Мақсаты:Мұқағали шығармашылығынан жан-жақты деректер бере отырып,танымдық көзқарастарын қалыптастыру,шығармашылыққа шындау.Оқушыларды поэзияны сүюге,Мұқағали жырларын,дастандарын,әндерін насихаттай отырып,ақындыққа баулу.
Отанын,елін,ұлтын сүюге тәрбиелеу
Кештің түрі: әдеби-музыкалық кездесу кеш
Кештің жоспары:
«Қарасаз қара шалғын жерде өстім»/ақынның әр тақырыптағы өлеңдері/
«Жазылар мен туралы естеліктер»/ ақын туралы естеліктер/
«Ақын өлеңдері-рухани шындық»/ театр әртістерімен жүздесу /
«Есіңе мені алғайсың»/ қорытынды/
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар қауымы мен оқушы өреңдер! Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ереше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өлеңдері жайлы ой өрбітіп, ақынды еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың!» атты әдеби-музыкалық кешімізді басталғалы отырмыз.
Әдеби-музыкалық кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Иә, ақтарылған ақжарқын көңілімен, мазасыз бүкіл өмірімен есімізде мәңгі кетпесетей қалып қойған М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлейман, шешесі Нариман. Сүлейманның үш баласы болатын. Үлкен і– Мұқағали. Оның өлеңге деген құштарлығы бала жасынан басталды.
Қарасаз қара шалғын жерде өстім,
Жыр жазсам, жұртым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
2-жүргізуші. Міне ақынның өзі айтқандай оның өмірден өзі кетсе де өлеңі өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп, жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлемінде, яғни өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек,
Оның өлеңдеріне, сұлу сазға тербелсек деп отырмыз.
1.Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист, ақын. Ол - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
2.Қош келдіңіздер, өлең сүйер қауым! М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны. Бұл пікірді жалтақтамай кесіп айту – аруақты ақын алдындағы азаматтық парызымыз.
(Мұқағали образындағы балалық шағы)
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді өр тұлғалы
Біреулер тұлпар еді, дер де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы, - деп ақын жайдан жай айтпаған ғой. Ендеше Мұқағали жайлы естеліктерге құлақ түрсек
1.Адам анадан туса да, табиғат анадан нәр алса да, ел анасына еркелесе де, Отан анасын отты жырларына қосса да ол мәңгілік сапарға жыр анасының перзенті болып табылады.
2-жүргізуші: Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі ақын өлеңдерінің басты тақырыбы болды. Өмір жайлы еш уақытта ұмытып көрген емес.
(Сахнаға екі оқушы шығады бірі Мұқағали екіншісі сұрақ қоюшы)
Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931.Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысын кім?
Еркекпін ғой, еркекпін!Және тағы тәуірімін...
Партияда барсынба?
Жоқпын. Бірақ коммунистіккөзқараспен қараймын.
Шыққан тегің?
Шаруамын.Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой.Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Ана тілің?
Қазақша.Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Қайда істейсің?
Мынау “Еңбек кітапшамнан” танып ал. Оқымаған,дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар.
Міндеттісің бе әскерге?
Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой
Жанын қиған Мәскеуге.
Сөгіс алып көрдің бе?
Ол жағынан періште едім дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету. Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
Шетелдерде болдың ба???
Болғамын жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда-ақ.
ХХ ғасырдың арман-қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған, асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевтың жырларын сүйіп оқитын оқушыларға кезек береміз
Мұқағали Мақатаев ХХ ғасырдағы ұлы ақындарымыздың бірі екені басы ашық жайт. Мұны ұлы мәртебелі уақыттың өзі дәлелдеді. Осылайша жазуымызға уақыттың өзі әмір беріп отыр. Тарих еншісіне айналған ХХ ғасырдың соңғы ширегі, сөз жоқ, Мұқағали Мақатаев поэзиясының мейлінше кеңінен танылған, мейлінше шырқап асқақтаған, мейлінше шырқау шарықтаған жұлдызды жыдары болды десек әсте артық емес. Небәрі қырық бес жыл ғұмыр кешіп, соның бақандай отыз жылын өлеңге арнаған, яғни қазақ поэзиясын көркемдік тұрғыдан байытуға, көркейтуге мейлінше зор үлес қосқан, ұлттық көркем санамызды, Хантәңіріндей өз биігіне
өрмелеп шыққан Мұқағали Мақатаевты түсіну процесі оның көзі тірісінде ғана емес, дүниеден озған соң да толастаған емес ...
