13 апта СРСП Оқушылардың бойында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру үшін оларды толеранттылыққа тәрбиелеудің екі бағытта жүзеге асырылатындығы белгілі болды: жеке тұлғаға бағдарланған және қызметтік.
Жеке тұлғаға бағдарланған:
әр адамның еркіндігіне, өзін-өзі анықтауы мен жеке даралығына;
тәрбиенің арнайы ұйымдастырылған қызметке және тәрбиеленушінің қарым-қатынасына құрылуы.
Ал толеранттылыққа тәрбиелеу мақсаты өсіп келе жатырған ұрпақты адамдармен, адамдардың түрлі топтарымен, олардың ұлтына, тіліне, діліне, діни наным-сеніміне, көзқарасына, дүниетанымына, шешім қабылдауына, мінез-құлқы мен ойлау стиліне, талаптары мен дайындығына, болашаққа деген сеніміне (немесе сенімсіздігіне), сындарлы жеткізуге өзара байланысты екі блок осы мақсаттың толыққанды жүзеге асырылып, шешімін табуға жағдай жасайды.
Толеранттылықты тәрбиелеу тәсілдері
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру үдерісінде оқушы өз жұмысының толерантты білім беру ортасында жүзеге асатын өзіндік пікірін білдіруге құқығы бар субъектісі болуы тиіс. Толерантты білім беру ортасы дегеніміз – күш көрсетпеу атмосферасын, субъектілердің толерантты өзара қарым-қатынасын жүзеге асыратын және басқару мен қарым-қатынастың демократиялық стиліне, субъектілердің бір-бірін қабылдауына негізделген күрделі және динамикалық жүйе.
Педагог толерантты мінез-құлықты қалыптастыру үдерісін қызметтік және құнды қатынастар негізінде ұйымдастырып, жұмысты әлеуметтік мотивтерді зерттеу мен сараптаудан бастап, оқушының микроортадағы тәрбиелену шартарына, осы қасиеттің қалыптасуының психологиялық негізіне, оқушылар ортасындағы толеранттылық пен интолеранттылықтың ашылуына, толеранттылық өмірлік құрылым мысалы ретінде өзіндік ұстанымына баса назар аудара отырып, әр жағдайдағы тиімді әдістер мен тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің формаларын сараптаудан бастау алуы тиіс.