2.4. тақырып. Серверлер, мәліметтерді архивтеу. 2.4.1. Локальді желілердегі серверлер туралы түсінік. Интернетке ену және мәліметтер қорының серверлері. Сервер (ағылш. server, қызмет етуші):
Аппараттық жабдықтама сервері — белгіленген сервистік қызметтерді атқару үшін мамандандырылган және/немесе бөлінген компьютер (немесе арнайы компьютерлік жабдықтама).
Программалық жабжықтама сервері— клиенттің сұранымы бойынша сервистік қызметтерді атқаратын, есептеу жүйенің программалық құрамдасы.
Домен (фр. domaine) жалпы айтқанда — аймақ.— Интернетте ұсынылған ақпаратқа кіруді қамтамасыз ету мақсатында, домен иесіне (қандай да бір елге, халықаралық ұйымға, өңірге, заңды немесе жеке тұлғаға) бөлінген, Интернет жүйесінің белгіленген аймагы.
Мұнда, домен деп, бір компьютердің немесе бір желілік жұмыс машинасын немесе желілік тораптың басқаруымен жұмыс жасайтын, ақпараттық желі ресурстарының тобы аталады. Мысалы: mail.ru — mail домені, .ru аймағы, yandex.ru — yandex домені, .ru аймағы және .с.с.
Доменнің атауы бойынша, тап осы желіасты (подсеть) қай ұжымға жататынын және оның категориясын, яғни иесін білуге болады. Мысалы, microsoft.com коммерциялық кәсіпорын, nasa.gov және edu.gov үкімет мекемелері және т.б. Қазақстанның ғылым академиясының математика институты үшін math.kz. болады.
FTP (File Transfer Protocol) - файлдарды тасымалдау протоколы, яғни, кез келген пішімді және көлемді файлдарды қабылдау және жіберу үшін, желі бойымен ақпаратты беру технологиясы. FTP - протоколы, басқа серверлерде сақтаулы тұрған, көлемі үлкенақпаратқа тез қатынасу мүмкіндігін береді. Олар, әдетте, программалар файлдары.
HTML(HyperText Markup Language — «гипермәтінді белгілеу тілі» — Әлем торында құжаттарды белгілеудің стандартты тілі. Веб- беттердің көбі HTML (немесе XHTML) тілінің көмегімен жасалады. HTML тілі браузермен түсіндіріледі (интерпретируется) және құжат түрінде, адам үшін ыңғайлы пішінде бейнеленеді.
TCP/IP (Transmission Control-Internet protocol) -.Интернетте кез келген ақпаратты тасымалдау үшін, әр деңгейлі өзара желілік әрекеттер моделінің, желілік протоколдар жиыны.
HTTP (HyperText Transfer Protocol — «гипермәтінді жіберу протоколы» - осы протокол бойынша браузерлер Web сервермен тілдеседі. Басқаша айтқанда, http - бас компьютерден немесе серверден жеке пайданушының қарау құралына құжаттарды жіберу әдісі.
Hub (хаб) - желідегі компьютерлердің коммутаторы.
Броузер (Brouser) - Шолушы - web-сайттарды қарауға арналған, яғни web-беттеріне сұраныс жасау (көбінесе Желіден), оларды өңдеу, шығару және бір беттен екінші бетке ауысу үшін қолданылатын программалық жасақтама. Броузердің негізгі міндеті - Желіден web - беттерін жүктеу және оларды экранда бейнелеу.
Веб-бет - (ағылш. Web page) —әдетте HTML тілімен жазылған, Әлемдік тордың гипермәтіндік ресурсы. Веб-бетте басқа беттерге тез өту үшін, сілтемелерсонымен қатар, статикалық және динамикалық бейнелер тұруы мүмкін (3.19-сурет).
Веб-беттің мазмұнын динамикалық қылатын, медиа файлдар, мысалы, дыбыс және бейне файлдар, апплеттер, сонымен қатар, скрипттер (JavaScript, VBScript) тұруы мүмкін. Әдетте Веб-беттегі файлдың кеңейтімі html немесе .htm болады. Веб-беттің адресі бірегей URL адресімен анықталады. Мысалы: http://www.yahoo.com/
Бастапқы бет (home page) - сайт үшін алғашқы нүкте, кітаптың мазмұны сияқты.
URL (ағылш. Uniform Resource Identifier).- кез келген құжатың орналасқан жерін бір мәнді анықтауға мүмкіндік беретін Веб-беттің адресі. Адрестің құрамында: протоколдың атауы, доменнің атауы, домендегі компьютерде құжатты іздеу жолы және құжаттың ішіндегі белгілі орынға сілтемелер болуы мүмкін.
Мысалы, http://www.soc.ru/dd/rus/index.html.
Адрестерді газеттерден, жорналдардан, мамандандырылған анықтамалардан және Интернеттің өзінен, іздеуші программалар (Rambler.ru, List.ru, Yahoo.com, AltaVista.com, Aport.ru және басқа) көмегімен табуға болады.
Беттің URL- адресі броузердің Adpec жолында теріледі және http:// және www деген жазбалар болмауы да мүмкін. Мысалы, берілген ұзын - http://www.inchinas.narod.ru адрестің орнына inchinas.narod.ru деп терсе де болады.
Веб-сайт (website, web — «өрмек», «желі» и site — «орын»), — жалпы тақырыппен және дизайнымен біріктірілген, сонымен қатар, өзара, жеке тұлғаның немесе ұжымның сілтемелерімен және бір адреспен (домендік атауымен немесе IP-адреспен) байланысқан, веб- беттердің жиынтығы.
IP - адрес (ай-пи адрес, ағылш. қысқартылған Internet Protocol Address) - IP протоколымен құрылған, Желідегі жеке компьютердің бірегей желілік адресі - торап нөмірі, желі нөмірі.
Егер де желі Интернеттің қурамдас бөлігі ретінде жумыс жасайтын болса, онда адресті провайдернемесе аймақтық интернет- тіркеуші(RegionalInternetRegistry, RIR) береді.
IP-адрес екі бөлімнен туралы: желі нөміріжәне торап нөмірі. IP-адрестің ыңғайлы пішіні (IP 4-нұсқа), нүктелермен бөлінген, төрт ондық сандар түрінде (0 ден 255 дейін) жазу болып табылады. Мысалы, 192.168.150.38.
IP-адресті табу және орнату: Жумыс столында оң батырмамен Сетевое окружениеқапшығын шертіп — Свойства — TCP/IP(ти-си- пи ай-пи) — Свойства.Егер протокол жоқ болса, онда оны қосу керек (Добавитъ).
ICQ - тікелей тілдесу (on line) режімінде Интернеттегі клиенттерді байланыстыруға арналған программа, интернеттік пейджер деуге болады.
Әлемдік торды, бүкіл дүние жүзінде орналасқан, Интернет желісінің миллиондаған веб-серверлері құрайды.
Веб-сервер, HTTP протоколын пайдаланып деректерді жіберу үшін, желіге қосылған компьютерден жіберілген программа болып табылады. Қарапайым түрде, мұндай программа, желімен белгіленген ресурсқа (әдетте файлдар немесе олардың бөліктері) HTTP-сұраным алады, жергілікті қатты дискіден сәйкес файлды іздеп табады және оны желімен сұраным жасаған компьютерге жібереді. Бұдан күрделі веб-серверлер, HTTP-сұранымға жауапты, ресурстарды динамикалыүлестіру арқылы ұйымдастырады