«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет36/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

        1. Үстеме шығыстардың талдау есебі дегеніміз не?

        2. коммуналдық қызметткр қандай шотқа жатады?

        3. Үстеме шығыстар бөлімшесі қандай шоттардантұрады?

        4. Үстеме шығындар дегеніміз не?

        5. Үстеме шығындар, олардың құрамы мен сипаттамасы

Сабақ тақырыбы: Көмекші өндіріс шығындары есебі бойынша шоттар корреспонденциясын құру



  1. Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып, жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс д.а. (Бұл қазандық электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу механикалық цехы, автотранспорт және т.б.).

Көмекші өндіріс есебін ұйымдастыру олардың түрлері мен атқаратын функцияларына, технологиялық процесс сипаттамасы және өндірілетін өнімге, өндіріс көлемі мен басқарудың ұйымдастыру нысандарына байланысты.

  1. Түрлері мен атқаратын функциялары бойынша көмекші өндіріс келесі топтарға бөлінеді:

  • инструменталды (дайындау, сынған құрал-саймандарды жөндеу және қалпына келтіру);

  • жөндеу (монтаждау, негізгі құралдарды, құрал-жабдықтарды жөндеу);

  • энергетикалық (электр, жылу және басқа да энергияны өндіру мен тарату);

  • транспорттық (көліктік және тиеу-түсіру жұмыстары);

  • таралық (тараларды жөндеу (ыдыс және ыдыстарды жөндеу);

  • шаруашылық қызмет көрсету (арнайы киімдерді қалпына келтіру, жуу, өндіріс орындарын жинау).

  1. Көмекші өндіріс технологиялық процесіне байланысты келесілерге бөлінеді:

  • дара (тапсырыс беруде жеке дара түрінде дайындау);

  • сериялық (құрал-саймандардың және қосалқы бөлшектердің сериялық түрлері);

  • жалпы (энергияны жалпы өндіріс бойынша тарату, көліктік және тиеу-түсіру жұмыстары).

  1. Көмекші өндірісте өндірілетін өнімнің біртектілігіне байланысты олар:

  • қарапайым - бұл өндіріс біртекті күрделілігі бірдей өнімді шығарады (энергиялық, көліктік, шаруашылық қызмет көрсету);

  • күрделі – бұл өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады. Оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізіледі және олардың шала фабрикаттары мен аяқталмаған өндірісі болады (құрал-саймандық, жөндеу және таралық).

  1. Көмекші өндіріс өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты:

  • ірі өндіріс;

  • ұсақ өндіріс.




  1. Барлық шығындар түрлері тәрізді көмекші өндіріс шығындары да тура және жанама, шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы, негізгі және қосалқы түрлері бойынша сипатталады. 8300 «Көмекші өндіріс» шоты активті, негізгі, әрекеттік және калькуляциялық. Жыл басында қалдығы дебеті бойынша көрсетіледі. Көмекші өндіріс бойынша өндірістік және қаржылық есеп шоттарының арасындағы байланысты жүзеге асыруда 1340»Аяқталмаған өндіріс» шоты пайдаланылады. Көмекші өндіріс бойынша 8300 шотының бір элементтік шоттарына келесі шоттар жатады:

8311 – материалдар
8312 - өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы
8313 – еңбекақыдан аударымдар
8314 – үстеме шығыстар
Бұл шотта есеп ай бойы жүргізіледі, ал ай соңында аталған шоттар жабылып (кредиттеліп) 8300 шотына апарылады (дебеттеледі).

  1. Көмекші өндіріс шығындарының есебі






Әрекеттер мазмұны

Сомасы, тг.

Д-т

К-т

1

Жыл соңында өндірістік есеп шотының қалдығы қаржылық есеп шотына аударылды

3 000







2

Көмекші өндіріс бойынша технологиялық қажеттіліктерге шикізат және материалдар босатылды

12 000







3

Көмекші өндіріс қажеттіліктеріне қосалқы бөлшектер босатылды

3 000







4

Көмекші өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелінді

15 000







5

Көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан Әл.салық және Әл.жарна ұсталымдары ұсталынды










6

Айдың соңында көмекші өндіріс шығындарына үстеме шығындары таратылып есептен шығарылды

3 000







7

Ай соңында көмекші өндіріс шығындарының бір элементтік шоттары жабылды

35 040







8

Жыл аяғында көмекші өндіріс бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығы қаржылық есеп шотына апарылды.

2 000










Барлығы:










  1. Көмекші өндіріс шығындарының есебі № 10 журнал-ордердің № 1, 2 тізімдемелерінде жүргізіледі. Бұл тізімдемелерде өндіріліп шығарылған өнімнің өзіндік құны оған көрсетілген қызметтердің пайда болу орындары бойынша бағалары анықталады.

Бақылау сұрақтары


1. Көмекші өндіріс өндірілетін өнімнің көлеміне
байланысты нешеге бөлінеді?
2. Көмекші өндіріс технологиялық процесіне байланысты
неше топқа бөлінеді,ата.
3. Көмекші өндіріс шығындарының есебі қандай журнал
Ордерінде қолданылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет