Қарапайым геометриялық салулар
Қарапайым есептердің шешулерін негізгі салуларға келтіру үшін де көптеген логикалық қадамдар жасауға тура келеді. Ал қиынырақ есептерді шешудің логикалық структурасын тұрғызу одан да қиынға соғады. Сондықтан күрделі есептерде қарапайым салу есептерін біле отырып, салу қадамдарын үнемдеуімізге болады, яғни қарапайым салуларды болашақта негізгі салуларға келтірмей - ақ қолдана аламыз.
Күрделі есептердің бөлігі ретінде жиі кездесетін қарапайым геометриялық салулар мектеп курсының бірінші Оларға мыналар жатады:
1. Берілген кесіндіні қақ бөлу
2. Берілген бұрышты қақ бөлу (бұрыш биссектрисасын салу)
3. Берілген кесіндіге тең кесінді салу
4. Берілген бұрышқа тең бұрыш салу
5. Берілген түзуге одан тысқары нүкте арқылы параллель түзу жүргізу
6. Берілген түзуге одан тысқары жатқан берілген нүкте арқылы перпен-дикуляр тұрғызу.
7. Берілген кесіндіні берілген қатынаста бөлу
8. Берілген үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу
9. Берілген қабырғасы мен сол қабырғаға іргелес екі бұрышы бойынша үшбұрыш салу
10. Берілген екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыш салу
11. Берілген шеңберге берілген нүкте арқылы жанама жүргізу
12. Берілген гипотенузасы мен катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыш салу
Достарыңызбен бөлісу: |