Бақылау сұрақтары:
Жалпы және әкімшілік шығыстарға мысал келтір?
Жалпы және әкімшілік шығындарының
Коммуналдық шығындар нені есепке алынды?
Жалпы және әкімшілік шығыстарға түсініктеме бер?
іс-сапар шығындары дегенді қалай түсінесін
Сабақ тақырыбы: Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
Шығындарды есепке алудың және өнімнің ӨҚ-нын калькуляциялаудың 2 әдісі бар:
1) Тапсырыстық
2) Бөлістік
Шығындарды есепке алудың және өнімнің ӨҚ-нын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы жеке дара өндірісі бар ко-да жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Тапсырыстық ӨҚ-ны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады. Барлық тікелей шығындар әрбір тапсырыс бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады.
Шығындарды есепке алудың және өнімнің ӨҚ-нын калькуляциялаудың бөлістік әдісі – жаппай өнімді өндіретін ко-да қолданылады. Онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланатын ко-да қолданылады (металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және т.б.). Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар әрбір кезеңі, бөлісі, ауысымы бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін жартылай фабрикаттар шығарылады. Ең соңында дайын өнім алынады.
Негізгі өндірістегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі.
Тапсырма. Өндіріс үш бөлістен (кезеңнен, цехтан) тұрады, барлық дайындалған жартылай фабрикаттар рет-ретімен алдыңғы бөлістен кейінгі бөліске өткізіледі.
№ 1 цех
Анықтау қажет:
1т. жартылай фабрикаттардың цехтық өзіндік құнын;
жартылай фабрикаттардың цехтық өзіндік құнын және № 1 цехтан қоймаға өткізілетін жартылай фабрикаттар бойынша бухгалтерлік жазба құру;
№ 1 цехтың аяқталмаған өндірісінің өзіндік құнын.
Берілген мәліметтер:
Қайта өңдеуге 300 000 теңгеге 1т. 3 000 теңгеден 100 т. шикізат түсті;
75 т. шикізат қайта өңделді және 75 т. жартылай фабрикаттар алынды;
Қайта өңдеу бойынша шығындар 1 т. – 300 теңге.
№ 2 цех
Қоймадан № 2 цехқа кірістелген меншікті өндірістің жартылай фабрикаттарына бухгалтерлік жазба құру.
Анықтау қажет:
1т. жартылай фабрикаттардың цехтық өзіндік құнын;
Жартылай фабрикаттардың цехтық өзіндік құнын және № 2 цехтан қоймаға өткізілетін жартылай фабрикаттар бойынша бухгалтерлік жазба құру;
№ 2 цехтың аяқталмаған өндірісінің өзіндік құнын.
Берілген мәліметтер:
№ 1 цехтан қайта өңдеуге 247 500 теңгеде 75т. шикізат түсті;
Қайта өңделгені 70т. жартылай фабрикаттар;
Қайта өңдеу бойынша шығындар 1т. – 1 000 теңге.
№ 3 цех
1. Қоймадан № 3 цехқа кірістелген меншікті өндірістің жартылай фабрикаттарына бухгалтерлік жазба құру.
Анықтау қажет:
2. 1т. дайын өнімге өндірістік өзіндік құнын;
3. Дайын өнімге өндірістік өзіндік құнын;
4. № 3 цехтың аяқталмаған өндірісінің өзіндік құнын;
5. Қоймаға кірістелген дайын өнімге бухгалтерлік жазба қүру;
6. Жартылай фабрикаттардың цехтық өзіндік құнын және № 2 цехтан қоймаға өткізілетін жартылай фабрикаттар бойынша бухгалтерлік жазба құру;
7. № 2 цехтың аяқталмаған өндірісінің өзіндік құнын.
Берілген мәліметтер:
№ 1 цехтан қайта өңдеуге 247 500 теңгеде 75т. шикізат түсті;
Қайта өңделгені 70т. жартылай фабрикаттар;
Қайта өңдеу бойынша шығындар 1т. – 1 000 теңге.
Негізгі өндірістегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі.
Тапсырма. «Ертіс» қонақ үйіеің тапсырысы бойынша жасауға берілген креслолардың өзіндік құнының калькуляциясын құру және орындалған тапсырыстың бір бірлігінің нақты өзіндік құнын анықтау. Шығындар баптары бойынша бір креслоның нақты өзіндік құнының жоспарлы өзіндік құнынан ауытқуын анықтау.
Берілген мәліметтер:
Ай ішінде қонақ үй тапсырысы бойынша 400 кресло дайындалды.
Өнім бірлігінің өзіндік құнының көрсеткіштері.
Шығындар баптары
|
Жоспралы өзіндік құн
теңге, тиын
|
Нақты өзіндік құн
теңге, тиын
|
Материал шығындары
|
436-00
|
450-00
|
Еңбекақы
|
145-00
|
145-00
|
Еңбекақыдан аударымдар
|
26-49
|
26-49
|
Амортизация аударымдары
|
80-00
|
80-00
|
Басқа да үстеме шығындары
|
125-00
|
125-00
|
Өнімнің өзіндік құнының есептік калькуляциясын келесі нысан бойынша құру:
Тапсырушы ________________________________________________________
Бұйым атауы ______________________________________________________
Саны (дана) _______________________________________________________
Шығын баптары
|
Барлық өнім шығындары
|
Өнім бірлігінің өзіндік құны
|
Жоспарлы
|
Нақты
|
Ауытқулар
|
Материал шығындары
|
|
|
|
|
Еңбекақы
|
|
|
|
|
Еңбекақыдан аударымдар
|
|
|
|
|
Амортизация аударымдары
|
|
|
|
|
Басқа да үстеме шығындары
|
|
|
|
|
Өндірістік өзіндік құн
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |