21
Терминологияда цифрлар көбіне әріптермен тіркесіп қолданылады. Химиядан
мысал келтірсек:
2Al3+ +3SO42- =Al2(SO4)3
,
H2O, C1207, Al(OH)3,
Ca(H2PO4)2
Шартты таңбаға графикалық белгілер де жатады.
Математика, геометрия,
физика саласында графикалық белгі, таңбалар өте көп. Математикадан мысал
келтіретін болсақ: + (қосу), - (алу), х (көбейту), : (бөлу), = (тең), () (жақша),< >
(салыстыру белгілері), ! (факториал)
Шартты белгінің тағы бір түрі - кесте. Ғылымның түрлі саласында қолданылатын
алуан түрлі кестелер бар. Кестелер белгілі мақсатқа сай жасалады.
1.
Кестелер белгілі бір ғылым түрін,саласын таңдамайды.
2.
Кестелердің тұрақты түрі жоқ.
3.
Кестелер белгілі
тәртіпте беріліп, мәселені нақты білдіруге көмектеседі.
4.
Кестелер шартты белгіге жатады.
Тек білім салаларында ғана емес, күнделікті өмірде де кездесетін көптеген
шартты белгілер бар.
Мысалы: жол нұсқаушы қызыл, жасыл, сары шам белгілер,
автобус аялдамасы, асхана орны, оңға, солға, жоғары, төмен бағытталған
белгілер, жаяу жүргінші жолы сынды белгілерді айтуға болады.
Қорытынды: Ғылымда көптеген символ,графика, диаграмма сияқты шартты
белгілерді қолдану айрықша белең алған. Бұл қазіргі ғылымның даму қарқынына
сай құбулыс.
Бұндай таңбалар математика, физика, геометрия, химия сынды
ғылыми салаларда көп қолданылады. Дегенмен бұл белгілер өмірде кездеспейді
деген сөз емес.
Қарапайым өмірде, жолда, бекеттерде, карталарда шартты
белгілердің түр-түрін кездестіре аламыз. Бұл белгілер ықшамдылық,
дәлдікке
негізделген өмірімізді жеңілдетуші белгілер.
Достарыңызбен бөлісу: