Арайлы алтын күз



Дата30.01.2017
өлшемі139,32 Kb.

Арайлы алтын күз


Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жоспары:

1. «Кел, танысайық» (өздерін таныстыруы)


2. «Викторина» (сұрақ - жауап)
3. «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию)
4. «Сұр мерген»
5. «Бояулар сыры» (сурет салу)
6. Би өнері

Жүргізуші: - Уа халайық, халайық


Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

. Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,


Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.

Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,


Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.

Сайыс бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады.


1. «Кел, танысайық» (өздерін таныстыруы)
2. «Викторина» (сұрақ - жауап)
3. «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию)
4. «Сұр мерген»
5. «Бояулар сыры» (сурет салу)
6. Өнер сайысы.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру (әр кезеңдердің арасында музыкалық сәлемдеме жолдауға болады)


- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1. 1 – сынып Русаков Николай мен Тасым Альбина
2. 2- сынып Қажыбай Айдос пен Қайыр Манара
3. 3- сынып Қажыбай Аружан мен Махмет Аңсар
4. 4- сынып Шамен Ілияс пен Сабыржан Наргиз

  1. Бөлім «Кел танысайық»

Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, « Күз мерекем, күз берекем !» атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
Ән «Жылайды жапырақ» 3 сынып

2-бөлімінде Викторина (сұрақ - жауап)



  1. Ақша не үшін керек ?

  2. Дос не үшін керек ?

  3. Білім не үшін керек ?

  4. Денсаулық не үшін керек?

  5. Қай жануарлар қыста ұйықтайды ?(аю,кірпі)

  6. Қай жануар арқасымен алма тереді? (кірпі)

  7. Қай жануар жер астында тіршілік етеді? (көртышқан)

  8. Қай жануар үін өзімен бірге алып жүреді? (тасбақа)

  9. Кемпірқосақты қашан көруге болады? (жаңбырдан соң)

  10. Күннің ішінде не бар деп ойлайсың?(от, жылу)

  11. Ара біреуді шаққанан кейін несін жоғалтады? (инесін)

  12. Бұғы көктем сайын несін жоғалтады? (мүйізін)
    Би:

3- бөлім. «Сұр мерген»
Шарты: Жұптардың қолдары байланады. Байланған қолдарымен себетке алманы лақтырып түсіруі керек.
Ән:
3-бөлімінде « Қас - қағым сәт» «Жапырақ теру» ойыны арқылы . Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.


4 - кезең «Сиамдық егіздер»
Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.

Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін


Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Көрініс «Көкеністер әні.»
Пияз: Асханадан шықпаймын,
Атым - пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,


Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ,
Күнге қарап ұялып!

Қос картоп: Картоп-біздің атымыз,


Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!

Сәбіз: Өсіретін бойыңды,


Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!
4 - кезең «Бояулар сыры»
Шарты: Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс - жидектердің суретін салуы керек.( алма, алмұрт, қарбыз, лимон, т. б.)

5-бөлімінде

Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,


Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын


Би: Ханзада мен ханшалардың биі.

Хор «Құстар әні»

Қорытынды. Марапаттау.


«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,


Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күзгі бал - 2014» сайысын аяқтаймыз.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөз.

Сабақтың мақсаты: сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін, сөздерден құралатынын ұғындыру.

Пәндік нәтиже: жеке сөздерден байланыстырып сөйлем құрастыра білу; сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу; сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.

Тұлғалық нәтиже: ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу; бір-бірімен қатынас жасауда түсінікті сөйлеуге дағдыландыру.

Жүйелі-әрекеттік нәтиже: жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру; өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де. (өзін көрсетеді)

Қуанасын сен де,. (жанындағы досын көрсетеді)

Қуанайық достарым.(бір-бірінің ұолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге!(қолдарын жоғары көтереді)

Тілек айту. Туған күн иесі Мансурға өздерінің жылы лебіздерін білдіру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1-3 балаға үй жұмысын оқыту.



ІІІ. Қызығушылығын ояту. (сөзжұмбақ шешу)

- Зат немесе құбылысты суреттеп,сипаттайтын мәтін? (сипаттау)

- Мәтін бірнеше ...... құралады? (бөлімнен)

- Оқиға, құбылыстың себебін дәлелдейтін мәтін? (пайымдау)

- Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін (әңгімелеу)

- Сөйлем соңында қандай тыныс белгі қойылады? (нүкте)

- белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша баяндаубұл-.... (мазмұндама)

Тігінен қандай сөз шықты?

«Сөйлем»

-Ұзындықты өлшеу құралы?(сызғыш)

- Ау тоқып жемін ұстайтын жәндік? (өрмекші)

- Ғарышқы ұшу көлігі? (зымыран)

Тігінен қандай сөз шықты?

«Сөз»


Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Сөйлем және сөз»

İNSERT стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Білдім











  • Ендеше тақтада ілулі тұрған плакаттқа назар аударайық

Сөздер: кітап,дала,суытты,көркем,жаңбыр,күшті,ағаш,дос,оқыды.

Сөйлемдер: Кітапты күтіп ұста. Далада суық жаңбыр жауып тұр. Көк бие құлындады.

Сөздер мен сөйлемдерді салыстыр. Олардың қандай айырмашылығы бар? Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Слайд №4 №5 топтастыру



Көркем жазу

Көкек

Өшіргіш

Құмыра

«Сөйлем құра» ойыны.

2-жаттығу бойынша балалар жеке-жеке сөздерді бір-бірімен байланыстыра отырып, бір сөйлем құрастырып жазады. Сөйлем құрастыру кезінде жеке сөздердің сол қалпында берілмейтінін, оларды бір-бірімен байланыстыру үшін, қосымшалар қажет екендігіне көздері жетеді.



Сергіту сәті: би билету.

3-жаттыру бойынша оқушылар кішкентай Айжанның жазған қағазын оқып көруге тырысады. Оны оқудың неге қиын болғанын, оның қандай ережелерді білмейтінін санамалай отырып, сөйлемді дұрыс құрау үшін қажетті талаптарды өздері айтады. Содан кейін осы талаптарды оқулықта берілген ережемен салыстырады.(тақтада орындау)


МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН

Слайд №6 ереже шығару.



4-жаттығу бірінші сыныпта танысқан сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді еске түсіруге арналған.

Жаттығу жұмысын жан-жақты талдап болғаннан кейін, сөйлемнің соңына нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылатыны нақтыланады.

Слайд № 7

«Сөйлемді тап» ойыны.

ҚАТТЫ ЖЕЛ ҚҰЙЫН



БҮГІН АУА РАЙЫ ТАМАША!

БҰРШАҚ БІЗ ҰҚЫПТЫ

ЖАҢБЫР ТАМШЫЛАП ЖАУА БАСТАДЫ

ЖАҢБЫР ТАМШЫ СЕЛ



Сабақты қорытындылау:

І топ «Сөйлем»сөзіне 5 жолды өлең


ІІ топ «Сөз»сөзіне 5 жолды өлең жазады.

З.е сөйлем

С.е кызық, күрделі

Ет. Құрастырамыз, жазамыз, оқимыз.

Сөйлем: біз сабақта сөйлем құрастырдық.
Мақал-мәтелдерді жалғастыру


  • Оқусыз білім жоқ, білімсіз.... (күнің жоқ)

  • Оқу білім бұлағы, білім ..... (өмір шырағы)

  • Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала – (сорлы бала)
Бағалау: оқушыларды жинаған жұлдызшалары арқылы бағалаймын.

Үйтапсырмасы: 5-жаттығу 78 бет

Қош, сүйікті Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата-аналарға білімдерін, өнерлерін көрсету. Әдептілікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.
Ализа: Ұлпан, мынау зал өте әдемі безендіріліпті, мұнда бірдеңе болғалы жатқан сияқты ғой, ата - аналарымыз жиналған, қадірлі ұстаздарымыз да төрден орын алыпты?
Ұлпан: Ализа, ата - аналарымыз, ұстаздарымыз біздің «Қош, сүйікті Әліппем» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге жиналған ғой.
Ализа: Солай ма, ендеше ертеңгілігімізді бастамаймыз ба?
Ұлпан: Әрине бастаймыз. Сахна төріне 1 сынып оқушыларын қошеметтеп қарсы алайық(екеуі бірге). Болат Томирис,Алферов Расул,Қажыбай Айдос,Қайырбергенов Мансур,Қайыр Манара, Жанболат Нұрсауле,Серікболқызы Айсәуле,Шабакова Зарина,Мурзагалиев Саржан, Сапаргалиев Диас(оқушылар өздерін таныстырады)

1. Жұмсағанда баратын, айтқан тілді алатын,
Мен боламын Рустем қызы Манара.

2.Бүгінгі той тамаша,
Шаттанамыз балаша.
Батырларға ұқсаған,
Диас дейді мені анам.


3.Сәулелі де сымбатты, сөйлегенім тым тәтті.
Зарина деген қыздарын.


4.Сіздерге арнап тіл қатты,
Дарасы болар даланың.
Мансур деген баламын.


5. Нұрсауле қызбын кең мандай,
Әдемімін мен қандай?


6.Айдос деген баламын,
Есепті мен шағамын.


7.Көп оқитын, көп тоқитын.
Менің атым Расул.


8. Ай мен күні анамның,
Ақылдысы апамның
Мен Айсәуле боламын.


9. Бәрі өнеріме тамсанған
Менің атым Саржан.


10. Анашымның қызығы ,
Әкешімнің бұзығы .
Томирис деген қызымын

Ализа: Өлшеулі ар-намысы халқымыздың


Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

Ұлпан: Өмір берер ертеңгі бағаларын


Әліппемен қоштаспақ балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір ерген
Қош келдіңіз, әкелер мен аналарым!

Ализа: Бүгін:бізде үлкен қуанышты күн. Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз. Ендеше, шашпаймыз ба шашуды.


Ұлпан: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық. (Аналар шашу шашады.)
Ализа: Бүгінгі жиналған ұстаздар мен ата-аналардың құрметіне бишілерімізді ортаға шақырайық. «Сәйгүліктер» биі

Ұлпан: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,


Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріппенен.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр, сендер жауап бере қойыңдаршы.
- Іші толы әріпке,
Білімдіге жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар -
Ол - сүйікті Әліппе!
Ол - сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Амансыздар ма, қадірлі ұстаздар, ардақты ата-аналар, өнерпаз бүлдіршіндер!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың,
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық!

Балалар, мен сендерге жалғыз келгенім жоқ, өзіммен бірге сендердің өнерлеріңді, білімдеріңді бірге тамашалайық деп, досым ана тілін де ала келдім.


Ана тілі: Саламатсыздар ма, балалар! Киелі әліппе оқулығын аяқтап үлкен жетістікке жетіп отырсыздар, бұл сіздер үшін үлкен қуаныш. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Енді мен сіздермен дос боламын, досыңды құрметтегенің сияқты мені де құрметте. Мен сіздерге жетем дегенше көптеген адамдар тер төкті. Солардың еңбегін бағала, өзің де еңбектен.
Ализа: Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзі – Әліппе,
Том - том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе.
Хор: «Әліппе»
Манара: Бәрімізді сүйіп өпкен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Мансур: Анам менің, әкем де
Атам менен апам да
Шопан, ұшқыш, ғалым да
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
Айсәуле: Әліппем менің әліппем
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп - көп рахмет!
Саржан: Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.
Диас: Әр бетіңнен күнде алып сабақты
Сен арқылы адам болдық сауатты
Алыстағы дос - туыстан хат алып
Оларға да жаза аламыз жауапты.
Расул: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны әліппе
Зарина: Іші толы әріпке
Жақсы кітап әліппе
Барлық ілім - білімнің
Ағасы осы әліппе.
Апа - ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
Нұрсауле: Әліппе сауатыңмен санамды аштым
Достарыммен теңдесіп араластым.
Үйреніп әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Томирис Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Әкелген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.

Әліппе: Балалар, сендерге көп рахмет. Өнерлерің өте тамаша екен. Ал енді сендер осы әліппе оқулығынан не үйреніп, не білдіңдер? Балалардың жауабы тыңдалады.


Мақалдар айту.
Ойын: «кім жылдам»
кеспе әріптермен сөздер құрау.
Мұғалім: Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына біткен өнер сарқылмасын.
Шыңға біткен шынардай биіктерде,
Халықтың би өнері жарқылдасын.
Шығыс биі.
Әліппе: Жарайсыңдар балалар, санамақ жаттаған екенсіңдер, сол сандарды өсу ретімен айтып бере қойыңдаршы.
Ортаға 10 оқушы шығып сандар бойынша өсу ретімен санамақ айтады.

Бір дегенім –білім,Талпын соған күнім!

Екідегенім-елің,Ертең сүйер белің.

Үш дегенім-үміт,Сенен жүрегн күтіп.

Төрт дегенім-таңдау, Түзу жолдан таңбау.

Бес дегенім- бесік, Шықтық содан өсіп.

Алты дегенім-алғыс, жақсылыққа сал күш!

Жеті дегенім –жеңіс, терері көп жеміс.

Тоғыз дегенім – талап, жүр кәдеге жарап.

Сегіз дегенм- сенім, артар саған елің.

Он дегенім- Отан, сол тірегің ботам!

Мұғалім: Балалар, сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-әжелеріңнің, папа-мамаларыңның қосқан үлесі зор. Ендеше осы кісілерге бәріміз алғыс айтайық.


Бақытты балалығымыз үшін рахмет сіздерге, ата - ана!
Ән: «Ата-анамды тыңдаймыз»

Жасұлан: Әліппе біздің білім бесігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.

Жасұлан: Әліппе жарты жылдай жолдас болдым
Ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Аружан: Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Аружан: Сүйікті әліппемізбен қоштаса отырып, досымыздың құрметіне оқушылардың орындауында «Рахмет саған «Әліппе»» әнін ұсынамыз.
Әліппе: Ал, балалар мен енді сендермен қоштасамын. Асар асуларың, алар шыңдарың биік болсын! Сабақты жақсы оқып, тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосар азамат, азаматша болыңдар!

Балалар хормен: Таныстырған әріппен


Жақсы кітап – ӘЛІППЕ
Жол көрсеткен білімге
Қош бол, құтты ӘЛІППЕ!
Ислам: Ойымыздан, бойымыздан күш тасып,
Аруна: Жақсылықпен жасай берсін ұштасып.
Жасұлан: Жерім жайнап, елім өсе түссе екен,
Аружан: Елбасымның әр дегені іске асып.

Ән. «Бала тілегі» 5 сынып оқушылары.

Би.

Вальс.
Қорытынды Мұғалім:
1. Шәкірттерімді Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, сөз кезегін мектеп директоры Алиева Сақыш Сұлтанқызына беремін.
2. Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата - аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, келесі құттықтау сөзді сіздерге беремін.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет