Бақылау сұрақтары:
1. Материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебі қандай өлшемдермен есептеледі
2. Тізімдеме неше бөлімнен тұрады?
3. Жеке карточка не үшін ашылады?
4. Тізімдеме қандай жағдайларда жасалады?
5. Әзірлеме ненің негізінде жасалады?
Сабақ тақырыбы: Өндіріске жіберілген материалдарды бағалау тәсілдері
1. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері
2. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу
Халықаралық есеп стандартына және ҚЕҰС-на сәйкес материалдық құндылықтарды есептеудің төмендегідей бағалау әдістері қолданылады:
Жаппай идентификация әдісі;
Орташа құн әдісі;
ФИФО-бірінше сатып алу бағасы бойынша қорларды бағалау әдісі;
31 қазанға қорлар туралы мәліметтер
қазан 1 - қорлар 50 бірлік 100-ден - 5 000 теңге
6 - куплено 50 бірлік 110-нан - 5 500 теңге.
13 - " 150 бірлік 120-дан – 18 000 теңге
20 - " 100 бірлік 130-дан – 13 000 теңге.
25 - 150 бірлік 140-тан - 21 000 теңге
__________________________________________________________
Барлығы 500 бірлік 62 500 теңге
Өндіріске жұмсалғаны - 280 бірлік
31.10-на қалдық - 220 бірлік
Сонымен, бізде жалпы сомасы 62500 теңгеге тауарлы-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) 500 бірлігі бар.
1. Жаппай идентификация әдісі бойынша әрбір тауарлық бірлік бойынша нақты оның бағасын бекітуіміз керек.
Сондықтан, мысалға 31.10-да бар 220 бірліктен – қордан 50 бірлік 1.10; 100 бірлік 13.10 сатылып алынғандардан; 70-25.10 сатылып алынған.
31.10-на тауарлық қорлардың құнын анықтаймыз:
50-100 5 000 Барлығы - 62 500
100- 120 12 000 Минус
70-140 9 800 31.10-не қорлар -26 800
_____________ Өндіріске
жиыны 26 800 апарылған
құн - 35 700
2. Орташа құн әдісі материалдық қорлардың орташа өлшенген құнын көрсетеді. Сондықтан, тауар бірлігінің орташа құны тең болады:
(62 500 : 500) = 125.
Осыдан өндіріске апарылған ТМҚ құнын анықтаймыз:
280 х 125 = 35 000
қалған қорлардың құны:
220 x 125 =27500. Осы әдіс кезінде есепті кезеңде алынған ТМҚ барлық бағалары есепке алынып, бағалардың өсуі және төмендеуі байқалады.
3. ФИФО әдісі (бірінше сатып алу бағасы бойынша қорларды бағалау әдісі) бойынша бар материалдық құндылықтарда бағалау соңғы сатып алу құны бойынша есепті кезеңге бағалауды түсіндіреді, сл сатылған құны неғұрлым ерте сатып алуларға қатысты.
Мысалы, бар 220 бірлік ТМҚ-дан:
70 бірлік 20.10 х 130 = 9 100
150 бірлік 25.10 х 140 =21 100
жиыны 30 100
осыдан апарылған ТМҚ құны құрайды:
62 500 - 30100 = 32 400.
ФИФО әдісін пайдалану тиімділігі есепті кезеңнің аяғына материалдық қорлар соңғы сатып алу бағасы бойынша бағаланады, ал сатылған өнім құнына бірінші сатып алу бағасы қолданылады.
Бағаның өсуі кезінде ФИФО әдісі мүмкін болатын таза табыстың неғұрлым жоғары деңгейін береді. Сәйкесінше, бағаның төмендеуі кезінде кері процесс байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |