Ары мектеп педагогикасы


Сурет 1 – АҚШ-тың білім беру жүйесі



бет29/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Сурет 1 – АҚШ-тың білім беру жүйесі

Педагогикалық колледждерге тәжірибе әр курста ендірілген. Емтихан кезінде кейде компьютермен тестілейді. Компьютерлік аттестация бірнеше кезеңдерге бөлінген:


1. Қажетті базалық білім мен өз мамандықтарын дұрыс таңдап, анықтауға ынталандырады.
2. Соңғы курстың алдында студенттермен жалпы білім беру және педагогикалық мәселелерді қоя отырып, әңгіме жүргізеді.
3. Түлектерге академиялық және педагогикалық білімі мен икемділіктерін әртүрлі ойын жағдаяттар арқылы тексеруді ұсынады.
Мұғалімнің біліктілігін көтеруі федералды бағдарламалармен қарастырылған. Ғылыми зерттеумен айналысатын мұғалімдерге мемлекет стипендиямен қамтамасыз етеді. Кәсіби деңгейін ұлғайту үшін мектептер келесі әдістерді қоладанды: тәжірибелі мұғалім мен жас мұғалім сабаққа бірге қатысып талдау жасап, кеңес алып, мұғалімдер өоғамын құрып, тренинг т.б. жұмыстар өткізеді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек Америка Құрама Штаттарының білімберу жүйесі туралы былай деп жазады: «…Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде XX ғасырдың 60-шы жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде "американдық прагматикалық педогогика", "экземплярлық", "кафетерилік" деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, бұл орта мектеп оқушыларының ой-өрісінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. Осыған байланысты 1983 жылы АҚШ үкіметінің "Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет" атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді, "2000 жылдың мақсаттары" федеральдық бағдарлама және "Әлемдік деңгейдегі білім" жобасы қабылданып, орта білімнің жүйелілігі және интенсивтілігі арттырылып, математика, жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру бойынша әлемдегі сапалы биік деңгейге көтерілу міндеті қойылды…"(Әділхан Дүйсебек,"Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды","Егемен Қазақстан" газеті, №280, 14-желтоқсан, 2005-жыл).
Англияда мұғалімдерді жалпы колледждерде, университеттерде, педагогикалық бөлімдерде даярлайды. Жеке және мемлекеттік педагогикалық оқу орындары бар. Университетте 1 жыл педагогикалық дайындық өтеді, нақты академиялық курсты аяқтап, 1-3 пәндермен мамандандырылғаннан кейін басқа факультеттерде 3 жыл оқиды. Педагогикалық колледж жалпы бір қалыпты оқу жоспарын қолданбайды. Көбінесе, 3 жылдық педагогикалық колледждердеоқу жоспарында жалпы пәнге бір курс, кәсіби курс, педагогикалық курс, мектептегі өндірістік тәжірибе кіреді.
Болашақ студенттерге мына пәндер көп көңілбөлінеді: ағылшын тілі, әдебиет, математика, дін, үй шаруашылығы, т.б. (бұған 25 % оқу уақыты кетеді) 40 % дан асатын оқу мерзімі кәсіби курсқа арналады (1-2 жыл).
Ережеге байланысты түрлі кәсіби курстар жалпы академиялық пәндерден тұрады: ағылшын тілі, математика, география, тарих – жалпы 8 пән кіреді. Оқу сағаттарының 4-тен бір бөлігі педагогикалық курсқа беріледі. Мұнда философия, педагогика, психология, педагогикалық әлеуметтану, оқыту әдісі, педагогика тарихы, салыстырмалы педагогика, мектеп гигиенасы, мектептану, т.б.
Аудиториялық сабақтардың негізгі түрлері дәріс пен семинардан тұрады. Техникалық тәсілдер, рольдік ойындар, микрооқулар ұлғая түсті. Тьютор арқылы өтетін сабақтар дәстүрлі және маңызды болып келеді. Студентке арнайы бекітілген оқытушы (тьютор) білім беріп, өзіндік ойлауға және әрекетжасауға үйретеді. Педагогикалық практиканы студенттер 14 апта бойына мектеп қабырғасында өтеді. Ол педагог қызметін басқару және педагог басщылығымен бірнеше сабақтарды бақылау. Педагогикалық колледжді аяқтағансоң білімінтолықтыру үшін жас мамандар жұмыс орнынан 1 жылдық тәжірибеден өтуі қажет.
Францияда педагогикалық білім берудің екі жүйесі бар: бастауыш мектеп және орта мектептің оқытушысы. Мұғалімдер мен оқытушылар мемлекеттік оқу орындарында даярланады. Бастауыш мектеп мұғалімінің базалық білім жүйесі екі буыннан тұрады. 2 жыл университетте, 2 жыл жай мектепте (арнайы педагогикалық оқу орны). Әрбуын өз бетінше болғанымен олардың органикалық байланысы бар. Мұғалім мамандығына кіріспе деген курста студенттер университет профессорларының дәрісін тыңдайды және кәдімгі мектепте басқарушы оқытушымен педагогикалық практикадан өтеді.
Болашақ бастауыш мектептің мұғалімі 2 жылдық университет білімінің айналымын қамту қажет. Мұнда жалпы академиялық пәндер мен арнайы курстар кіреді. Ары қарай қалыпты мектепте оқыған кезде 4 блоктан тұратын оқу жоспарын иегерді:
1) Жалпы педагогикалық оқу;
2) Пәндік дайындық пен педагогиканың техникалармен танысу;
3) Әкімшілік-тәрбиелік қызметіне дайындық;
4) Таңдау бойынша курстар.
Педагогикалық мектептегі тәжірибеге 3 апта арналады. Қалыпты мектепте 20 аптаға дейін болады. Мұнда өзіндік жұмыс бастауыш базалық оқу орындарында семестр аяғына дейін болады. Колледж бен лицей оқытушыларын 2 кезеңмен даярлайды:
1) Университеттік білім алу;
2) университеттен кейін білім алу.
Орта мектептің болашақ оқытушысы университетте педагогикалық біліммен шектеспейді. Оны аймақтық орталықтарында өтеді. Бұл орында тыңдаушылар 2-3 мектеп пәндері мен педагогика ғылымын игереді. Қолледж, лицейлерде өтеді. Үздіксіз білім беру идеясы «бүкіл өмір бойы» француз педагогикасының менталитетінде қазіргі кезге дейін орныққан. Дамыған қосымша педагогикалық білімді институт пен педагогикалық құжаттану орталықтардың арқасында орындалады.
Францияда ақпараттық-технологиялық әдіскерлік қорлар ашылған. Олар қоғамдағы педагогика салаларындағы өзгерістерге тезбейімделеді. Елдегі және әлемдегі білім беру жағдаяттарының алдын-ала болжауға ұмтылады.
Франциядағы педагогикалық жәрдем жүйесі бұрыннан келе жатқан дәстүр. 1954 жылы париждегі ұлттық педагогикалық құжаттандыру орталығы Департамент пен аймақтарға енгізілген. Әр оқу орнының жеке құжаттандыру және ақпараттандыру орталығы бар. Ұлттық орталығы атқаратын бұл елдің ерекше қызықтыратындығы – қашықтықта білім беру. Оның құрамына 8 институт кіреді, олардың әр қайсысы белгілібір қызметте мамандандырылады. Бұл жерде әдістемелік материалдар, педагогикалық бағдарламалар, оқу жоспарлары, арнайы қашықтық оқытуда қолданылады. Қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технология әсерінен Франция 2000-2006 жылдары «Үш мың жылдықтағы университет» атты жоғапры білім беруді дамыту бағдарламасында өзгеріс байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет