БАЛАЛАРДА ЗАТ КӨЛЕМІ МЕН ӨЛШЕМІ ТУРАЛЫ
ТҮСІНІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Көлем математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Көлем ту-
ралы нақты түсініктер: ұзындық, алаң, көлемі, өлшем, жылдамдық
т.б. Мектеп жасына дейінгі балаларда затты көлеміне қарай
салыстыру үшін белгілі бір өлшемді белгілеп алады: мысалы:
құмды, суды өлшеу үшін стақанды өлшем бірлігі ретінде алу т.с.с.
өлшем бірлігі санмен белгіленеді. Көлемді өлшеудің міндеті
көптеген заттардың сандық мөлшерін анықтау. Балабақша бағдар-
ламасында мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың көлемі,
оны өлшеу тәсілдері жөнінде білім беру қарастырылады. Осы
тақырыпты меңгерту барысында «көлем» сөзі 2 ұғымды білдіреді.
Олар математикалық көлем, заттардың кеңістіктегі белгісі заттар-
дың көлемін толық және дұрыс бағалауда оның жеке белгілерінің
де алатын орны зор. Заттардың көлемі туралы түсінік қалыптас-
тырудың жөнін анықтау мектеп жасына дейінгі балалардың көлем
туралы түсінігін дамыту балабақшаның тәрбиелеу, білім беру
міндеттерінің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекеменің
басты мақсаты баланы мектепке дайындау болса, оның негізгі бір
саласы қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру болып
табылады.
Заттардың көлемі, өлшемі оның қасиеттері болса тұрып,
алуан түрлі анализаторлар: көру, сипай сезу, бұлшық ет арқылы
қабылданады.
71
Мектеп жасына дейінгі 3-7 жас аралығындағы балалар өз-
деріне таныс көптеген нәрселердің өлшемдерін айыра алады. 3-4
жастағы бала үлкен допты не ұзын таяқты алып кел дегенді дұрыс
түсініп, тапсырманы орындайды.
Нәрсе өлшемін қабылдауда заттың қандай да болмасын бір
белгісін білдіретін, заттың қасиетін сипаттайтын сөздің ролі зор.
Мысалы: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, бірдей.
Көптеген заттар үш өлшеммен сипатталады (ұзындығы, ені,
биіктігі).
Үш жастағы бала үш өлшемді бірдей қабылдай алмайды.
Олар әуелі ең үлкенін көреді «ұзын», «биік» деген сөздерді үш
жасар балалар «үлкен» сөзінің синонимі ретінде қабылдайды.
Төрт жастағы бала, егер нәрсенің ұзындығы, оның енінен
артық болса, артықтау жағы бойынша анықтауға бейім.
Өлшемді қабылдау механизмі ересек адам мен балада
бірдей-ақ. Алайда балада бұл механизм әлі қалыптаспаған.
5-6 жастағы бала заттың ұзындығын, енін және биіктігін білу
үшін оны өлшеу қажетін түсінеді. Өлшеу үшін сызғыш, метр,
сантиметр қолданылады.
Көлемді балалар ең алдымен заттың кеңістік белгісі ретінде
қарастырады. Көлемі әртүрлі заттарды салыстыра отырып, олар
«бірдей-бірдей емес» деген қатынастарды анықтайды. Салыстыру
нәтижелері мынадай сын есім сөздері арқылы анықталады: ұзы-
нырақ, қысқарақ, бірдей (ұзындық), кеңірек, бірдей (ені), (биік,
аласа (ұзындық) «үлкен кіші» (көлемі бойынша). Осылайша,
бастапқыда заттар жұптап қарастырылады.
Кейін 5-6 затты қатар қойып салыстыра бастайды. Енді «ең
ұзын», «ең жіңішке», «ең тар» деген белгі атауларды қолдана
бастайды.
Сонымен кіші және орта топтарда балалар заттардың кө-
лемін тікелей салыстыру арқылы ғана анықтайды. Біртіндеп зат-
тардың қасиеті туралы білім мазмұны күрделеніп, кеңейе түседі.
Балалардың көлем туралы ұғымдарын қалыптастыруда
арнайы дидактикалық материалдар да қолданылады. Көлем туралы
ұғымдарын дамытуда халық арасында тараған дидактикалық
ойыншықтарды (қуыршақтар, табақшалар, жұмыртқалар, пирами-
далар) цилиндрлері бар белдеушелер, геометриялық қыстырмалар,
ұзын әрі енді баспалдақ т.б.
72
Заттың өлшемін оқып үйренгенде халық дидактикалық
ойыншықтары кең түрде қолданылуы тиіс. Ол балаларды көп-аз,
үлкен-кіші деген ұғымдармен ғана таныстырып қоймай, ұзындық-
тың басқа да параметрлерімен танысуға мүмкіндік туғызады:
жоғары-төмен, биік-аласа, (қуыршақтар), жуан-жіңішке, (бөшке-
лер), терең-тайыз (ыдыстар).
Балаларға сабақ барысында әр түрлі шамаларды салыстырып
үйрету қажет. Бұл мақсат үшін ұзындығы, ені немесе биіктігі әр
қилы заттар жиыны болу керек.
Өлшемдері әрқилы жолақтарды, ені бірдей, ұзын және қысқа
жолақтарды, ұзындығы бірдей жалпақ және жіңішке жолақтарды
пайдалануға болады.
Педагог бір жолақты екіншісіне беттестіріп не тұтастырып
салып, жолақтың ұзындығын немесе енін салыстыру әдісін
көрсетеді. Қандай да бір параметрді (ұзындығын не енін) бөліп
көрсету үшін әр түсті жолақтар, мысалы, ұзын қызыл жолақ пен
қысқа сары жолақ алған дұрыс болады. Беттестіру әдісін кіш-
кентайларға үйреткенде, олардың назарын бір жолақтың екі шеті,
екінші жолақтың екі шетімен дәлме-дәл келуі тиіс болатындығына
аудару керек. Салыстыруда «Сары жолақ қысқарақ, қызыл жолақ
ұзынырақ» деп сөзбен тиянақтау керек.
Жоғары – төмен, биік – аласа параметрлерімен таныстыру
үшін диаметр әр түрлі, бір-бірімен қысқа ағаш жұмыр (дөңге-
лектер, шыбықтар) пайдаланылады.
Жуан – жіңішке ұғымын беруде ұзындығы бірдей не әртүрлі
қарындаштарды пайдалануға болады. Заттарды ұзындығы бойын-
ша сериялап реттеу тәсілін төрт жастағы балаларға үйрету керек.
Бұл мақсатта ұзындығы, ені әртүрлі түрлі-түсті ленталарды қол-
дануға болады. Бұл үшін, ленталарды салыстырған кезде, қағазға
түзу сызық сызып, сол сызықтан бастап ленталарды тегістеп
жайған жөн. Сонда олардың жоғарғы жағы бара-бара ұзарып не
қысқарып отыратын баспалдақ тәріздес болып шығады.
Заттың ені мен жуандығын салыстыру балаларды өте қы-
зықтырады. Дөңгелек дененің диаметрінің ұзындығы оның жуан-
дығының белгісі болып келеді. Қағаз жолағы енді (енсіз), ал шы-
бық жіп, қарындаш жуан не жіңішке.
5 жастағы балалар заттар арасындағы шама жөнінен басқа
заттар қатарынан алып тұрған орнын көрсететін сөздерде кес-
73
кінделетін қатынастар туралы айқын түсініктерін қалыптастыру
қажет, мысалы, ұзыны, қысқарағы, одан да қысқасы, ең қысқасы.
Бұл жастағы балалар 5-10 заттар арасындағы қатынастарды
меңгере алады.
Мектепалды даярлық тобында заттар мен шамаларды са-
лыстыра білуге үйренеді. Ұғымдардың мағынасын түсініп, таным-
дық әрекет дамиды. Екі баланың бойы мен жасын салыстыруға
болады. Олардың бірі – үлкен, екіншісі – кіші үлкеннің бойы
кішісінен (немесе інісінен) биік, ал інісінің бойы аласа. Ағасының
киімі інісіне – кең, інісінікі ағасына тар болатынын сұрақ-жауап
арқылы анықтауға болады. Ағасы үлкен доппен, інісі – кіші
доппен ойнайды. Үлкен доп – футбол, волейбол, баскетбол ойнау
үшін қажеттігі айтылады.
Доптар бір-бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған
материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ
киімдердің ұзын-қысқалығы, кең-тарлығы, үлкен-кішілігі айты-
лады. Қылқалам қарындаштардың ұзындықтары салыстырылып
ажыратылады. Бұл кезеңде «Өз үйіңді тап», «сипаттамасы бойын-
ша тап» деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.
Жаңа ұғымдарды меңгертуде дидактикалық материалдарды,
жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдалану балалардың
танымдық қабілеттерін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |