Сондықтан сұйықтың ішіндегі қандай да бір денеге әсер ететін Архимед күшін анықтау үшін, бұл денені ауада және сұйықта өлшеп, алынған мәндерінің өзгерісін анықтаймыз.
Міне осы Архимед (кері итеруші) күші болып табылады.
F = p - p
A
ауа
сұйық
Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші
күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады.
Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен —
Архимед заңы деп аталады.
“Ой қорыту” (жаңа сабақтың түйінді мәселелеріне
тоқталу)
Денеге әсер ететін Архимед күші FА төмен қарай әсер ететін салмақ күші mс g-мен теңеседі.
FА = mсg. (1)
(1) формуласын басқа түрде жазуға болады. Сұйықтың массасы m с оның тығыздығы ρ с мен Vс көлемінің көбейтіндісіне тең екенін ескеріп
FА = ρcVcg. (2)
Vc-Бұл көлем дененің сұйыққа батып тұрған бөлігінің
көлеміне тең болады.
Vc= V
Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, оның шамасы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен, сұйыққа (немесе газға) батып тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.