2. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.
Саяси сана мәдениеті - саяси көзқарастар мен нанымдар;
Саяси құндылықтар, дәстүрлер және нормалар;
Саяси қондырғылар.
Саяси жүріс тұрыс мәдениеті - саяси қатысу, іс-әрекет мәдениеті.
Мемлекеттік және саяси институттардың қызмет етуінің мәдениеті.
Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады: қарапайым-практикалық; идеологиялық-теориялық. Қарапайым саяси сана стихиялық түрде, өмір сүрудің, еңбек етудің эмпирикалық жағдайларының бейнесі ретінде практикалық қызметтен тікелей туындайды. Ол ұжымдық-әлеуметтік шығармашылық жемісі. Оның құрылымында рационалдық пен эмоционалдық, пайымдаулар мен эмоциялар, дәстүрлер мен қазіргі заманғы құбылыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық элементтер араласып жатады. Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық ұғым-категорияларға емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті тәжірибеге негізделген, ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға деген реакциясын бейнелейді, өмір драматизміне толы. Сондықтан да мемлекеттің, әртүрлі партиялардың саяси қызметі қарапайым сананы терең зерттеп алмай, жеңіске жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |