қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жүз пайыздан, оның ішінде қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда аса алмайды; 6) қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы
төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының
(айыппұлдың, өсiмпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін
орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз
сомасының жылына он пайызынан аспайды;
7) қарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл,
өсiмпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер
сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық
төлемі жиынтығында қарыз шартының
бүкіл қолданылу кезеңiнде берілген қарыз сомасынан аса алмайды; 8) қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген
валюталық баламасына байланыстыра отырып индекстеуге жол берілмейді;
9) қарыз шартының сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл),
комиссиялар және өзге де төлемдер мөлшерлері туралы талаптары оларды
ұлғайту жағына қарай өзгертіле алмайды.
Демек, Азаматтық кодекстің 725-1 бабына сәйкес бұл қарыз сомасына қосылатын сыйақы, айыппұл және комиссиялар қарыз сомасының аса алмайды. Сондықтан, осы заңның талаптарын ескере отырып, микрозайм
қарызын ай сайын кешіктірмей төлеуім үшін, менің басымда өзге
микрозайм компанияларына қарызым бар екенін ескеріп,
1. Қарыз сомасын менің қазіргі қаржылық жағдайыма сай азайтуды сұраймын
3
2. Қарыз сомасының үстіне қосылған айыппұл және сыйақы сомасын Азаматтық кодекстің 725-1 бабына сай, мен төлеген ақшаларды ескере отырып, азайтуды сұраймын.