Сан алуан жинақтары арқылы оқушысымен емірене байлансып, «Өмірдастанға» айналған ақындық бай мұраның, ғұмырының соңғы кездерінде жазылғын жаңа өлеңдерімен жолдама алып, құдіретті тұлғаның еліне, туған халқына деген сүйспеншілік сезімін, сағыныш сазын, арман-үмітін, жарық дүниеге ғаламат құштарлық, мейірімін, әйгілеген «Өмір-өзен» шумақтарының қай-қайсысына ұңіле қарасаңыз да, Мұқағали өз аузымен айтқан осы бір отты диалог жыр тілімен алдыңыздан әрдайым алау атып шыға берері даусыз. Ақын оқушысын екі ойлы қалдырмай, ақ жанын айқара төсеп, ақтарылы сөйлеген адал ақын. Қазақ поэзиясының қанатын кеңге жаюына қайталанбас зор үлес қосқсн, жыр әлемінің жарық жұлдыздарының бірі Абай атындағы Мемлекттік сыйлықтың иегері, қазақ жырының Хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына міне бүгін 83 жыл толды.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылқ мұрасы алғашқы қалам тартқан күнінен қалыптаса бастады десек артық айтқандық емес. Жас Мұқағалидың жанырына іліккен тау-тас пен өзен-су, аспан мен жер, ағайын-туыс пен дос-жаран, бәрі-бәрі бабалар салған өрнектей өлең болып өріліп жатты.
Пендешілікке періште көңілмен қараған Мұқағали поэзиясының қайнар көзі - туған елі, өскен жері. Ол нені айтса да,нені жазса да туған өлкесімен үндестіреді.Шекпен киген қазақтың қара өлеңін шапанжауыпөзіне қайтарған мұзбалақ ақын Абайдан кейінгі поэзияның мазмұнын тереңдеткен әрі байытқан,отаншылдық сезімге бөлеген жыр құдіреті.Ол да адам баласын Абайша жанындай сүйеді.
«Адам маған Ұнайды»
Ақынды ақын оятпаса ол-қайғы,
Ақынды ақын таяқтаса ол-қайғы,
Ақынды ақын күйелесе ол-қайғы,
Қиналғанда нағыз ақын өз тілін ұғатын дос іздейді.дегендей,Дәл сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді бізде Мұқағали болып Фаризаға мұн шағайық
Ән «Фаризаға»
Ән:
Қазақтың поэзия сүйетін ұл-қыздары барда Мұқағали бар деп білеміз. Демек Мұқағали ғасырдан-ғасырға жасай беретін ақын ,ақын аға жаны ақ құсқа айналып, мәңгіліктің қойнына ұшып барып,жарық жұлдыздың қатарынан орын тапқандай.
Иә Мұқағали аға есімі мәңгі аңызға айналды.Оның есімін түсінгін келсе,толық білгің келсе,ақын өзі айтып кеткендей жырларын оқиық, солар паш етіп тұр. Жырым көп менің әлі жазылмаған,
Кенім көп менің әлі қазылмаған
Қалдырып болар болмас қазынамды,
Неліктен бір күні мен жазым болам- дегендей өмір өткенімен өмір жайлы жырлар таусылар емес.
2-жүргізуші :
Қара саз , қара шалғын жерде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер,Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп өзі айтып кеткендей, өміршең өлеңімен поэзия деген құдіретті өнердің төрінен ойып тұрып орын алған, қазақтың қара өлеңінің құдіреті Мұқағалидың жылма-жыл аталып өтілетін туған күні кешінде өлеңді өнер деп сүйіп бағалай білген жас ақындарымыздың Мұқағалиға шығарған жыр шумақтарына кезек берейік.
Жыл сайын Мұқағали тойланады,Өлеңнің тарайды бойға нәрі.
Жас ақындар талпынып, шабыттанып,
Мұқағали жайында толғанады.
«Бірөлеңі бір елдің мұрасындай» болған Мұқағалидың ұлылығын айтып жеткізуге тіліміз жетпейтін сияқты. Ол –табиғатқа тартып туған дара тұлға. Ақиық ақынның қай өлеңін оқысаң да ,өзге емес, кәдімгі өзің жазғандай әсерде қаласың.Өзгенің сырын емес ,өзіңнің сырынды оқығандай боласың «Ақынның ұлылығы да осында ма деп ойлайсың»Өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген ақын.Ары таза ,жаны мөлдір,жүрегі отты,рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары –сол сенімнің жемісі.
Жүректен қозғайын,әдептен озбайын,өзі де білмей ме , көп сөйлеп созбайын,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай жыр музасы Мұқағаидың «Есіне мені алғайсың» әні орындау
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет! Ақиық ақын жырлары жандарыңызға жылу, өмірлеріңізге нәр берсің.