1 наурыз- Алғыс айту күніне орай мектепте «Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен төмендегі іс-шаралар өтті.Таңертең оқушылар ұстаздарды күтіп алып, өз жылы тілектерін білдіріп, алғыстарын білдірді. Ұстаздарға мың алғыс»» видеоролик тұсірілді.
Барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті
Оқушылар «Алғыс білдіремін!» тақырыбында шығарма жазды.
Мектепте «Жылы тілек» акциясы ұйымдастырылды.
«Сыңғырла , соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті.
Ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында мектепте оқушылар қолдан даярлаған бұйымдарынан «Берекелі Наурыз!» атты қолөнер шеберлері байқауы өтті.
«Наурыз» мерекесінің мән-мағынасын балалар мен жастарға түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында «Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы!», «Наурыз тойы», «Ұлттық дәстүр» және т.б. тақырыптарында шығарма, эссе, ашық тәрбие сағаттары өтті.
Сонымен қатар «Қош келдің- әз Наурыз!» тақырыптарында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар мақал-мәтелдерді жатқа айтып, әрбір қуанышқа батаны жатқа айтты, ұлттық билер биледі.
Кітапханада «Ұлттық дәстүр» тақырыбында кітап көрмесі қойылды.Денешынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
М.Мақатаевтың туған күніне орай « М.Мақатаев-мәңгілік ғұмыр» жыр мүшайрасы болды.
Отбасы тәрбиесін насихаттау мақсатында мектепте жылдық жоспар құрылып, әртүрлі іс-шаралар өтті.Жылына 2 рет жалпы ата-аналар
жиналысы өткізіледі.
Әр сәрсенбі «Ашық есік» күні деп жарияланды. Жоспар бойынша әр сыныпта отбасылық тәрбиеге байланысты сынып сағаттары өткізіледі. «бақытты отбасы» видеоролик байқауы ұйымдастырылды. «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық спорттық жарыс өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |