Мектеп ұлдары мектеп қыздарын құттықтады. Қыз балаларға арнап ұлдар жылы тілектерін білдірді. Өнерлерін көрсетті.
Қыздар арасында «Ең әдемі қыз» байқауы өтті. 10сынып оқушысы Мырзабай Алина «Бас жүлдені» жеңіп алды.
1 мамыр- Бірлік күніне арналған іс- шараға толық мектеп ұстаздары, мектеп оқушылары қатысты..
7 мамыр отан қорғаушылар күніне орай мектепте жоспарға сай «Тек қана, алға!» атты сайыс ұйымдастырылды.Қыз балалар сынып ұддарын құттықтады, ал ұл балалар сайыстарға қатысты.
Мектепте «Түлек 20223– Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты бітіру кеші салтанатты түрде өтті.Жиынға ардагер ұстаздар, мектеп әкімшілігі,мектеп ұстаздары, ата-аналар , мектеп түлектері қатысты. Жиында Мемлекеттік Гимн орындалды. Түлектер ұстаздарға ризашылықтарын әнмен жеткізді. Түлектерді мектеп әкімшілігі,алғашқы ұстаздары, сынып жетекшілері, ата-аналары«Алтын белгі», үздік аттестат иегерлері құттықтады. Түлектерге және 11 «А» сынып оқушысы Серік Мақпал мен 11«Б» сынып оқушысы Даулетжан Аяжанға «Алтын белгі», Сакен Аружан жалпы орта білім туралы үздік аттестат салтанатты түрде табыстырылды. Қошеметпен ақ жол тілеп түлектерімізді мектептен шығарып салдық.
Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы жинақтап,ірктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,олардың
Айналамен қарым-қатынасына, өмірге көз қарасына және соған мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Орындаған:тәрбие ісінің меңгерушісі Асылбекова Ж.Б.
2022-2023 оқу жылында атқарылған
әлеуметтік-педагогикалық жұмысының есебі
2022-2023 оқу жылында әлеуметтік педагогтің жұмысы мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Оқу жылының басында ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 №382 бұйрығына сәйкес әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары құрылды. Жылдық жоспарға сәйкес әлеуметтік-педагогикалық жұмыс төмендегі алты бағыт бойынша ұйымдастырылды:
І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу
II. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы
IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы
V. Білімалушылардыңата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалықжұмыс
VI. Диагностикалау-талдау қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |