22
6.СӨЗЖАСАМДЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ТЕРМИНЖАСАМҒА ҚАТЫСЫ
6.1 Сөзжасамдық бірліктер
Сөзжасам әрекеті сөзжасамдық бірліктер арқылы жүзеге асады.
Сөзжасамдық бірліктер деп туынды сөз жасауға қатысатын морфемалар жатады.
Орыс тіл біліміндегі сөзжасамдық бірліктер лексикалық
мағыналы сөз және
сөзжасамдық жұрнақ болып екіге бөлінеді.
Оған дәлел ретінде 2004 жылғы “Русский язык” еңбегінде «При
словообразовательном анализе основа делится всегда на два структурных
элемента: производящую базу и словообразующий аффикс» - деп берілген.
Сонымен қатар М.А. Шелякина « К проблеме структурно-словообразовательного
анализа», Н.М. Шанский «Основы словообразовательного анализа»
еңбектерін
де айтуға болады.
Парсы тіл біліміндегі сөзжасамдық бірліктер сөз және сөзжасамдық жұрнақ
болып бөлінеді.
О.М. Сотова «Основные структурно-семантические особенности
терминообразования в современном персидском языке» еңбегінде «При
образовании терминов используются
различные терминоэлементы, то есть
аффиксы, полуаффиксы и отдельные слова» - деп, пікір қалдырады.
Қазақ тілінде сөзжасамның өзіндік белгілері бар. “Қазақ тілінің сөзжасамы”
еңбегінде “Сөзжасам әрекеті сөзжасамдық бірліктер арқылы жүзеге асады.” -
деп, сөзжасамдық бірліктердің қызметін көрсетеді.
Сөзжасамдық бірліктер деп туынды сөз жасауға қатысатын морфемалар аталады.
Мысалы:
елшілік, ауызша, әлемдік, қаһарман, бөлшек, елтаңба, үйшік, тізбек,
ажырату, ақырлық, жолақ, өрнек, әлеуметтік, күнделік және т.б.
Терминжасамда да терминжасамдық бірліктер ретінде әдеби тілдегідей
лексикалық бірлік пен сөзжасамдық жұрнақтар қатысады.
Сонымен сөзжасам
бірліктеріне түбір сөздер (лексикалық бірліктер) мен сөзжасамдық жұрнақтар
жататыны ғылымда белгілі. Сөзжасамның бұл екі
бірлігі негізгі сөзжасамдық
белгілер. Бұл бірліктердің айырмашылығын кестемен көрсеткен дұрыс деп
ойлаймын:
Түбір сөз (Лексикалық бірлік)
Сөзжасамдық жұрнақ
Лексикалық
бірліксіз ешбір туынды
сөз жасалмайды.
Негіз
сөзге
жалғанып,
оның
лектикалық
мағынасын
өзгертіп,
түрлендіреді.
Сөзжасамдық
тәсілдерде
негізгі
сөзжасамдық қызмет атқарады.
Тек синтетикалық сөзжасамға ғана
қатысады
23
Лексикалық
бірлік пен жасалатын
туынды сөз арасында мағыналық
ұқсастық болуы шарт.
Жекешеленген
сөз таптарынан басқа
барлық сөз таптарының сөзжасамдық
жұрнақтары бар.
Сөзжасамдағы негізгі тұлға.
Жұрнақ
арқылы барлық сөз таптары
өзінің құрамын туынды сөз арқылы
толтырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: