«Отан – отбасынан басталады» деген өнегені өзек еткен мәдениет қызметкерлері Халықаралық «Отбасылар күні» мерекесіне орай қала көлеміндегі үлгілі, өнегелі, өнерлі отбасылар арасындағы дәстүрлі «Өнерлі отбасы» сайысын ұйымдастырып өткізді.
Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесіне арнайы жоспар түзіліп, қала тұрғындарын қамтыған мәдени көпшілік іс- шара өткізілді.
Жастардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру мақсатында жас ақындар арасындағы көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы, қаламыздағы өзге ұлт өкілдері мәдени орталықтары өкілдері мен ардагерлерді қатыстыра отырып «Тілі басқа болса да - тілегі бір» тақырыптық театрландарылған концерт көрермендер көңіліне шықты.
«Қазақстар Халықтарының Тілдері мерекесіне» арналған «Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты іс- шара қала басшыларының қатысуымен өткізіліп, мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатып жүрген азаматтарға қала әкімінің, мәслихат хатшысының, «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарымен марапатталып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Осымен қатар «Еңбек күні» мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еңбек адамдары марапатталып, мерекелік концерт берілді.
Мәдениет үйінің жоспары бойынша жастарға өнеге – өсиет беретін «Жас өркен 2017» зияткерлік сайысы, «Гүлдәурен» байқаулары ұйымдастырылып өткізілді.
Кітапханалар жүйесінде:
Бүгінгі таңдағы Қазақстан айдарымен елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауы аясында «Жолдау-Қазақстан болашағы» тұрақты кітап көрмесі, «Жолдау-жарқын істер жалғасы» тақырыптарында дөңгелек үстел, библиографиялық шолу іс-шаралары өткізілді.
Тарих беттеріне үңілсек айдарымен Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты «Түркістан» атты тұрақты кітап көрме, тарихи-танымдық кеш, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына орай ауыл кітапханаларында «Алаштың жарық жұлдыздары» атты тұрақты кітап көрмесі, Орталық кітапханада «Алаш рухы жаңғырған күн» атты тарихи-танымдық сағат өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жыл толуына орай, Алаштың ардақтысы, ХХ – ғасыр саңлағы атанған атамыздың қарапайым кісілігін, кемеңгерлігін, тектілігін, көрегендік қасиеттерін, сыршылдығын кейінгі ұрпаққа өнеге ете отырып, кеңінен таныту мақсатында Монтайтас балалар кітапханасында «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты еске алу кеші, Дермене ауылдық кітапханасында «Дана халықтың, дара перзенті» атты әңгіме, кітап көрмесі, Байырқұм кітапханасында «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты еске алу кеш, «Даланың дана перзенті» атты әңгіме балалар кітапханасында, Ақдала ауыл кітапханасында «Дәуірінің дара тұлғасы» атты портрет кеш, Сырдария ауылдық кітапханасында «Қонаев – ғасыр адамы » атты тақырыптық кеш өткізілді. Теміржолшы, Ақдала ауыл кітапханасы, Арыс қалалық балалар кітапханасында қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, генерал-майор Рахимов Сабыр Омарұлының туылғанына 115 жылдығына «Генерал Сабыр Рахимов» атты тарихи кеш, әңгіме өткізілді. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Байырқұм, Ақдала, Шағыр, Саналы, Сырдария ауылдық кітапханаларда «Ерлік кездейсоқ болмайды» атты ерлік сағаты, «Батырларға мың алғыс» атты тарихи кеш, «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты кітап көрме, «Ауған қасірет» атты еске алу кеш, «Ауғанстан жүректегі жара» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеш ұйымдастырылды. Орталық кітапханада «Ауғанның отты жылдары» атты кездесу кеш өтті. «Жат жерде от кешкендер» атты көрме ұйымдастырылды.
Дәстүрлі өлкем менің айдарымен: Жергілікті ақын Қосжан Мүсіреповтің туғанына 85 жыл толуына орай балалар кітапханасында «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші, Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай, «Оңтүстік-құт мекенім» атты тарихи-танымдық кеш, Байырқұм ауыл кітапханасында «Тарихқа толы мәдени өлке – Оңтүстік» атты тарихи сағаты, «Оңтүстігім – ерен елім» атты өлкетану ақпарат сағаты, Қожатоғай ауыл кітапханасында «Тарихы терең, байлығы ерен – Оңтүстік» атты отансүйгіштік сағат өтті.
Дені сау ұрпақ қоғам болашағы айдарымен: Орталық, балалар,ауыл кітапханаларда Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткен қысқы Универсиада туралы оқырмандарға арналған библиографиялық шолу, «Универсиада 2017: Спорт – біздің серігіміз» атты әңгіме, спорттық ойын өткізілді. Кітапханашылар универсиаданың тарихына тоқталып,Қазақстан спортшыларының жетістіктері туралы газет беттерінен шолу жасады.
«Мәдени мұра бағдарламасы» аясында Орталық, қалалық, ауылдық кітапханаларда «Мәдени мұра асыл қазына» атты тұрақты ашық кітап көрмесі, «Алтын адам – тарихи төл құжатымыз» танымдық сабағы, «Есік қорғандары – қорық мұражайдың құнды жәдігері» қызықты хабарлама сағаты, «Дәстүрдің озығы – ұрпақтың рухани азығы» әдеби танымдық кеш, «Бабамыздан қалған ғаламат, терме – толғау аманат» әдеби кеш, «Көне тарих – мәңгі байлық» атты әңгіме ұйымдастырылды.
Көркем әдебиеттерді насихаттауда халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің туылғанына-115 жыл толуына орай «Әдебиет майталманы, сөз зергері» атты әдеби кеш, «Бір ел – бір кітап» акциясына ақын ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттауда Орталық, Балалар, ауыл кітапханаларында «Бір туар асыл ақын», «Алаш деп ұран салған ақын» атты тұрақты кітап көрмесі, әдеби кеш, библиографиялық шолулар өткізілді.
Облыстық «Бір өлке- бір кітап» акциясына Еркінбек Тұрысовтың шығармалырын насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапханада, ауыл кітапханаларында «Сөз зергері – өрнектеген өмірді», «Қаратаудың тарланы», «Қыран тауының қаламгері» атты тұрақты кітап көрме, библиографиялық шолу, әдеби кеш, тақырыптық кеш, «Темірлан» романына оқырмандар конференциясы өтті.
Өнерді насихаттауда Шағыр ауыл кітапханасында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген еңбек қайраткері Бақытжан Байқадамовтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Кәсіби әннің шебері» атты ауызша журнал өткізілді. ОК, АБК, Монтайтас, Шағыр, Қожатоғай ауылдық кітапханаларда КСРО және Қазақстанның халық әртісі, атақты актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай оқырман қауымға «Өлмес бейнелері есімізде...», «Ғибраты мол ғұмыр» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Рухани мәдениеттік таным (дәстүрлі мерекелер ) «Алғыс айту- аға ұрпаққа құрмет», «Алғыс-сөздің асылы» және т.б. тәрбие сағатар, мерекелік кештер, қызықты ақпараттар сағаты ұйымдастырылды. «Өмірдің мәні – татулық пен алғыста» атты тақырыпта өзге ұлт өкілдерімен іс-шара өткізілді. 8 -Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Мына әлем сіздермен әдемі», Көқжиде кітапханасында «Мен бақыттың гүлімін», «Шуағын шашқан аялы алақан», «Ана-өмірдің шырағы» атты мерекелік кеш, батыр аналармен кездесу кештер, әдеби-сазды кештер ұйымдастырылды.
22-Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні», «Қош келдің, Наурыз», «Жыл басы –Наурыз, мол болсын дәм-тұз» атты әдеби-сазды кеш, мерекелік кеш, танымдық кеш өткізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерге 25 жыл толуына орай, «Көк тудың желбірегені» атты аудандық патриоттық өлеңдер байқауы өткізілді.
Сәуір айында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша С.Торайғыровтың шығармаларын насихаттау барысында Орталық кітапхана №17 кәсіптік колледжде студенттер арасында «Бір туар асыл ақын» танымдық кеш, «Мен, қазақ, қазақпын деп, мақтанамын» мәнерлеп оқу байқауы, Саналы,Теміржолшы ауыл кітапханасында «Аққан жұлдыз жарығы» атты әңгіме, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қаланың «Батырлар» алаңында, Байырқұм ауылдық кітапханасы «Ашық аспан астында оқу залы» атты кітаптармен таныстыру іс-шарасы өткізілді. 23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау» күніне орай Көкжиде, Саналы, Қожатоғай ауыл кітапханаларында «Кітаптар әлемінде» тақырыбында кітап апталығы акциясы ұйымдастырылды
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мақсатында «Арыс қаласының орталық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ауылдар көші - кітапханада» атты жобаның аясында қалың оқырманға өлкеміздің әрбір округі мен ауылының тарихын, шаруашылығын, әдебиеті мен сирек кітаптар қоры, мәдениетін таныстыру қолға алынды.Осыған орай, Орталық кітапханада өз округі мен ауылдары туралы арнайы көрме жасап, өз өңірлерінің ақын-жазушыларының, әншілерінің, еңбек адамдарының қатысуымен әдеби-сазды, танымдық кеш өткізілді. Сәуір айында Монтайтас ауыл округі «Құт мекенім – Монтайтас», Дермене ауыл округі «Туған өлкем – Дермене», Байырқұм ауыл округі «Туған өлке –тұңған шежіре», Қожатоғай ауыл округі «Қойнауы тарих, киелі мекен –Қожатоғай», атты іс-шаралар өтілсе, мамырда Жиделі ауыл округі «Сыр елі – Жыр елі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде Шағыр, Байырқұм ауыл кітапханасында Кеңес Одағының батыры Мәншүк Маметованың, Талғат Бегелдиновтың туылғанына 95 жылдығына «Мәншүк ғасыр аруы», «Қазақтың текті қыраны» атты тарихи кеш, Балалар кітапханасында «9-мамыр Желбірейді Жеңіс туы» тақырыптық кеш, Дермене ауыл кітапханасында «Мың тағызым Ұлы Жеңіске» кітап көрме, қалалық кітапхана «Тағызым саған,Ұлы жеңіс» атты әңгіме, Қожатоғай ауыл кітапханасында «Отан менің өз елім» патриоттық сабақ, Монтайтас балалар кітапханасында «Ел қорғау – ердің міндеті» тәрбие сағаты, Теміржолшы ауыл кітапханасында «Ерлер –жердің қорғаны, елдің тұтқасы» ауызша журнал, Саналы ауыл кітапханасында «Отанды қорғау абройлы міндет» ерлік сағаты, Орталық кітапханада «Ерлігі – елге мұра, ұрпаққа өшпес өнеге» атты төрт ұрпақпен жүздесу кеш өткізілді.
Облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Әлемді кітап арқалы танимын ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Түркі бесігі –Түркістан» атты республикалық байқауға іріктеу мәдениет үйінде өткізілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында орталық кітапханада, барлық ауылдық кітапханаларда ақпараттық сағат, библиографиялық, ақпараттық шолу, тақырыптық көрме ұйымдастырылуда. 12 мамыр Ақпараттық библиографиялық бөлімінде «Жасөспірім және зияндық әдеттер» атты еркіндік пікір сағаты, орталық кітапхана Қазақстанның Халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері, «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шахановтың 75 жасқа толуына «Поэзия әлемінің дарабозы» атты поэзия кеші, Шығыс жастарының ақылшысы, жетекшісі болған Ғани Мұратбаевтың туылғанына 115 жыл толуына орай Теміржолшы ауыл кітапханасында «Ғани ерлігі – өшпес өнеге» атты тақырыптық кеш, 31 мамыр күні саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне Орталық кітапханада «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты еске алу кеші, Сырдария ауылдық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткер Нәзір Төреқұловтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Елім деп, соққан жүрегі» атты тарихи-танымдық кеші өткізілді. 1-маусым балаларды қорғау күніне Орталық, Балалар, Қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Батырлар» алаңында «Күміс күлкіңнен айырмасын» атты мерекелік кеш, 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын Кожатоғай ауыл кітапханасы «Менің Қазақстаным» атты сурет салу байқауы, 6 маусым күні Орталық кітапханада сыбайлас жемқолыққа қарсы «Қоғамдық дертпен күрес» атты дөңгелек үстел, күні ақпараттық – библиография бөлімі «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» орай «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Маусым айында ЭКСПО көрмесіне қатысқан алғашқы қазақ , халқымыздың сүйікті ұлы, тума талант иесі, қазақ әнін Әлем сахнасына паш еткен Әміре Қашаубаевтың туылғанынан 125 жыл толуына орай Орталық, қалалық кітапханада «Париж аспанын әнге бөлеген Ә.Қошаубаев даусы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
5 шілде күні ҚР Астанасы ретінде Астанаға 20 жылдығына Орталық кітапхана, АБК,барлық ауылдық кітапханаларда «Астана – айбарымыз мақтан тұтар»,«Еліміздің жүрегі Астана», «Астана–Отанымыздың жүрегі», «Жаңарған, жайнаған Астана»,«Астана келбеті - ұлт келбеті»,«Астана ЭКСПО 2017», «Әсем қала Астана» кітап көрмесі, мерекелік кеш тақырыптық кеш, ауызша журнал өткізілді. 27 шілде күні Орталық кітапханада ақын Сырбай Мәуленовтың туылғанына 95 жыл толуына орай «Сырбайдың сыршыл әлемі» кітап көрме, ауызша журнал ұйымдастырылды.
6 тамыз облыстық «Туған жерім –алтын бесігім» атты байқауына Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында сағат 10-00 де «Өз өлкеңнің сырын аш» атты букроссинг ұйымдастырылды. Сағат -15-00 де Облыстық «Отырар» кітапханасында Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Самғатқан сан қыранды туған өлкем» атты зиялы қауым өкілдері және жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізілді. 22 тамызда орталық кітапхана қызметкерлері кезекті «Ашық аспан астында оқу залы» атты, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды қала тұрғындарына таныстырып қана қоймай, Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» атты әдеби поэзия кешін қаламыздың «Батырлар» алаңында өткізді. Кітапханада ақпараттық ресурстарды толықтырылып, оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетіліп, өткізілген іс – шаралар жергілікті ақпараттық баспасөз арқылы көпшілік оқырмандарға насихатталды.
|
|
Тілдерді оқыту мен дамыту бойынша
«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мұғалімдер арасында «Тіл шебері» байқауы, «Мен көп тілді білемін» байқауы, өзге этностар арасында «Абай оқулары» байқауы, «Қанекей, тілім, сөйлеші» жас шешендер арасында байқауы, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы, бүлдіршіндер арасында «Бала шақтан болашаққа–ана тілімен» атты қалалық байқауы, «Мақал – сөздің мәйегі» атты қалалық отбасылық сайыс, «Тіл шебері-2017» жастар арасында байқауы, «Қазақ тілінің үздік тіл үйренушісі» орталық тыңдаушылары арасында байқауы, Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында өзге ұлт жастарының қатысуымен «Сөз мерген» сайысы, Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік тіл- мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты дөңгелек үстелі Абай мектеп- интернатында тіл мамандарымен, Ардагерлер кеңесімен, Арыс аудандық сотының қызметкерлерімен өткізілді. «Тіл мерейі-2017» қазақ тілі оқытушылары арасында байқауы, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты фестивалі өткізілді.
«Мақал – сөздің мәйегі» атты қалалық отбасылық сайсында бас жүлдені иеленген «Мұхановтар» отбасы облыстық «Мақал – сөздің мәйегі» сайсында ІІІ орынды иеленді. «Кәнекей, тілім, сөйлеші» байқауында Ибраева Гүлжан «Үздік заманауи киім үлгісі» атты арнайы жүлдесімен марапатталды, «Абай оқулары» байқауында Арыс қаласы «Бас жүлдені» иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Жалпы 2017 жылы тілдерді дамыту бойынша 20 іс-шара өткізу жоспарланып, жүзеге асырылуда.
2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 96,2 пайыз яғни 1210 ересек тұрғынға мемлекеттік тілді меңгерту міндеттеліп, Арыс қаласында Тілдерді оқыту және дамыту орталығының тыңдаушылары есебінен -222, орыс мектебінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің 9-11сыныптар есебінен-58, «Алтын белгі» белгісімен мектепті бітірген оқушылар есебінен- 60, үздік оқитын оқушылар есебінен-460, №17 колледж студенттері есебінен-146, Арыс теміржол колледжінің есебінен- 114 студент арқылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарға арттыру көзделіп отыр. 9 айында І топ А1 қарапайым деңгейде 8 өзге ұлт өкілі, С1 жоғары деңгейінде 3топ 47 тыңдаушы В1 орта деңгейінде І топ 20 тыңдаушы, В2 ортадан жоғары деңгейде 3 топ 47 тыңдаушы оқытылды. Жалпы 122 тыңдаушы.
2017 жылы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін 57,1 пайыз яғни 1070 тұрғынға орыс тілін меңгерту міндеттеліп, «4» пен «5»-ке оқитын 9-11-сынып оқушыларының есебінен -931. Тілдерді оқыту және дамыту орталығының есебінен -139 тыңдаушыға арттыру көзделіп отыр. 9 айында 73тыңдаушы жоспарланып В1 орта деңгейінде 5топ оқытылып сертификат алды. 33 тыңдаушы В1 орта деңгейінде 3 топ курса қабылданып сабақ өтілуде. Жалпы 106 тыңдаушы.
2017 жылы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін 14 пайыз, яғни 500 тұрғынға ағылшын тілін меңгерту міндеттеліп, «5»-ке оқитын 9-11-сынып оқушыларының есебінен -381. Тілдерді оқыту және дамыту орталығының есебінен -117 тыңдаушыға арттыру көзделіп отыр. 9 айдың нәтижесінде 60 тыңдаушы А1 қарапайым деңгейінде 5 топ бітіріп сертификат алды. 30 тыңдаушы 3 топ А1 қарапайым деңгейде курсқа қабылданып оқытылуда. Жалпы 90 тыңдаушы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың төрағалық етуімен өткен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасының 3.1-тармағы бойынша барлық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне қала әкімі орынбасарының атынан 09.02.2017 жылғы №342 хаты жолданып, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтетін қызметкерлер тізімі алынды, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен 250 тест тапсырушылар тізімі жасалынды.
ҚАЗТЕСТ жүйесі Арыс қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясында және Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінде орналасқан.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден 25.01.2017ж. Арыс теміржол станциясының әскери қатынастар комендатурасы, 30.01.2017ж. Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің қызметкерлері өтті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Арыс қалалық бөлімінің қызметкерлері 2 наурызда ұйымдастырылып өткізілді.
Сонымен қатар хаттамалық тапсырманың 3.2-тармағы басшылықа алынып, жұмыс жүргізу үшін бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне хат жолданды. Жалпы құжат айналымы Арыс қаласында 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Арыс қаласы бойынша негізгі индикаторлардың 2017 жылдың әр тоқсанына қойылған жоспары
№/а
|
Негізгі индикаторлар
|
2017 жылдың І тоқсанға жоспары(%)
|
2017 жылдың ІІ тоқсанға жоспары(%)
|
2017 жылдың ІІІ тоқсанға жоспары(%)
|
2017 жылдың ІV тоқсанға жоспары(%)
|
2017 жылдың жылдық жоспары(%)
|
1
|
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі
Жалпы халық (74953)
Ересектер(47158)
96,2% 45410
|
56
44256
93,8%
|
1048
45304
96,0%
|
60
45364
96,1%
|
46
45410
96,2%
|
45410
96,2%
|
2
|
Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі Жалпы халық (74953)
Ересектер(47158)
14 % 6600
|
30
6230
13,2%
|
30
283
6543
13,8%
|
30
6573
13,9 %
|
27
6600
14,0 %
|
6600
14,0%
|
3
|
Үш тіл (мемлекеттік тіл, ағылшын тілі, орыс тілі) меңгерген ересек тұрғындар үлесі) Жалпы халық (74953)
Ересектер(47158)
10,5% 4950
|
63
4763
10,1 %
|
63
4826
10,2 %
|
63
4889
10,3%
|
61
4950
10,5 %
|
4950
10,5 %
|
Достарыңызбен бөлісу: |