«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет14/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1.Негізгі құралдардың тозудың мен түрлеріне мысал келтіріңіз.
2. Негізгі құралдардың тозудың түрлері мен мәндеріне анықтама беріңіз.
3. Бірқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдісі дегенәмәз не?
4. Негізгі құралдар сапалық тозудың 1-ші себебі?
5. Негізгі құралдардың түрлері
Сабақ тақырыбы:Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тәсілдері

1. Амортизация және амортизациялық аударым түсінігі


2. Амортизациялық аударымды есептеу әдістері

1. Негізгі құралдар өндіріс процессінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырады. Бұл процесс амортизация деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отыруын амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады.


Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Ұйымдарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған НҚ-ға амортизациялық аударымкелесі айдың басынан (бірінен) бастап есептелінеді. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған НҚ-ға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.
Негізгі құралдардың ішінде төмендегідей активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді: жерге, кітапхана қорларына, фильм қорларына, архитектуралық және өнер ескерткіштеріне, өнімді малдарға, мұражайлық құндылықтарға.
Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:

    • қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;

    • НҚ уақытша тоқтатып қойған мерзімде.

2. Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі ұйымның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін қолданады. Егер өзгертілген жағдайда осы өзгерістердің қандай себептермен болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.



  1. Бірқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны НҚ-ң жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылқ суъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады.

Амортизациялық аударым сомасын бастапқы құн мен қалдық құнның айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. Мысалы: Станоктың Бқ=1000 000, Ққ=100 000. Пайдалану мерзімі бес жыл.
1 жылдық амортизациялық аударым  = =180 000
Барлық амортизациялануға тиісті соманы 100%, пайдалану мерзімі 5 жыл.
1 жылдық амортизациялық аударым мөлшері (100/5=20%)
(Бқ 1000 000 – Ққ 100 000) 20%=200 00*20%=180 000




Станоктың бастапқы құны (теңге)

Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы

Жинақталған тозу сомасы

Станоктың баланстық құны




1000 000





100 000

1 жыл

1000 000

180 000

180 000

820 000

2 жыл

1000 000

180 000

360 000

640 000

3 жыл

1000 000

180 000

540 000

460 000

4 жыл

1000 000

180 000

720 000

280 000

5 жыл

1000 000

180 000

900 000

100 000

1) 5 жыл ішінде есептелген АА сомасы өзгермейді.

  1. Жинақталған тозу - бірқалыпты өсіп отырады.

  2. НҚ қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет