«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны


Сабақ тақырыбы: 16. Кезең шығындарының есебі



бет37/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Сабақ тақырыбы: 16. Кезең шығындарының есебі



  1. Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар да болады. Бұл шығыстар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие. Сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық субъектілері ешнәрсе өндірмесе де белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Бұл шығындар дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Жалпы және әкімшілік шығыстарға:

  1. ұйымды және жалпы өндірісті басқаруға байланысты шығындар;

  2. ұйымды басқару аппаратының еңбекақысы, олардан жасалатын аударымдар;

  3. іс-сапар шығындары;

  4. офистік, типография, телефон, телеграф, почта шығындары;

  5. банкке қызмет үшін шығыстар;

  6. тоқтап қалу шығыстары;

  7. материалдың бұзылуынан кеткен шығындар;

  8. коммуналды қызмет;

  9. бірмезгілді жәрдемақылар;

10)объектіні қорғау шығындары;
11)салық бойынша шығындар;
12)айыппұлдар, өсімдер бойынша шығындар;
13)еңбекке жарамсыздық бойынша толық жазылғанға дейінгі қосымша төлем шығыстары.

2. Сапасы жағынан белгілі стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар өнім ақауы болып есептеледі. Олар:



    1. байқалған орны бойынша ақау:

а) ішкі (өнім сатып алушыға дейін анықталған);
б) сыртқы (сатып алушыда анықталған);
2) анықталған ақаудың сипаты бойынша:
а) түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуге тиімсіз;
б) жөндеуге болатын ақаулар.
3) Пайда болу себептері бойынша өндірістік технологияның бұзылуы, сапасыз, шала фабрикаттар, тұрудан болатын жоғалтулар, материалдық құндылықтардың жетіспеуінен болатын шығындар.
Ақауды жөндеу шығындары «цехтар бойынша шығындар» тізімдемесінде көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болатын шығындар «өндірістегі шығындарды есепке алу» тізімдемесінде айқындалады. Оған жазу № 12 тізімдемесіндегі «ақау туралы хабарламалары» негіз болады.

  1. Пайыздар бойынша шығындар есебі 7310 «сыйақылар бойынша шығыстар» шотында жүргізіледі. Бұл шот активті, негізгі, жинақтап таратушы. Бұл шотта банк несиесі бойынша мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар есепке алынады.

Пайыздар дегеніміз – несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет