Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау»



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата03.11.2023
өлшемі499,61 Kb.
#189249
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Байменова Динара Аралық бақалау ҚТӘ-23

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


27
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Термин, терминология саласының да өзге салалардай өзіндік тарихы
хронологиясы, арнайы ғалымдары мен еңбектері бар. Алаш зиялылары, әсіресе 
Ахмет Байтұрсынұлының терминология саласында атқарған қызметі ерекше. 
ХХ-ғасырдың басы - ”Қазақ терминологиясының алаштық кезеңі”. 
Алаштық кезеңде қабылданған шешімдер, қағидалар мен талаптар қазіргі күнге 
дейін өз күшін жоймаған. Терминжасам тарихында алаш зиялыларының алар 
орны ерекше. Терминжасамда терминге қойылатын талаптар ескеріліп, ол 
талаптар термин сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс. 
Әр ғалымның ғылымға еңгізген еңбегі, тіпті авторлық терминдері бар. 
Бастысы терминдер тіл білімінің заңдылықтарына сәйкес келуі қажет.
Ғылымда көптеген символ, графика, диаграмма сияқты шартты белгілерді 
қолдану айрықша белең алған. Бұл қазіргі ғылымның даму қарқынына сай 
құбылыс. Бұндай таңбалар математика, физика, геометрия, химия сынды 
ғылыми салаларда көп қолданылады. Дегенмен бұл белгілер өмірде кездеспейді 
деген сөз емес. Қарапайым өмірде, жолда, бекеттерде, карталарда шартты 
белгілердің түр-түрін кездестіре аламыз. Бұл белгілер ықшамдылық, дәлдікке 
негізделген өмірімізді жеңілдетуші белгілер. 
Терминдер тілдің сөзжасамдық бірліктері арқылы жасалады. Лексикалық 
бірліксіз ешбір туынды сөз, термин жасалмайды. Жұрнақ арқылы барлық сөз 
таптары өзінің құрамын туынды сөз арқылы толтырып отырады. Демек, 
сөзжасамдық бірліктердің терминжасамда алар орны ерекше. 
Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің дамуы мен қалыптасу тарихында 
бірнеше кезеңдерден өтті. Күнделікті өмірде қалыптасып, әдетке айналған қазіргі 
терминдердің бәрі бір күнде кенеттен жасалмағаны белгілі. Олардың 
әрқайсысының пайда болу, жасау, болу жолы бар, әрқайсысының ішкі мәні мен 
сыртқы тұлғасында әр кезеңнің белгісі мен мөрі бар. Тіл тағдыры – ел тағдыры. 
Тілге қызмет ету біздің міндет. Келер ұрпақ қиналмастай, тілдің мәртебесін 
халықаралық деңгейге көтеру үшін еңбектенуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет