге айналдырушы күш бүгінгі мектеп партасындағы шәкірттер. Жаһандық бәсекеде лайықты заманауи біліммен, дағдымен қаруланған және елін, жерін,халқын қастерлейтін,шынайы, адал,іскер, креативті жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар біздер мен сіздерге жүктеліп отыр.Бұл міндетті абыроймен жүзеге асыру үшін ұстаздың кәсіби, әдістемелік, пәндік құзіреттілігі аса маңызды. Ұстаз құзіреттілігін щыңдайтын бірден-бір тиімді әдіс-Lesson Study әдісі.«Lesson Study-мұғалім құзіреттілігінің қайнар көзі» тақырыбындағы ғылыми зерттеуімде Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары жүргізген Lesson Study топтамасы негізіндегі зерттеу сабақтары мен стратегияларын ұсынып отырмын.Бұл зерттеуім Lesson Study әдісін тек теориялық тұрғыдан түсініп, практика жүзінде қолдануға жүрексініп жүрген 1-2 деңгей ұстаздарына таптырмас құрал болады деп есептеймін. Жұмыстың өзектілігі 7 орыс сыныбында пәндік-тілдік кіріктірілген стратегияларды тиімді қолдана отырып,оқушының сыни ойлауын дамытудағы нәтижелерін бақылау, талдау, салыстыру. Мұғалімдердің алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін республика мұғалімдеріне тарату болып отыр.

Мақсаты: Сындарлы оқыту әдістемесін күнделікті сабақтарда тиімді қолданып, оқушылар бойындағы қызығушылық пен тың серпінді оятып, жұмыс істеп жүрген ұстаздар тәжірибесін насихаттау. Lesson study үдерісінің тиімділігі мен қағидаларын сабақтарда дұрыс қолдануға бағыт-бағдар беру. Креативтілік пен ғылыми дәлдікті қолдана отырып,Lesson study топтамасын дұрыс жоспарлай білу тәжірибесімен бөлісу.7 орыс сыныбында сабақ беретін ұстаздарға қазақ тіліндегі айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын қандай стратегиялар арқылы дамытуға болатыны туралы практикалық ұсыныстар беру.

Әдісі: «Lesson study» топтамасындағы 7 М сыныбында Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі пәндерінен өткізілген зерттеу сабақтарындапәндік-тілдік кіріктірілген әдістемеге сәйкес тапсырмалар алынды.Олар: «Рафт» стратегиясы, «Қар кесегі», «Миға шабуыл» стратегиялары, «PESTLE» талдау стратегиясы, «кілт сөздер бойынша» мәтіндер құрастыру, тарихи қайраткердің қызметіне баға беру, «карта бойынша мемлекеттердің орнын белгіле» тапсырмалары, «маңыздыны анықта» мәтінмен жұмыс тапсырмалары, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес практикалық тапсырмалар, дифференционалды тапсырмалар көптеп берілді.Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, сабақ орыс сыныптарында қазақ тілінде жүргізілетіні ескеріліп, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер оңтайландырылды. Сабақтар сындарлы оқыту әдістемесі бойынша жеті модуль стратегиялары мен критериалды оқыту стратегиялары негізінде жүргізілді.

Нәтиже: «Lesson study» топтамасында өткізілген үш зерттеу сабағының нәтижесінде «зерттеуші топ» ұстаздары 7 орыс сыныбына араналған тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін жасады. Зерттеуге алынған 7 М сыныбындағы Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі пәнденінен өткізілген сабақтарда таңдап алынған тиімді әдіс-тәсілдер өз нәтижесін берді. Сынып оқушыларының сабақтарға қызығушылығы артып, көзқарасы өзгерді.Зерттеуге алынған үш оқушының даму маршруты жасалып, пәндік-тілдік дағдыларды меңгерудегі прогресі анықталды. Осы зерттеудегі ең тиімді нәтиже «С» оқушы- Гуршадова Адина алғашқы зерттеу сабағында мұғалім тарапынан бағыттауды қажет ететін тапсырмаларды ғана орындай алса, үшінші зерттеу сабағында «ақиқат, жалған» мәтінмен жұмыс тапсырмасында сөздікті пайдаланып, өз бетінше тарихи оқиғаларды талдады.

Қорытындылар:Жапон елінен бастау алып, әлем елдері өткен ғасырдың аяқ кезінде өз білім жүйелеріне асқан белсенділікпен енгізген «Lesson study» оқыту топтамасы Қазақстанда да кең түрде практикаға енгізілуде. «Lesson study-мұғалім құзіреттілігінің қайнар көзі» тақырыбындағы ғылыми зерттеу осы әдісті тиімді қолдану туралы берілген зерттеулердің бірегейі болады деп есептеймін.Себебі бұл зерттеудің ерекшелігі материалдардың тек теориялық баяндалмай, іс-тәжірибеде сыналған тәжірибе түрінде берілуі деп есептеймін. Заңғар жазушы М.Әуезов өткен ғасырда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, ұрпақтарының қай ғасырда да өркениет көшінен қалыспай, адами бәсекеде алда тұру қажетігін ескерткен. Олай болса, ұстаздар қауымы, қазақстандық білім кемесінде өркениетке жетелейтін тағы бір зерттеу алдарыңызға жол тартты.

«Lesson Study-мұғалім құзіреттілігінің көзі» ғылыми зерттеу мақаласы

«Ең оңайы - еліктеу,

Ең  ащысы - тәжірибе, 



Ең  мәртебелісі – ойлау»

Конфуций
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында:

 «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте  оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.Кәсіби құзіреттілігі жоғары шебер ұстаз күнделікті сабақтарын оқушының қажеттілігі мен дағдысын дамытуға сай ұйымдастырады және сабақта бағыттаушы ролін ала отырып, оқушылардың ақпаратты өз бетінше табу, өңдеу, қолдану, бағалау дағдыларын дамытуға бағытталғантапсырмалар береді. Кейбір тәжірибелер көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда көптеген ұстаздар сабақтағы үдерістерге оқушыларды қызықтырудың тиімді стратегияларын тартуда қиналады. Ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ең үздік әдістерінің бірі Lesson Study топтарында ынтымақтасып жұмыс істеу. Бұл әдістің тиімділігі ұстаздар сабақтарды зерттеуден жинақталған тәжірибе барысында оқу процесін оқушының қажеттілігіне сай жоспарлайды және оның түйінді сипаты- креативтілік пен ғылыми дәлдік болып табылады. Алматы қаласыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015 жылдың 15 қазанында ынтымақтасып жұмыс жүргізу мақсатында қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география пәні мұғалімдерінен Lesson study тобы құрылды. Топ құрамына тәжірибелі ұстаздармен қатар жас ұстаздар кірді. Олар:қазақ тілі пәні мұғалімдері Абдул Рахманұлы Абдулкәрім, Мукашова Жұлдыз Козыкановна, география пәні мұғалімдері Карсултанова Айтжан Жумагазиновна, Жанузакова Перизат Ильясовна, тарих пәні мұғалімдері
Қарабекова Жанат Шеркуловна және Абдул РахманұлыАбдулкәрім

Қарабекова Жанат Шеркуловна,Капарова Кибаш Уаповна. Ұстаздар арасында "Lesson Study- мұғалім құзіреттілігінің көзі" тақырыбында коучинг сессия өткіздім.Коучинг сессия барысындағы кері байланыста ұстаздар 7M сыныбында Lesson Study үдеріcін жүргізіп, ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту қажеттігін жеткізді. Тәжірибелі модератор ұстаз Карсултанова Айтжан Жумагазиновна 7 сынып оқушыларының сабақтарда сыни ойлауын дамыту мақсатында пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды жүзеге асыратын стратегияларды қолдану қажеттігі туралы ұсынысын жеткізді. 7 М сыныбы оқушыларынан сауалнама, тест сұрақтары алынды. Сыныптың ата-аналарынан да сауалнама және балаларын фотосуреттер мен видеоға түсіру туралы рұқсат қағаз алынды. Сынып кураторының пікірі тыңдалды.Оқушыларға арналған бақылау сынақтары мен алғашқы сауалнама нәтижесінде төмендегідей қортынды жарияланды:

1.Оқушылар топтық , жұптық, жеке жұмыстар жүргізуге дағдыланған.

2.Барлық оқушылар сұрақты дұрыс қоя біледі.

3.Оқушыларда сөздікпен жұмыс істеу дағдылары дамыған.

4.Оқылым-тыңдалым дағдылары жақсы дамыған, алайда айтылым-жазылым дағдылары жетілдіруді қажет етеді

5.Жекелеген оқушылар қысқа сұрақтар қояды және сөздік қорларының жеткілікті еместігі байқалды.

6.Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін талдау, , сәйкестендіру, құру, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіруге арналған тапсырмалар дайындау керек.



Зерттеуші топ мүшелері барлық ұсыныс, ой-пікірлерді терең талдап "Оқушылардың сабақта сыни ойлау дағдыларын стратегияларды тиімді қолдана отырып жетілдіру " тақырыбындағы Lesson Study топтамасын жоспарладық. Жоспар мектеп әкімшілігі тарапынан келісіліп, бекітілді.Сауалнама мен бақылау жұмыстары нәтижесінде «зерттелетін оқушылар» деп төмендегі оқушылар алынды:
«Зерттеуші топ» мүшелері

«А» оқушы- Монабеков Әбдірахман ұқыпты, тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды, тың пікір айтады, тыңдалым тапсырмасымен тиянақты жұмыс істейді.

«В» оқушы- Хон Анастасия жауапкершілігі мол, талпынады, қазақ тілінде толық түсінбегендіктен, қосымша нұсқаулықты қажет етеді.

«С» оқушы- Гуршадова Адина мұғалім тарапынан бағыттауды қажет етеді.

Бірінші зерттеу сабағын жоспарлау кезінде Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Қапарова Кибаш Уаповна сәйкестендіру, құру, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіруге арналған тапсырмалар «Рафт», «Қар кесегі», «Миға шабуыл» стратегияларды қолдана отырып, оқушылардың кілт сөздер бойынша мәтіндер құрастыру, тарихи қайраткердің қызметіне баға беру, карта бойынша мемлекеттердің орнын белгілеу дағдыларын дамытуға басымдық бердік. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмысты өте сәтті орындады. Осы сабақта байқалған бір жағдай оқушылар уақытты тиімді пайдалана алмайды.

«А» оқушы – Монабеков Әбдірахман топта көшбасшы ролін иеленді, жуан сұрақтар құрастыра отырып, белсенділік танытты.

«В» оқушы- Хон Анастасия сөздікті пайдаланып мәтін құрастырды, постер қорғады, алайда сәйкестендіруге арналған тапсырманы толық орындай алмады.

«С» оқушы Гуршадова Адина топтық жұмыс кезінде оқушылармен жалпы жұмыс істеді. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Сабақтан кейінгі оқушылар рефлексиясын тыңдап және осы сабақта жіберілген кемшіліктерді болдырмау үшін екінші сабақ қазақ тілі пәнінен(Мукашова Жұлдыз Козыкановна), үшінші сабақты география пәнінен жоспарладық. Екінші сабақта оқушылар арасында белсенді диалог орнату үшін, «Джигсо» әдісі қолданылды.Сабақта сыни тұрғыдан ойлауды (деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, талдаулар) жетілдіретін тапсырмаларды бірігіп дайындадық.Пәндік-тілдік кіріктірілген тапсырмалар( құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіруге арналған тапсырмалар ) оқушылардың қызығушылығын тудырды. Үшінші сабақ өте сәтті өтті. Оқушылар айтылым-жазылым дағдыларына арналған сәйкестендір, «Ақиқат, жалған», суреттегіні жазбаша сипатта, т.б тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Алдыңғы сабақтарда кеткен кемшіліктерді реттеп, сәйкестендіруге арналған тапсырмаларды, «миға шабуыл» стратегиясындағы сұрақтардың сапасын бақыладық. Зерттеуші оқушылардағы прогресті ұстаздар даму маршрутына түсірді.

Сабақта Әбдірахман топтық жұмыстарда көшбасшылық жасап, тапсырманы тез түсініп, тез орындайтынын байқадық.

Анастасия сөздікті тиімді қолданып, мазмұнды мәтін құрастырып, талдау жасап берді, топтық жұмыс бойынша жасаған постерді сәтті қорғап шықты. Адина сөздікті пайдаланып, сұрақтар құрастырды, суреттерді сипаттап берді. Зерттеу сабақтары аяқталғасын зерттеуші топ мүшелерімен өткізілген Lesson study топтамасын қортындылап, қортынды шешім шығардық:

Қортынды: 7 М сынып оқушыларына пәндік-тілдік кіріктірілген стратегияларды қолдана отырып, сыни ойлау дағдыларын дамытуға болады.

Ол үшін төмендегідей ұсыныс дайындалды:

1.Оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізу

2.Сабақтарда оқушыларға дифференциалды тапсырмалар беру

3.Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту

4.Оқуды орташа меңгеретін оқушылар «жақын арадағы даму аймағының» көмегіне сүйенуін бағыттау

5. Сабақтарда оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін талдау, сәйкестендіру, құру, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіруге арналған тапсырмалар беру.

6.Оқушылардың жеке даму маршрутын жоспарлап, жүзеге асыру.

7.Оқушы жетістігінің портфолиосын жасақтау.

8. Оқушы жетістігі туралы мәліметті үнемі ата-аналарға хабарлау.

Lesson Study барысында кездескен қиыншылықтар:

1.Зерттелетін сынып орыс сыныбы болғандықтан тапсырмалар дайындауда қазақша дұрыс түсінбейтін оқушылардың мүмкіншілігін ескеріп, тапсырмаларды онтайландыру қажет болды.

2.Уақыт тиімді пайдаланылмады.

3. Зерттеу тобы мүшелерінің сабақ кестесіндегі сәйкессіздік.

Lesson Study барысының сәтті тұстары:

1.Ұстаздар ынтымақтасып, тиімді жұмыс жүргізді.

2.Тәжірибелі ұстаздар жас ұстаздардың сабағын дайындауда тың пікірлер ұсынып, тәлімгерлік жасауға келісті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050

1.Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Оқу жоспары Қазақстан тарихы

7 сыныпНегізгі мектепНаурыз 2015 ж.



2.Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін (CLIL) қолдану туралы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық.

3.Lesson Study: нұсқаулықПит Дадли


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет