Қаралды: Бекітемін: №1 педагогикалық кеңесте «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі»


Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиені насихаттау мақсатында «Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында он күндігі өтті



бет25/73
Дата17.10.2023
өлшемі18,43 Mb.
#186132
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
жоспар 2023- 2024

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиені насихаттау мақсатында «Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында он күндігі өтті. Мектепте күнделікті таңертеңгі жаттығулар жасалды.

Мектеп мейіргері «Тұмау болғанда тез емделу жолдары»тақырыбында 5-7 сынып оқушыларына кеңес берді. Сонымен қатар «Қант ауруларының белгілері» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларына баяндама оқыды.
«Қан айналым жүйесі аурулары» тақырыбында 7-10 сынып оқушыларынвидеоролик көрсетілді.


«Біз денсаулықты таңдаймыз!» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары суреттер салды.


«Шипалы шөптер» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары суреттер көрмесін өткізілді.



5 «А», 5«Б» сынып оқушылары «Туберкулездің алдын алу» атты тақырыпта диктанттар жазды.
«Туберкулездің қауіптілігі» тақырыбында ауылдық дәрігермен кездесу өтті. 8-10 сынып оқушыларына «Есірткіден аулақ болайық!» тақырыбында лекция оқыды.

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбиені насихаттау мақсатында Бөрлітөбе ОШКММ орман бас инженері Е.Н Барлықбаев, Көкжиде орманшылығының орманшысы М.Н:Ербосынов, ОӨСС басшысы Н.Х.Байгамытов 9-11- ші сынып оқушыларымен кездесіп, «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы!, «Орман өрт қауіпсіздігі» тақырыптарына дәріс оқыды.

«Табиғатты қорғайық!»атты экологиялық акциясы өтті.Акцияның негізгі міндеті – дені сау, қазіргі заман ағымына сай сауатты да инабатты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әрі еңбекке баулу. Балаға табиғаттағы әрбір өсімдікті, жануарлармен таныстыру, көрсету.Оқушылар құстарға ұя жасады.

«Өзін-өзі басқару» ұйымы» 8-12 қараша аралығында «ТАЗА ҒАЛАМШАР» акциясын өткізді. Мақсаты:туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тірбиелеу.

Мектепте "Полицияның жас көмекшілері жасақтарының" жұмысын жандандыру, жас ұрпақтың бойына елге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында «Полицияның жас көмекшілері» сайысы өтті. Мектепте өрт қауіпсіздігін арттыру және суға түсу маусымына дайындық, балалардың суда қаза табуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларды еңбекке ,әдемілікке, ұқыптылыққа баулу мақсатында «Ең әдемі жаңа жылдық ойыншық» атты байқау өтті.Жеңіп шыққан жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет