Қарым-қатынастың кедергілері


Қарым-қатынастың кедергілері



бет2/3
Дата13.12.2021
өлшемі19,44 Kb.
#125855
1   2   3
Байланысты:
12,13 апта срсп

Қарым-қатынастың кедергілері. 

Қарым-қатынас формалары: 

Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет,сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы. 

Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді. 

Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі. 

Қарым-қатынастың түрлері: 

1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады. 

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 

4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 

5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. 




Коммуникативті кедергілер-ақпараттың механикалық үзілуі және осыдан оның мағынасының жоғалтуы; берілетін ақпарат анық еместігі, бұның нәтижесінде берілетін ойдың мағынасы жоғалады. Бұны ақпараттың жетіспеушілігі деп атайды. 

Көп жағдайда эмоциямен эмоционалдық тосқауыл байланысты. Бұнда адамдар қандай да бір ақпаратты алып, өздерінің сезімдеріне сай қабылдайды. Келесі түрі фонетикалық түсінбеушілік ол ең алдымен қатысушылар әртүрлі тілде және диалектерде сөйлеген кезде пада болады. Сондай-ақ түсінбеуді семантикалық тосқауылы бар бірінші кезекте ол қарым-қатынасқа қатынасушылардың мағыналар жүйесіндегі әртүрлілігі. Бұл ең алдымен жаргодар алэнгтер мәселесі. 

Түсінбеудің логикалы тосқауылы. Ол коммуникатормен ұсынылатын логикалық пайымдау рецепиент үшін өте қиын немесе оған дұрыс емес болып көрінеді, дәләлдеу мәнеріне қайшылық тудырады. 

Психологиялық тосқауылдың пайда болу себебі: сыбайлас қарым-қатынасындағы әлеуметтік мәдени айырмашылықтарға байланысты. Бұл әлеуметтік, саяси, діни, және кәсіби айырмашылықтар болуы мүмкін. 

Қарым-қатынастағы тосқауыл-бұл коммуникатор мен рецепиент қарым-қатынасының барысында туындайтын , таза психологиялық феномен. 

Қорытынды: 



Жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық тосқауылдары жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бірақ оның өмірінің нақты жағдайына байланысты ерекше жағдай. Демек, адамның жаман көңіл-күйі, ол кездейсоқ сәйкестік нәтижесінде пайда болған, психологиялық кедергі болуы мүмкін, ол адамның қарым-қатынасының белгілі бір жағдайында адамның назарын және түсінігін бұзады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет