Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылыңындағы ескерткіштері



Дата07.02.2022
өлшемі28,73 Kb.
#89106
Байланысты:
тарих сөж 3


Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылыңындағы ескерткіштері.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің құндылығын танытатын ежелгі түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер мен орта ғасырлық әдеби жәдігерлер осы күнге дейін толық көлемде жарық көрген жоқ. Кеңестік кезеңдегі белгілі шығыстанушылар мен түрколог ғалымдар көне түркі әдеби ескерткіштерін өз деңгейінде зерттеп жариялағанымен де, бұл басылымдарда белгілі себептерге байланысты ежелгі мұралардың маңыздылығын арттыратын мәтіндер берілмеді, көне әдеби жәдігерлерді дайындап жарыққа шығару ісі кенже қалып келді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орындалатын «Әдеби жәдігерлер» атты ғылыми басылымды дайындап жарыққа шығаруды қолға алды. Елімізде алғаш рет іске асырылып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының басты мақсаты - халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен әдеби жәдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі және орта ғасыр әдеби ескерткіштері мен ХV-ХІХ ғасырлардағы әдебиет шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Бұл ретте ғылыми және көпшілік кітапханалардың сирек қорларында сақталған барлық дерлік ежелгі және орта ғасырлардағы әдеби жәдігерлер, ХV-ХІХ ғасырлар әдебиетінің мәтіндері ғылыми басылым томдарына енетін болады. Серияда: а) 1917 жылға дейін кітап болып басылған әдеби жәдігерлер; ә) қолжазба күйінде сақталған мұралар; б) кеңестік кезеңде әкімшіл-әміршіл жүйе саясатына ілініп, цензураға түскен мәтіндер; в) түрлі себептермен тыйым салынып, осы күнге дейін ғылыми айналымға түспеген шығармалар бар. Әдеби жәдігерлердің мәтіндері қолжазба күйінде болсын, баспа бетінде жарық көрген күйінде болсын, сол бастапқы қалпында жарияланады да, ешқандай редакторлық өңдеуге жол берілмейді. Серияның басты ерекшелігі - ежелгі және орта ғасырларда түркі тілінде жазылған әдеби жәдігерлердің біраз бөлігі алғаш рет қазақ тіліне аударылып беріледі. Ғылыми басылым томдары хронологиялық тәртіппен жарияланады. Алғашқы том көне түркі дәуірінен басталып, соңғы том ХІХ ғасыр кезеңімен аяқталады. Бірнеше томды құрайтын серияның әр томы редакциялық бас алқаның кіріспе мақаласымен ашылып, соңында жазылған түсініктемелерді, сөздік пен жер-су атауларын, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге байланысты түсініктерді, сондай-ақ, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйіндерді қамтиды. Оқырман қауымға ұсынылып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының бірінші томына сақ-ғұн заманындағы және Түрік қағанаты тұсындағы көне әдебиет туындылары, сонымен бірге ІХ-Х ғасырлардағы әдеби шығармалар беріліп отыр. Ежелгі сақтар билеген кезеңнен сыр шертетін «Күнге мадақ» өлеңі мен Тұран елінің билеушісі, сақтардың ержүрек қолбасшысы Тоңға батыр өліміне байланысты шығарылған «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» жыры әдебиет тарихын зерттеуші белгілі ғалым Н.Келімбетов материалдары негізінде дайындалды. Көне ұйғыр әрпімен жазылған манихейлік дұға «Хуастуанифт» жазба ескерткіші алғаш рет қазақ тілінде аударылып, ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Түпнұсқадан аударған филология ғылымының кандидаты А.Әлібекұлы.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет