Маңызды әлеуметтік мотивтер °Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві °Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм); °Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция); °Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм); °Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия); °Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету(тендік). Жеке адам аралық әрекеттесу стратегиялары
А нүктесі — аластаушылық, басқаның жетістігін төмендету мақсатымен, өз мақсатын жоғары қою.
К нүктесі “көнгіштік” стратегиясын көрсетеді (альтруизм мотиві). Бұл жағдайда адам өз мақсаттарын басқаның мүдесіне айырбастайды (көндіреді).
Ы нүктесі – ымыраға келу (компромисс), жетістіктер арасындағы айырмашылықты неғұрлым төмендету. Шартты теңдікке жету үшін өз мақсаттарын толық іске асырмау (тендік).
Б нүктесі — бірлескен әрекет (ынтымақтастық) әрбір қатынасушының мүддесін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бұл жағдайда әлеуметгік мотивтердің екеуінің біреуі (кооперация мен бөсекелесгік) іске асырылады.
Қарым-қатынастың интерактивті түрі
Қарым – қатынастың интерактивті түрі.
Өзара әрекеттестік процесс ретінде сипатталады. Олар: бірлестікт, кооперативті іс - әрекет, жаңалықтармен байланыс, бір – біріне ықпал ету, өзара қарым – қатынас, өзара түсіністік.
Адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасы кооперативті, конкурентті және дау – дамайлы болады.
Қарым-қатынастың перцептивті түрі
Қарым – қатынастың перцептивті түрі .
Әлеуметтенген перцепция процесі субъектінің сыртқы көрінісін бағалау, психологиялық ерекшеліктері, бақылап отырған бейне немесе объектінің әрекеттері және қылықтары нәтижесінде субъектінің әлеуметтенген перцепциясында бақыланған объектіге нақтылы қарым – қатынас қалыптасады, оның мінез – құлқының мүмкіндігі туралы анықтама қалыптасады. Қабылдау процесі негізінде серіктестердің бір – бірімен қарым – қатынасында өзара іс - әрекеті қалыптасады.
Әлеуметтік перцепцияның механизмдері: рефлексия, идентификация, стереотипизация, эмпатия, аттракция, бағдарға ықпал.
Достарыңызбен бөлісу: |