Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет1/3
Дата29.01.2018
өлшемі5,26 Mb.
#35838
  1   2   3
Қарағанды қаласының әкімдігі

Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы



№439 сессиясының шешімімен бекітілген


ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды қаласы, 2010ж.

Мазмұны



  1. Бағдарлама төлқұжаты

  2. Ағымдағы жағдайды талдау

  3. Қала дамуының келешегі

  4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері және қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары

  5. Бағдарламаны жүзеге асыру сатылары

  6. Қажетті ресурстар

  7. Бағдарламаны басқару



  1. Бағдарлама төлқұжаты




Бағдарлама атауы

Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны құрудың негіздемесі

«Қазақстан Респубикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы

Аймақтың негізгі мінездемесі

Қала аумағының ауданы – 497,8 ш.км. Әкімшіліктік-аумақтық бөлініс екі ауданмен сипатталады. Халық саны – 471,8 мың адам. Қала аумағында облыс халқының 34,9% тұрады.

Бағыттар

  • Қаланың экономикалық саласын дамыту

  • Әлеуметтік саланы дамыту

  • Инфрақұрылымдық кешенді дамыту

  • Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту

  • Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту

Бағдарлама мақсаттары

Қаланың экономикалық саласын дамыту:

  • Жедел диверсификациялау жолымен Қарағанды қаласының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету

  • Инвестицияларды тарту және қала экономикасының инновациялық құраушысын дамыту

  • Бизнес-ортаны жақсарту, сауда және кәсіпкерлікті дамыту


Әлеуметтік саланы дамыту:

  • Білім алудың сапасы мен оған деген қол жетімділікті қамтамасыз ету, балалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

  • Қала азаматтарының денсаулықтарын күшейту саясатын жүргізу арқылы адамдық капиталдың сапасын арттыру

  • Бұқаралық спорт, дене шынықтыру, денсаулықты жақсарту қозғалысын және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту

  • Ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, Қазақстандағы халықтардың бірігу факторы ретіндегі толеранттік тілдік ортаны қалыптастыру

  • Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі

  • Қала көшелеріндегі және т.б. қоғамдық жерлердегі құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту

  • Қылмыстың өзімен және оның ұйымдастырылған формаларымен күрес, заңсыз есірткі айналымына және нашақорлыққа қарсы тұру, азаматтардың заңдық мүдделері, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау

  • Қарағанды қаласының Мұрағаттық саласының дамыту


Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:

  • Жол-көліктік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту

  • Қаланың энергетикалық кешенінің тұрақты дамуы

  • Халықты тиісті сапасы бар коммуналдық жағдаймен қамтамасыз ету


Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту

  • Тұрғын-үй құрылысын дамыту

  • Мемлекеттік және халықаралық нормативтер мен стандарттардың талаптарынан ауытқуға жол бермеу мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларда жұмыс істейтін субъектілердің қызметіне мониторинг пен бақылау жүргізу

  • Қаладағы сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік саясатты жүргізудегі ұйымдастыру, бақылау және бағдарлау функциясын жүзеге асыру

  • Оралмандар мен босқындарға қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

  • Қала құрылысы жобаларын іске асырудың тиімді механизмін құру

  • Қаланың абаттану деңгейі мен экологиялық жағдайын жақсарту

  • Жер ресурстары туралы пайдаланушыларға берілетін ақпараттың толық және дұрыс болуын қамтамасыз ету

  • Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету


Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту

  • Қалалық мәслихат аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру

  • Мәслихат аппараты қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен кәсіптілігінің арттыру

  • Қала әкімінің аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру

  • Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару функцияларын іске асырудың тиімділігін арттыру

  • Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

  • Бюджетті орындаудың сапасын арттыру

  • Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін сатылап енгізу

Бағдарлама міндеттері

Қаланың экономикалық саласын дамыту:

  • Қаланың индустриалдық дамуы

  • Қала экономикасының аграрлық секторын дамыту

  • Қала экономикасының инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру

  • Қала экономикасының инвестициялық құраушысын дамыту

  • Бизнес-ортаны жақсарту мен кәсіпкерлікті дамыту

  • Ішкі сауда тиімділігін арттыру


Әлеуметтік саланы дамыту:

  • Мектепалды ұйымдар желісін үлкейту мен мектепалды білім берудің сапасын жақсарту

  • Мектептегі білім беру сапасын жақсарту

  • Электронды оқыту жүйесін енгізуге жағдай жасау

  • Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігі мен мұғалім мамандығының беделін көтеру

  • Дамуында қабілеті шектеулі балаларға білім алу жеңілдігін қамтамасыз ету

  • Панасыздық, қадағалаусыздық және әлеуметтік жетімдікті болдырмау, сонымен қатар жетім балалар мен ата-аналар қарауынсыз қалған балалардың жанұялы болуына ықпал ету

  • Азаматтардың денсаулығын жақсарту арқылы қала гендік қорын жақсарту

  • Денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру жүйесін жақсарту, медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру

  • Дәрі-дәрмектердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру

  • Салауатты өмір салтын дамыту

  • Бұқаралық спорт, дене шынықтыру және денсаулықты жақсартатын қозғалыстарды дамыту

  • Тіл нормаларын іске асыру, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік әрекетін ұлғайту, сонымен қатар полисинтетикалық тілдерді іске асыру үшін жағдай жасау мен ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізу

  • Мәдениет саласының даңқын арттыру

  • Тұрақты жұмысбастылықты қамтамасыз ету

  • Гендерлік теңдікті нығайту

  • Әлеуметтік серіктестік шеңберінде қала өнеркәсіптеріндегі ұжымдық-келісімдік қатынастарды дамыту

  • Халықтың аз қамсыздандырылған қабаттарына әлеуметтік көмектің атаулы түрде берілуін және тиімділігін арттыру

  • Мүгедектер мен ардагерлердің ҮЕҰ тұрақты дамуына ықпал ету, сонымен қатар олардың әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуын күшейту

  • Мүгедектер қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыру

  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу

  • Қоғамдық тәртіпті күшейту және азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын, денсаулық, өмір сүру қауіпсіздігін қажетті деңгейінде ұстау; қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі алдын алу шараларының көбейту

  • Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру, нашақорлық пен есірткі бизнесімен күресу

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының бүтіндей сақталуын қамтамасыз ету және құрамы мен мазмұнын байыту


Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:

  • Қарағанды қаласының жүк және жолаушы тасымалының жылдамдығын тездететін жол-көліктік жүйені дамыту

  • Электроэнергетиканы дамыту

  • Коммуналдық жүйелерді жаңарту және дамыту

  • Тұрғын үй қорының тиісті пайдаланылуын қамтамасыз ету

  • Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығының тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету



Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту:

  • Үй-жайға қолжетімділікіті қамтамасыз ету

  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында қызмет ететін ұйымдар қызметінің лицензияландырылуын бақылау

  • Өндірістік және өндірістік емес мақсатта салынатын объектілердің сапасын арттыру

  • Халықтың қолайлы өмір сүруі мақсатында қала аумағын дамыту

  • Қала құрылысы жобаларын жасау және бекіту

  • Өмір сүру орнын таңдаудың бостандығы жайында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтарын жүзеге асыру

  • Қала аумағында тиімді түрде құрылыс салу және дамыту

  • Мемлекеттік қалақұрылыстық кадастрын қалыптастыру

  • Қала көшелерінің тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету

  • Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау

  • Жер телімдері мен қалалық жер қоры жайындағы мәліметтер жинағын қалыптастыру, сонымен қатар мөлшерлік есепті жақсарту

  • Техногендік апаттар мен табиғи апаттардан болатын шығындарды мейлінше азайту мен қауіптерді төмендету бойынша жағдай қалыптастыру


Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту:

  • Қазіргі қолданыстағы заңдар базасына қала мәслихаты депутаттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету

  • Қалалық мәслихат қарауына шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер жобаларының құрылу сапасын арттыру

  • Қалалық мәслихат депутаттарына құқықтық білім беру

  • Мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау

  • Мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру

  • Электрондық құжат айналымы жүйесін тиісті деңгейде пайдалана білу

  • Қала әкімі аппаратының қызметкерлер құрамын сапасына қарай түгендеу

  • Электрондық түрде көрсетілетін ақпараттық қызметтердің ұлғаюы

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру

  • Ақпараттық жүйелерді құрастыру мен дамыту

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен дамыту

  • Бюджетке түсетін қаражаттар мен оның атқарылуы тиімділігін арттыру

  • Электрондық мемлекеттік сатып алулар тиімділігін арттыру

  • Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлауды енгізу

Бағдарламаны жүзеге асыру сатылары

  • 1 саты – аралық (3 жыл) – 2011-2013жж. – алдыңғы қатардағы әрі дағдарысқа қарсы бағытталған шараларды іске асыру, қаланы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау

  • 2 саты – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015жж. – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған шараларды іске асыру және қаланың кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз қалыптастыру

Мақсаттық индикаторлар

Қаланың экономикалық саласын дамыту:

  • 2011-2015жж. тұтынушылық бағалар индексі жылына 8%-дық көрсеткіштен аспайды

  • 2015ж. қарай өндірістегі еңбек өнімділігі 47,9 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 48,8 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай тау-кен өнеркәсібі өнімін өндіру көлемі 73,5 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай көмір өндіру көлемі 3500 мың тоннаға дейін өсуі

  • Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру өнімі көлемінің орта есеппен алғанда өткен жылға қарағанда іс жүзінде 14,7 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай өңдеуші сала өндірісінің көлемі 40 %-ға дейін өсуі

  • Өңдеуші өнеркәсіп өндірісі көлемінің орта есеппен алғанда өткен жылға қарағанда іс жүзінде 8 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату көлемінің 56,6 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай жыл сайынғы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2009ж. деңгейге қарағанда 2,7 %-ға дейін өсуі

  • 2011-2015жж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімдер өндірісінің өсуі жылына 1,8 %-ды құрайтын болады

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, қаланың жүйе құрушы кәсіпорындарының сатып алуларындағы Қазақстанда жасалынған өнімдердің бар болуы қатынасын – тауарларда 60 %-ға дейін, жұмыстар мен қызмет көрсетулерде 90 %-ға дейін көтерілуі

  • 2015ж. қарай тау-кен өндірісі саласындағы еңбек өнімділігінің 71,6 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай өңдеуші өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігінің 39,5 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату саласындағы еңбек өнімділігінің 55,7 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. қарай қала кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар көлемінің іс жүзіндегі жыл сайынғы өсуі 3,1%-ды құрайтын болады

  • 2015ж. қарай инновациялар саласындағы кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 10 %-ды құрайтын болады

  • 2015ж. қарай кіші және орта бизнес өнімдерінің шығарылу көлемі 20 %-ға дейін өсуі

  • 2014ж. бизнесті тіркеу және жүргізумен байланысты операциялық шығындар (лицензияға рұқсат, сертификат, консультация алу), уақыт пен ақшалай шығындардың да 30 %-ға дейін төмендеуі


Әлеуметтік саланы дамыту:

  • 2015ж. қарай 100 %-ға** дейін балалардың мектепалды тәрбиемен және білім алумен қамтылуына жағдай жасау

  • 2015ж. қарай 12 жылдық білім беру бағдарламасымен жұмыс істейтін мектептер санын 100 %-ға*** дейін жеткізу

  • 2015ж. қарай орта білім беретін мекемелерде электрондық оқыту жүйесін қолдануды 53,8 %-ға*** дейін жеткізу

  • 2015ж. қарай барлық педагогтардың ішіндегі жоғарғы немесе бірінші санаты бар мұғалімдер санын 49 %-ға*** дейін жеткізу

  • 2015ж. қарай барлық білім беру мекемелерінің ішіндегі инклюзивтік білім беруге жол ашқан мекемелер санын 19,8 %-ға*** дейін жеткізу

  • 2015ж. қарай халық өмір сүруінің орта ұзақтығы 70 жыл

  • 1000 адамға жалпы өлім-жітім, 2015 жылы – 1000 адамға жалпы өлім-жітім 7,7 адам

  • 2015 жылға қарай АМСК шеңберінде медициналық қызметтің 30% жалпы тәжірибелі дәрігерлер ұсынатын болады

  • 2015 жылға қарай АМККМ шеңберінде дәрілер мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудің 80% дейін тиімді жүйесін енгізу

  • 2015 ж. жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын барлық жас аралығындағы адамдары қамту - 20 %

  • 2015 ж. БЖӨСМ-де, спорттық және аулалық клубтарда, жалпы білім беретін мекемелердегі спорт үйірмелерінде жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдердің саны 35 % (22500 адам)

  • 2015ж қалалық деңгейде өткізілетін шаралардың саны – 245-ке дейін

  • 2015ж. қарай жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатындардың санынан (72637 адам) дәрежесі бар спортышлардың санын 10 %-ға дейін көбейту

  • 2015ж. қарай мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдардың үлесі – 68 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай орыс тілін меңгерген ересек адамдардың үлесі – 98 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай ағылшын тілін меңгерген ересек адамдардың үлесі – 6 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасымен тұтынушылардың қанағаттану деңгейі – 48 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай жұмыссыздық деңгейі – 7,6 %-ға дейін

  • 2015 жылы жұмысқа тұрғызуға өтініш білдірген тұлғалардың жалпы санының ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі - 95% дейін

  • 2015 жылы жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастағы этникалық оралмандар үлесі– 70 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай атаулы әлеуметтік көмек алатындар арасындағы еңбекке жарамды адамдар үлесі – 29,8 %-ға дейін

  • 2015 жылға қарай әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдардың жалпы санынан арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың үлесі – 100% дейін

  • 2015ж. қарай мүгедектер мен ардагерлердің көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі – 95 %-ға дейін

  • Ішкі істер органдарына халықтың сенім артуының болжамды деңгейі, 2015 жылға қарай 50% төмен емес деңгейде

  • 2015ж. қарай жалпы қылмыстардың (10 мың адамға шаққанда) болжамдық деңгейі 75-тен жоғары емес

  • Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың сауалнамаларына оң жауап қайтару пайызы 2015ж. 80 %-ға дейін құрайды


Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:

  • 2015ж. қарай қалалық маңызды бар автокөліктік жолдардың 31 %-ға дейінгілері жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

  • 2015ж. қарай жүк айналымының өсуі 15 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай жолаушылар айналымының өсуі 5 %-ға дейін

  • 2015ж. апаттар саны 10 %-ға дейін төмендейді

  • 2015ж. қарай жылумен қамту желілерінің істен шығу деңгейінің 50 %-ға дейін төмендеуі

  • 2015ж. қарай ЖЭО-1, ЖЭО-3 қуаттылығының есебінен өндірілетін электр қуатының жиынтық деңгейін 37,5 %-ға дейін көтеру

  • 2015ж. қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік деңгейін 85 %-ға дейін көтеру

  • 2015ж. қарай тұтынушылардың көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі 51,5 % кем емес

  • 2015ж. қарай электр қуатымен қамту желілерінің істен шығу деңгейін 45 %-ға дейін төмендету


Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту:

  • Жыл сайынғы тұрғын үй құрылысының көлемін орта есеппен алғанда 1,7 %-ға дейін өсіру

  • 2015ж. құрылысы аяқталған, пайдаланылуға берілген объектілердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ережелерге сәйкес болуын 100 %-ға дейін өсіру

  • Өтініш беру мөлшеріне қарай халықты жер телімдері мен жер қатынастарының субъектілері жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді 100 %-ға дейін жеткізу

  • Қаланың жасыл аймағын 100 %-ға дейін сақтау

  • Оралмандар мен босқындарды жаңа орындарында жайластыру бойынша көмек көрсетуді 100 %-ға дейін жеткізу

  • 2015ж. қарай Қарағанды қаласы аумағындағы қала құрылысын дамыту сызбаларын жасауды 100 %-ға дейін жеткізу

  • 2015ж. базалық деңгейдегі қала құрылысы кадастрын жасау және жүргізу – 20 %

  • 2015ж. қарай рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастаудың көлемін 2010ж. деңгейге қарағанда 88 %-ға дейінгі деңгейге жеткізу

  • Ғылыми-зерттеу аймақтық даму институтымен ұсынылатын өсімдіктік отырғызу нормасына, яғни өсімдіктерді отырғызу ауданын 1 адамға 15,8 ш.м. дейін үлкейту

  • 2015ж. қарай жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау көрсеткішін өсіруді 27 %-ға дейін жеткізу

  • 12,4 мың га дейін аумақтағы Қарағанды қаласының жер телімдері мен қалалық жер қоры жайындағы мәліметтер жинағын қалыптастыру, сонымен қатар мөлшерлік есептің жақсаруы

  • Халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақталу деңгейін 60 %-ға дейін көтеру

  • Техногендік және табиғи апаттар кезіндегі эвакуациялық көшуді талап ететін халықтың жалпы бөлігінен көшірілген адамдар бөлігін 100 %-ға дейін көтеру

  • Алдын алу шараларын өткізудің сапасын 95 %-ға дейін көтеру


Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту:

  • Аппарат көрсететін қызметтер сапасымен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай мәслихат қолданатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы заңдармен сәйкестігін қамтамасыз етуді 100 %-ға дейін жеткізу

  • Қалалық мәслихатты ұйымдастырушылық және басқа да қамтамасыз ету жайындағы жүргізілетін шаралардың сапасы әрі тиімділігімен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай қала әкімі аппараты көрсететін қызметтер сапасымен жеке және заңды тұлғалардың қанағаттану деңгейі – 90 %-ға дейін жеткізу

  • Жыл сайынғы кадрлар тұрақсыздығын 10 %-ға дейін төмендету

  • 2015ж. стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуді 100 %-ға дейін жеткізу

  • 2015ж. қарай аппараттар көрсететін қызметтер сапасымен әкімнің қанағаттану деңгейі 90 % дейін жеткізу

  • Электрондық түрде көрсетілетін қызметтер санының өсуі 37 %-ға дейін көтеріледі

  • 2015ж. қарай электрондық үлгіде көрсетілетін әлеуметтік маңыздылығы бар мемлекеттік қызметтер бөлігі 50 %-ға дейін жетеді

  • 2015ж. қарай халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 40 %-ға дейін жетеді

  • 2015ж. қарай мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің жалпы санынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қолданылатын арнайы бағдарламалық сүйемелдеулермен жұмыс істей білетіндер қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ға дейінгі бөлігін қамтитын болады

  • 2015ж. қарай жергілікті өзін-өзі басқару дамуының үдерісіне қаланың аумақтық-әкімшіліктік бірліктерінің қатысуын 100 %-ға дейін өсуі

  • Жыл сайынғы бюджеттік бағдарламаларды игеруді 100 %-ға дейін жеткізу

  • 2011ж. нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық және методологиялық базасын 100 %-ға дейін енгізу

  • 2011жылы нәтижеге бағытталған жоспарлау жүйесіне 100 %-ға дейін сатылап көшу

Қаржыландырудың көздері мен көлемі*

Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, заемдік қаражат.

Қаржыландыру көлемі:



2011 жыл – 69 391,1 млн. теңге:

Республикалық бюджет – 4021,5 млн.теңге;

Облыстық бюджет – 742,5 млн.теңге;

Жергілікті бюджет – 6986,3 млн.теңге;

Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 48640,8 млн.теңге.
2012 жыл – 74 310,9 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2047,7 млн.теңге;

Облыстық бюджет – 858,7 млн.теңге;

Жергілікті бюджет – 4658,0 млн.теңге;

Инвесторлар қаражаттары мен қарыздық қаражаттар – 59176,0 млн.теңге;

Мемлекеттік-жеке серіктестік қаражаттары – 7570,5 млн.теңге.
2013 жыл – 83 340,5 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2642,6 млн.теңге;

Облыстық бюджет – 850,7 млн.теңге;

Жергілікті бюджет – 4895,5 млн.теңге;

Инвесторлардың жеке қаражат мен заемдік қаражат – 74951,7 млн.теңге.
2014 жыл – 82 918,4 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2144,1 млн.теңге;

Облыстық бюджет – 909,7 млн.теңге;

Жергілікті бюджет – 5353,7 млн.теңге;

Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 74510,9 млн.теңге.
2015 жыл – 83 082,6 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2039,6 млн.теңге;

Облыстық бюджет – 790,0 млн.теңге;

Жергілікті бюджет – 5513,8 млн.теңге;

Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 74739,1 млн.теңге.
Барлығы: 384 043,5 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 12895,5 млн.теңге;

Облыстық бюджет – 4151,6 млн.теңге;

Жергілікті бюджет – 27407,3 млн.теңге;

Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 332018,6 млн.теңге;

Мемлекеттік- жеке меншік әріптестігінің қаражаты – 7570,5 млн.теңге.

* - Қаржыландыру көздері мен көлемі 2011-2015жылдарға арналған бюджетте ескерілген қаражаттардың шеңберінде нақтыланып, өзгеруі мүмкін.

** - Балаларды мектепалды тәрбие және білім берумен қамтамасыз етудің «Балапан» 2010-2014жалдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында.

*** - Қазақстан Республикасындағы 2011-2020жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде.



2. Ағымдағы жағдайды талдау

2.1 Қала қалпының позитивті және негативті жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып құрылған.

Қарағанды қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 222 км. Қала аумағы 497,8 шаршы шақырымды құрайды. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы.

Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады. Қарағанды қаласының бедерлі аумағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына енеді және Кенгіз-Балқаш су бөлу кеңістігі шегінде болып табылады. Жалпы алғанда, телім бедері ұсақ шоқылармен күрделенген толқынды жазықтық болып келеді. Солтүстігінде төмен ұсақ шоқылар кездеседі.

Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровка су қоймасы, Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлмен және төрт Көгілдір көлдермен берілген. Қала климаты ыстық құрғақ жаз және қатал ұзақ қыспен сипатталады. Қарағанды қаласының экономикасы индустриалдық салаға мамандандырылған және өңдеуші, тау-кен өндіруші, өнеркәсіп және электр энергиясын тарату салалары басым салалар болып табылады.

2010 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала халқының саны 471,8 мың тұрғынды құраған. Қала аумағында облыс халқының 34,9% өмір сүріп жатыр. 2009 жылдың нәтижесі бойынша Қарағанды қаласының көші-қон сальдосы 3255 адамды құраса, Қарағанды облысы бойынша көші-қон сальдосы 2457 адамды құраған. Қалаға көші-қон ағымының негізін Қарағанды облысының басқа аймақтарынан көшіп келетіндер құрайды. Қала облыс халқының ақшалай табыстарының деңгейі бойынша бірінші орында бола отырып, облыстағы адамдық капиталды тартудың орталығы болып қала береді.

Жетекші өндірістік кәсіпорындар «Қарағанды-Жылу» ЖШС, «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды маргарин зауыты» ААҚ, «Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Эфес Қарағанды сырақайнатушы зауыты» ШК ЖАҚ, «Қарағанды конфеттері» ААҚ, «Қарағанды-СУ» ЖШС, «Имсталькон» ААҚ филиалы металдық конструкциялар зауыты болып табылады. Қалада 12882, оның ішінде 9207 жұмыс істейтін шаруашылық субъектілер тіркелген. Кәсіпкерлік саласында 53,3 мың адам жұмыспен қамтылған. 2010 жылғы қаңтарындағы өнеркәсіптік өнімдер көлемі 9,2 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен «Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Қарағанды бидай қоры» ЖАҚ, «Ақнар» ЖШС, «Мади» ЖШС, «Номад» ЖШС, «Бериев» КШ айналысады.

Қаладағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру мен жақсартудың негізгі бағыттары: Қарағанды қаласының қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаға экологиялық ауыртпашылықты төмендету, қаланың экологиялық инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Қарағанды қаласындағы білім беру саласының жағдайы оң өзгерістерімен сипатталады: ұйымдар желілері кеңеюде, білім беру бойынша қызмет көрсету сапасы жақсаруда, мектептер, балабақшалар, мектептен тыс ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуы нығайып келе жатыр.

Қарағандыда халықтың табиғи өсімінің оң жылдамдығымен, қала тұрғындарының материалдық жағдайларының жақсаруымен байланысты қолайлы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасуда. Осыған орай азаматтардың білім беру бойынша ұсынылатын қызмет сапасының мейлінше жоғары болуын қажет етулері қалада қызмет ететін білім беру жүйесінің мүмкіндіктерінен асып түсуде.

Қарағанды қаласының білім беру саласының дамуын тежейтін және қолда бар әлеуетті толықтай пайдалануға жол бермейтін бірқатар мәселелер туады.

Білім беру саласындағы мәселелер 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепалды білім алумен төмен дәрежеде қамтылуымен, мектепалды білім беруде педагогикалық кадрлардың аздығымен, білім беру ғимараттарының айтарлықтай тозуы, білім беру мекемелерінің шектен тыс тығыздығымен, білім беру объектілерінің тисіті жабдықталу деңгейінің төмендігімен сипатталады.

Денсаулық сақтау жүйесі 102 мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдармен сипатталады.

Жұмыссыздық деңгейі 2009 жыл нәтижелері бойынша 7,8% құрады. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіліп, атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Соңғы бес жыл ішіндегі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзгеруі оң сипатта болып есептеледі. Алайда 2008-2009жж. дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда кейбір экономикалық көрсеткіштердің төмендегені байқалған.



2.2 Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Экономикалық даму

Өнеркәсіп

Қарағанды қаласының өнеркәсібі тау-кен, өңдеуші салаларымен және электр қуатымен қамтамасыз ету, газ, бу тарату мен ауамен салқындату салаларымен кеңінен танылған. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға: «Батыс шахтасы» ЖШС, «Агат» АҚ, «Батыр» ЖШС, «Лад-Көмір» ЖШС, «Евразиан фудс» АҚ, «Қарағанды конфеттері» АҚ, «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС, «Ақнар» Фирмасы ЖШС, «Эфес Қарағанды сырақайнатушы зауыты» ШК АҚ, «Қарағанды электротехникалық жабдықтау зауыты» АҚ, «МашЗауыты №1» ЖШС, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС, «Қарағанды аймақтық энергетикалық компаниясы» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Теплотранзит» ЖШС, «AlemGaz» ЖШС және т.б. жатады.

Қарағанды Қазақстан Республикасының өнеркәсіп саласы мейлінше дамыған аймақтарының бірі бола отырып, дайын өнім, көмір өндіру, қара металл, катодтық мыс, электр қуатын өндіру бойынша жетекші орындарды алып отыр.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында аймақтың өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 62,1 млрд. теңгеден 114,3 млрд. теңгеге дейін немесе 84,2%-ға өсті. Бес жыл ішінде берілген саладағы қызметкерлердің саны 6 мың 296 адамға немесе 20,2%-ға төмендеді. Сонымен қатар қарастырылған уақыт аралығында қызметкерлердің еңбекақы қорының 11 057,7 млн. теңгеден 16 283,9 млн. теңгеге, немесе 2005 жылға қарай 147,3%-ға дейін өсуі байқалады. Еңбек өнімділігі бір жұмысбастыға алғанда 4598 теңгеге немесе 2,3 есе көтерілгені көрініп тұр.

Қызметкерлер санының азаюына әсер етуші фактор болып кәсіпорындарда жүргізіліп жатқан өндірісті жаңарту мен автоматтандыру табылады.

Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге

62 080,6

77 606,4

85 111,8

123 217,9

114 328,1

Еңбекақы қоры, млн. теңге

11 057,7

12 898,7

14 489,7

18 638,9

16 283,9

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

31 161

30 552

28 055

29 046

24 865

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1992,3

2540,1

3033,7

4242,2

4598

Сонымен қатар дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 7,2%-ға төмендеуі, қызметкерлердің тізімдік санының 14,4%-ға, және сәйкесінше, еңбекақы қорының 12,6%-ға төмендеуі орын алған.



Аталған төмендеу үдерісі алдымен қаланың тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің төмендеуімен (2008ж. деңгейіне 49%), яғни көмір өндіру көлемінің 30,2%-ға және металл кенін табудың 0,8%-ға төмендеуімен тікелей байланыстырылады.
2005-2009 жылдардағы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өзгеру динамикасы


Бес жыл ішінде аймақтың экономикасына 279 млрд. 831,2 млн. теңге сомасында инвестиция тартылған. 2009 жылы инвестициялар көлемі 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 199,8%-ды құраған.

2009 жылдың ішінде 213 жұмыс орны бар 8 жаңа өндіріс енгізілді:

– «Tiffany marble» ЖШС – құйма тастан сантехникалық және өңделетін материалдарды жасау цехі (23 жұмыс орны);

– «Азия Метиз СҮ» ЖШС – болат сымын өндіру цехі (35 жұмыс орны);

– «Технопарк UniScienTech» ЖШС – құйма өндірісін дайындаудың сандық технологиялар кешені (5 жұмыс орны);

– «Авто-Б.А.Н.» ЖШС – пенополистирол өндірісі (30 жұмыс орны);

– «Қарағанды №1 ет комбинаты» ЖШС – ет және шұжық өнімдерін өндіру цехі (50 жұмыс орны);

– «Стройпластмасс» АҚ – полиэтилендік қабық өндірісі (9 жұмыс орны);

– «Қазақстандық метрология институты» - 11 жұмыс орны бар сынау газдық қоспалар өндірісі;

– «TREI – Караганда» - жаңа 50 жұмыс орнын аша отырып, контроллер өндірісі;

2011-2015жж. аралығында Қарағандыда жалпы сомасы 222743,3 млн. теңгені құрайтын 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Оның ішінде экономика салалары бойынша:


    • металлургия өнеркәсібінде – 5 жоба;

    • тамақ өнеркәсібінде – 5 жоба;

    • химия өнеркәсібінде – 2 жоба;

    • фармацевтика өнеркәсібінде – 3 жоба;

    • машина құрылысы саласында – 4 жоба;

    • құрылыстық индустрия саласында – 3 жоба;

    • электроэнергетика саласында – 2 жоба;

    • жеңіл өнеркәсіпте – 1 жоба.


Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру.

Аталған сала негізінде «Гефест» көмір өндірісі қауымдастығының құрамына кіретін кәсіпорындардан тұрады. Саланың негізгі кәсіпорындары: «Транскөмір» ЖШС, «Батыс шахтасы» ЖШС, «Нефрит 2030» ЖШС, «Агат» АҚ, «Батыр» ЖШС, «Лад-Көмір», тас көмірді шығарумен айналысатын «Каруглересурс» ЖШС, «Дорстройматериалы» ЖШС, қиыршық тас пен құм карьерлерін игерумен айналысатын «Караганданеруд» АҚ.

Аймақтың жер астында қара, түсті, сирек кездесетін металдар мен басқа да қыруар пайдалы қазбалар бар. Тас көмір, кокс көмірі, кремний, асбест, барит, қара және түсті металдар мен т.б, бұл жерде қара және түсті металургия мен онымен байланысты химия өнеркәсібі және машина жасау салаларының дамуына жол ашады.

Жер асты қойнауын пайдаланудың Орталық Қазақстан Аймақаралық басқармасының мәліметтері бойынша Қарағанды қаласы бойынша Октябрь ауданының аумағында құрылыстық материалдарды өндіруге қажетті құм, балшық және ұсақ тастар бар.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3342,8 млн. теңгеден 9036,9 млн. теңгеге, немесе 2,7 есеге үлкейген.

Алайда, тау-кен өнеркәсібінде жұмыспен қамтылған адамдардың саны 6 мың 296 адамға немесе 68,4 пайыздық тармаққа төмендеген еді. Осыған байланысты тау-кен өнеркәсібі жұмыскерлерінің еңбекақы қорының 4138,3 млн. теңгеден 2699,3 млн. теңгеге дейін, яғни 34,8%-ға дейін төмендеуі көрініс тауып отыр. Сонымен қатар еңбек өнімділігінің 8,5 есеге артқаны да белгіленді.

2009 жылы тау-кен кәсіпорындары 9036,9 млн. теңгеге өнім шығарып, 2008 жыл деңгейіне қарағанда - 52,4 төмендеген.

Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі, млн. теңге

3 342,8

6 687,1

10 908,1

19 001,5

9 036,9

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібі саласының үлестік салмағы, %

5,4

8,6

12,8

15,4

7,9

Еңбекақы қоры, млн.теңге

4 138, 3

4 335,6

3 775, 1

5 510,4

2 699, 3

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

10 101

8 914

5 949

6 798

3 192

Еңбек өнімділігі, мың теңге

330,9

750,2

1 845,7

2 795,2

2 831,1

Қарағанды қаласындағы өнеркәсіп өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібі саласының алатын үлес салмағы 2009 жылы 7,9% (2007ж. – 12,8%) тең болған. Тау-кен өнеркәсібі жалпы көлемінің 93%-нан көбісі көмір мен лигнитті шығаруға және шымтезек игеруге жұмсалады. Көлемнің қалған бөлігі темір кенін, түсті металдар кенін шығару және тау-кен өнеркәсібінің басқа да салаларымен қамтылады.

Аталған саланың негізгі кәсіпорындары «Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТҰ көмір кәсіпорындары болып табылады.

«Гефест» қауымдастығы 2003 жылдың ақпан айында Қазақстан өнеркәсібінің көмір саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың мүдделерін бағдарлау мен қорғау мақсатында өз қызметін атқаратын коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған еді. Қауымдастықтың құрамына өнеркәсіптің әртүрлі салалары мен өрістерінде қызмет ететін 30-дан астам кәсіпорын кіреді. Алайда іс-әрекеттің маңызды және басты түрі ішкі және сыртқы нарықтағы көмір өнімдерін өндіру мен сату болып табылады. Қауымдастыққа кіретін кәсіпорындар компанияның дамуындағы жаңа, сапалы өзгерістерге жетуге, жеке аймақтық, сонымен қатар жалпы Қазақстанның да экономикасындағы өнеркәсіптік секторының алдағы дамуының алғышарттарын туғызуға жағдай жасайтын, өзара ұтымды, ұзақ мерзімді серіктестік пен ынтымақтастқтың бар болуы мақсатында құрылған.

Көмір өнімдерін қайта игерумен екі байыту фабрикасы айналысады: «Қарағандылық» ОБФ, өндірістік қуаттылығы жылына 3 млн. тонна, №38 байыту фабрикасы, өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн. тонна.

2009 жылдың нәтижелері бойынша берілген салада өндіріс көлеміндегі жалпы үлестік салмағы 65,8%-ға тең жеке кәсіпорындардың 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығындағы әрекеті талдаудан өткізілген еді. Осылайша 2008-2009жж. өткен дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан жоғарыда аталған кәсіпорындарда өндірістік көрсеткіштердің күрт төмендеуі белгіленіп отыр.

«Агат» АҚ (Киров шахтасы) 1939 жылы ашылған. Іс-әрекетінің негізгі түрі жер асты тәсілімен көмір шығару болып табылады. Өндірістік қуаттылығы – жылына 382 мың тонна. «Гефест» КӨКҚ құрамына 2007 жылдың шілде айынан бастап кірді. Көмір табу орташа тәуліктік жүктемесі 1000 тоннаға тең тазалағыш кенжармен іске асырылады. Тазалағыш жұмыстар 1КШЭ тазалағыш комбайны мен СПЦ-271 көшкін жетегі бар КМ-130 механикалық кешенімен жүргізіледі; тау-кен орындарын қазбалау 1 ГПКС қазба жүргізуші комбайндарымен жүзеге асырылады.

Қауымдастыққа мүше болған уақыт аралығында көмір шығару көлемінің 71,6%-ға артуын, қызметкерлер санының 25,7%-ға артуын және сәйкесінше еңбек өнімділігінің 36,5%-ға өсуін көруге болады.


«Агат» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері


КөРСЕТКІШ

2007

2008

2009

Көмір шығару көлемі, мың тонна

114,8

154,3

197

Еңбекақы қоры, мың теңге

20 389,9

31 083,3

36 389,5

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

447

502

562

Еңбек өнімділігі, тонна

256,8

307,4

350,5

Сонымен қатар 2011 жылы іске қосу жоспарланған «К10» төсемесі бойынша жаңа көшкінді монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 2011 жылы «К12- орта қабат» төсемесі бойынша көшкінді әске қосу арқылы көмір өндіру көлемін жылына 190 мың тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі бар. Инвестициялық кірісттің жалпы көлемі 600 млн. теңгені құрайды.

«Батыр» ЖШС – 1997 жылдан бастап іске қосылған. Іс-әрекетінің негізгі түрі – ашық және жер асты тәсілдермен көмір шығару болып табылады. Өндірістік қуаттылығы – жылына 240 мың тонна. «Гефест» КӨКҚ құрамына 2004 жылдың шілде айынан бастап кіреді. Жер асты көмір табуды 1 ГПКС комбайндарының көмегімен камералық тәсілмен төрт кенжармен жүзеге асырады. Ашық жұмыстарда біршөмішті экскаваторларды пайдаланумен игерілетін көліктік жүйесі қолданылады.

2009 жылы көмір табу көлемі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 46,2%-ды құрап, 2005 жылға қарағанда 122,2%-ды құраған. Жұмыс істейтіндер санының жыл сайын өсуін көруге болады – 2008 жылға қарағанда 100,3% және 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 154,8% өскен. Еңбек өнімділігі өткен жылға қарағанда 53,2%-ға, ал 2005 жылға қарағанда 21%-ға төмендеген.


«Батыр» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Көмір шығару көлемі, мың тонна

154,7

162,4

474,7

408,8

189

Еңбекақы қоры, мың теңге

8 021,8

10 150,4

17 375,5

29 966,7

24 703,9

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

192

211

250

296

297

Еңбек өнімділігі, тонна

805,7

769,7

1 898,8

1 381,1

636,4

2011 жылы «Батыр» ЖШС жерасты және ашық тәсілдермен көмір қорларын игеруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта тау-кен бұруының шеңберіндегі «К14» және «К18» қабаттарының, алғашында шығындарға жазылған, көмір қорларын 761,2 мың тонна көлемінде балансқа қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Берілген шараларға жоспарланған инвестициялық қаражаттар көлемі – 100 млн. теңге.

«Батыс шахтасы» ЖШС 2003 жылы құрылған. Іс-әрекетінің негізгі түрі – ашық және жер асты тәсілдермен көмір шығару болып табылады. Өндірістік қуаттылығы – жылына 200 мың тонна. Қолданысқа берілгеннен бастап Қауымдастық құрамына кіреді. Ашық жұмыстарда біршөмішті экскаваторларды пайдаланумен игерілетін көлік жүйесін қолданады. Көмірді жерастынан шығару 1КШ-Э тазалтқыш комбайны бар 2ОКП-70 механикалық кешен көмегімен жүзеге асырылады.

«Батыс шахтасы» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері




КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Көмір шығару көлемі, мың тонна

602,2

661,6

735

608,4

355,1

Еңбекақы қоры, мың теңге

14 472

16 746

25 614,2

26 398,9

28 830,8

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

432

446

572

463

483

Еңбек өнімділігі, тонна

1 394

1 483,4

1 285

1 314

735,2

Зерттелген бес жылдық кезең ішінде 2008 жылға дейін өндірістік көрсеткіштердің оң динамикасын байқауға болады. 2009 жылы көмір өндіру көлемінің 2005 жылға қарағанда 41%-ға және 2008 жылғы деңгейден 41,6%-ға төмендегені байқалады және де еңбек өнімділігінің 47,3%-ға және 44%-ға сәйкесінше 2005 жыл мен 2008 жыл деңгейіне қарағанда төмендеген. Сонымен қатар жұмыскерлердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 адамға, ал 2005 жылмен салыстырғанда 51 адамға артқан.

2010 жылдың сәуір айында көмірді жерасты тәсілмен өндіру тоқтатылған. Қазіргі уақытта көлбеу бағандарды жою бойынша, материалдық және адам ресурстарын уақытша Қауымдастықтың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар 2011 жылы «К12» төсемі бойынша шығыс қанаттағы II кезектің 210 мың тонна көмір қоры бар жаңа жер учаскесінде көмір өндіру бойынша ашық тау-кен жұмыстары жоспарланып отыр.


Өңдеуші өнеркәсіп

Аталған сектордың неғұрлым ірі салалары: тамақ өнеркәсібі (52,1%), металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарын өндіру (17,6%) және машина жасау (15%). Сонымен қатар химия өнеркәсібі (3,3%), резина мен пластмасс бұйымдарын өндіру (2,7%) және басқа да бейметалдық минералдық өнімдерді шығаруды (2,7%) айта кеткен жөн.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 37 млрд. 529,3 млн. теңгеден 63 млрд. 161 млн. теңгеге дейін, пайызбен есептегенде 168,3 көрсеткішіне дейін өскен.



КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі, млн. теңге

37 529,3

43 399,4

52 150,3

63 219,0

63 161

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсібі саласының үлестік салмағы, %

60,5

55,9

61,3

51,3

55,2

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

13 455

13 914

14 392

14 774

13 791

Еңбекақы қоры, мың теңге

4 380 237,1

5 474 957,3

7 099 925,1

8 738 845,9

8 581 424,8

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2 789,2

3 119,1

3 623,6

4 279,1

4 579,9



Тамақ өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібінде осы кезеңдегі басты міндеттердің бірі қарқынды импорт және азық-түліктік (ең алдымен арзан және орта баға сегментіндегі) қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қаладағы тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығаратын негізгі кәсіпорындарға: «Эфес Қарағанды» ШК АҚ, «Қарағанды конфеттері» АҚ, «Қарағанды Нан» ЖШС, «Евразиан фудс» АҚ және басқалары жатады. Аталған саладағы кәсіпорындардың көбісі әрі облыстық, әрі республикалық нарықтарға бағытталған. «Евразиан фудс» ЖШС-ң өнімдері Орта Азия нарығында көрсетілген.

«Евразиан фудс» АҚ Қазақстанның 1971 жылдан бастап маргарин мен май өнімдерінің түр-түрін шығаратын май өнімдері саласындағы алғашқы орындағы кәсіпорын болып табылады.

2009 жылы өндірілген өнімдер көлемі 2005 жыл көлемінен гөрі 246,4% артық; жұмыс істейтіндер саны – 4%-ға; еңбек өнімділігі – 136,8%-ға өсті.

«Евразиан фудс» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері




КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

3 031

3 491

4 268

7 095

7 467

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

497

506

500

505

517

Еңбек өнімділігі, мың теңге

6 098,6

6 899,2

8 536

14 049,5

14 442,9

1997 жылдан бастап кәсіпорынды қалпына келтіруге 15 миллион доллардан астам ақша қаражаттары салынған. Жаңа технологиялар енгізіліп, өндіріс көлемі артып, өнім сапасы жақсарып, еңбек өнімділігі көтерілді.

2006 жылы жаңа бағыттар ашылды, яғни: ҚР алғашқы «OHMI» неміс фирмасының майды қайта этерификациялау құрылғысы мен «Tetra-LavaT» майдың жағымсыз иісін кетіру құрылғысы. Ескі жабдықтау қазіргі уақытқа сай жоғарғы автоматтандырылған «Gerstenberg Schroder» әлемге танымал өндірушінің құрылғыларына ауыстырылды. Нәтижесінде өндірілетін маргарин ассортиментін кесекшеленген, сонымен қатар кондитерлік және нан пісіруші өнеркәсіпке қажетті маргарин түрлерімен байыту мүмкіндігі пайда болды.

Дәл осыған орай «Евразиан фудс» АҚ Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары арасындағы «Тағам өнімдерін өндірушілер» номинациясында «Жоғарғы сапа жетістігі үшін» жүлдесімен Үкімет тарапынан берілген сыйлыққа ие болған алғашқы кәсіпорындардың бірі болды.

«Евразиан фудс» АҚ-мен 2010 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының индустриализация Картасына енген, құны 357,0 млн. теңгеге тең «Абсорбциялық рафинаттау мен буып тию бағытындағы цехті ашу» жобасын жүзеге асыруын жоспарлайтынын айта кеткен жөн. 2011 жылы берілген жобаның өндірістік қуаттылығы: абсорбциялық рафинаттау бойынша – тәулігіне 250 тонна, буып-тию бағыты бойынша – 3-6 тонна сағатына дейін жетеді.

Қазақстанның кондитерлік бұйымдарды және шоколадты өндірудің аса ірі кәсіпорындарының бірі «Қарағанды конфеттері» АҚ өз қызметін 1956 жылдың қараша айында бастады.

2009 жылы «Қарағанды конфеттері» АҚ кондитерлік бұйымдар өндірісі 16,4%-ға төмендеді. Бұның алғашқы себептерінің бірі, Лондондық сауда биржасындағы какао-бұршақтарына бағалардың өсуі (мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда бағалар 2 есе көтеріліп, қазіргі уақыттағы бағасы 1 тонна үшін 4 мың АҚШ долларынан асады); бұрынғы жылмен салыстырғанда басқа да шикізатқа (қант, ұн, сүт, өсімдік майы) бағалардың өсуі байқалған. Сонымен қатар Кедендік Одақтың қызмет етуі Ресей мен Белоруссиядан жеткізілетін кондитерлік бұйымдар көлемінің өсуіне әкеліп, осылайша кондитерлік тағамдардың отандық нарығындағы қарағандылық өнімдер үлесін шегеріп тастады.
«Қарағанды конфеттері» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, мың тонна

8 456,2

8 949,5

8 316,1

6 907,5

7 071,9

Еңбекақы қоры, мың теңге

19 925,1

21 565,8

25 265,1

26 152,2

26 438,4

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

845

852

864

844

810

Еңбек өнімділігі, тонна

10 007,3

10 504,1

9 625,1

8 184,2

8 730,7

Фабриканың құрылымы 8 негізгі өндіріс цехтерімен және қосымша өндірістерімен сипатталады.

Өндірістік қуаттылығы жылына 30 мың тоннаға жуық кондитерлік бұйым.

Эксплуатацияға фабрика үшін жаңа болып табылатын нуга қосылған көпқабатты шоколадты батончиктер, жарылған күріштен жасалған бұйымдар, чипсы және т.б. кондитерлік бұйымдарды өндіретін жабдықтамалары бар жаңа цехтер іске қосылып, фабрика үшін дәстүрлі болып табылатын бұйымдар өндірісі қайтадан бой көтерген тәрізді.

Кәсіпорын жаңғыруын жалғастыруда, сонымен қатар негізгі қорларға 2015 жылға дейін шамамен 70 млн. теңгені инвестициялауды жоспарлап отыр: печенье өндіру бағытын қосу, араласқан ішкі қоспалары бар кәмпиттер шығару үшін Ван-Шотт маркасындағы пішін беруші машинасын іске қосу, пішіндік (мини-плиткалық) шоколадты өндіру бағытын қосу, кондитерлік бұйымдарды орайтын жабдықтамаларды жетілдіру.

Бұның бәрі 2015 жылға қарай кондитерлік бұйымдарды шығару көлемін 2 есе ұлғайтуға жағдай жасайды.

«Эфес Қарағанды сырақайнату зауыты» ШК АҚ, 1998 жылдан бастап іске қосылған. Қазақстан нарығында алғашқы орындардың бірін ала отырып, Түркияда, Шығыс Еуропада және ТМД мемлекттеріндегі сыра мен алкогольсіз сусындарды өндіру мен сату бойынша мамандандырылған 34 компаниядан тұратын, «Efes Beverage Group» сусындарын өндіретін, сонымен қатар солод пен құлмақ өндірісі бойынша мульти ұлттық топқа кіреді,.

Талданып отырған кезең ішіндегі өндірістік параметрлер өзгерісі оң сипатта болып табылады. 2009 жылы өндіріс көлемі 2005 жылғы деңгейге қарағанда 3,6 есе үлкен; еңбек өнімділігі 4,2 есе үлкен.


«Эфес Қарағанды сырақайнату зауыты» ШК АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

2 871,2

3 154

2 592,7

6 452

10 358,4

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

349

360

361

354

296

Еңбек өнімділігі, мың теңге

8 226,9

8 761,1

7 182

18 226

34 994,6

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет