VІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ.70-жылдарындағы ұлы державалардың бəсекелестігі жəне отарлық басқыншылық. Англияның Солтүстік Америкада орналасқан отарларының өз тəуелсіздігін алу жолындағы соғысты бастауы, 1775 ж. Англияның 13 Солтүстік Америкадағы иеліктерінен айырылуына əкелді. ХVІІІ ғ. соңында ағылшындық Ост-Үнді компаниясы өзіне əлі қосылмаған үнді князьдіктерін бағындыра бастады. 1790 ж. ағылшындар Франциямен одақтастыққа ұмтылған Майсур князьдігіне қарсы соғыс бастады. Англияның одақтастары болып тəуелді князьдік Хайдарабад жəне тəуелсіз Марат князьдіктері табылды. Майсур князьдігінің астанасы Серингапатама жаулап алынған соң бейбіт келісім жасалынды, бұл келісім бойынша Ост-Үнді компаниясы жəне оның одақтастарына Майсур аумағының жартысы өтті, 33 млн рупий көлемінде контрибуция белгіленді.
1814–1815 жылдары Вена конгресі сол кездегі құрылған Англияның орталық үстемдігін айқындап берді. Оның құрамына Мальта аралы, Кап отарлары, Цейлон аралы, Маврикий, Тобаго жəне т.б. Англияның ХVІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басында жаулап алынған жерлерінің қосылғандығы расталды. Оңтүстік Шығыс Азияда ағылшындар өзінің құрамына Малакс түбегінің басым бөлігін жəне Сингапур аралын қосып алды (1819 ж.). Англия өзіне Қытайды, Жапонияны жəне т.б. басқа шығыс елдерін бағындыруға ұмтылды.
Африка да Англияның отарлық саясатының нысаны болып қалды. 1861 ж. Лаосты басып алды. Бұл ағылшындардың игіліктеріне кейінірек Нигерияның, 1868 ж. Басутолендтің қосылуының бастамасы болды.
ХІХ ғ. ортасына қарай Англия 11 млн шаршы шақырым жері бар, 120 млн халқы бар үлкен отар иеленуші империяға айналды. Отарлық империяның билігін жүзеге асыру жəне Англияның болашақтағы отарлық жорықтарын бастау үшін 1854 ж. арнайы отарлық министрліктер құрылады. Осылайша, Англия ХІХ ғ. басында əлемдегі басты отарлық державасына айналады. Өзінің отарлық үстемдігі үшін күресіндегі басты қарсыласы Францияны жеңіп шығуы, теңіздерде ағылшын флотының басты рөл атқаруы, Англияға əлемнің барлық бөлігінен отарлық басқыншылығын кеңейтуге жол ашты.
1815 ж. Франция өзінің отарлық иеліктерінің едəуірінен дерлік айырылып қалады. 1830 ж. Алжирді жаулап алуды бастады. Бірақ, тек отыз жылдық қанды соғыстан кейін ғана Франция Алжирге қол жеткізеді. ХІХ ғ. ортасына қарай француздар Тунис пен Мароккаға ене бастады. 60-жылдары
қарай қара нəсілділермен табанды күрес жүргізген Франция Батыс Африкада отарларының аумағын ұлғайтты.
50-жылдардың соңында Франция Үндіқытай түбегін жаулап ала бастады. Соғыстың нəтижесінде 1862 ж. бейбітшілік жəне достастық туралы Вьетнам-Франция-Испанияның Сайгон келісімшартына қол қойды. Бұл келісімшарт бойынша Францияға Оңтүстік Вьетнамның 3 провинциясы, сонымен қатар Пуло-Кондор аралы өтті. Еркін сауда үшін Туран, Балак жəне Куанган порттары ашылды. Вьетнам Франция мен Испанияға он жылдың ішінде 4 млн доллар көлеміндегі контрибуция төлеуге міндеттеді.
Келісімшарт Францияның Үндіқытай түбегін жаулауға жəне бүкіл Вьетнамды, Камбоджаны, Лаосты жаулап алуға жол ашты. 1863 ж. Франция протектор өз протекторатын Камбоджаға орнатты, ол жерге Кохинхиндегі француз губернаторларына бағынатын резиденттерін тағайындады. ХІХ ғ. 70-жылдардың басында Франция түгелдей дерлік Үндіқытай түбегін өз бақылауына алды. Француз отарлық экспансиясының маңызды нысаны француздар басып алған Полинезия аралы (1842–1847), Жаңа Коледония аралы (1853) орналасқан мұхит аймағы болды.
1862 ж. император сол уақытта өз тəуелсіздігі үшін күрес жүргізген Мексикаға контрреволюциялық жорығын бастады. ІІІ Наполеон істі соңына дейін бітіруге бел байлап, Мексикаға қосымша 30 мың əскер жіберді, 1863 ж. маусымда фрацуз əскерлері Мехикомен Пуэблоны алады, ал ІІІ Наполеон серіктестері эрцгерцог Максимилиан – Мексиканың императоры болып тағайындалады.
Максимилиан мен Наполеон арасындағы келісімшарт Мексиканың Францияға қатысты қаржылық мəселелерінің, оның Францияға толық саяси тəуелділігін қарастырды. 1869 ж. Француз компаниясы Жерорта теңізінен Үнді мұхитына шығуда жол ашатын Египет аумағында Суэц каналын салуды аяқтады. Суэц каналы тез арада Еуропалық державалардың отарлық үшін күресінің негізгі себебі болып қалды. ХІХ ғ. 70-жылдары Франция жаңа үлкен отарлық империяның негізін салуға қол жеткізді.