«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет42/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

        1. Қарапайым әдістің төртінші нұсқасына түсініктеме бер?

        2. Екінші нұсқаулыққа мысал келтір?

        3. Өнімнің өзіндік құнынның неше баптары бар?

        4. Өндірістегі шығындарды есепке алу дегенді қалай түсінесің,түсініктеме бер?

        5. Қарапайым әдіске мысал келтір?



7-Тарау Дайын өнім және оны сату есебі.


Сабақ тақырыбы: Дайын өнім, оны бағалаудың есебі мен құжатталуы.



  1. Дайын өнім есебінің міндеттері.

  2. Дайын өнімді бағасы.

  3. Дайын өнім қозғалысын құжаттама көрсету, олрдың сатылуы мен тиелуі.

1. Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.


Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін дайын өнімнің қткен айдағы нақты өзіндік құны , тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.
2. Дайын өнімді бағалаудың 3 әдісі бар:
1) Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде дайын өнім құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.
2) «ФИФО» әдісі – босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді.
3) Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі. Бұл әдіс өнімдердің партиялық есебін дәл қйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.
3.Дайын өнімді қабылдау – тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау – тапсыру құжаты (накладнойы) цехта 2 дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың 1 данасы қоймада, екіншісі цехта қалады.Экономиканың әр түолі салаларында
қабылдау – тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.
Қабылдау – тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, т.б. өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын қнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөнінде құжаттар, оның тізімдемесімен бірге бухгалтерияға түседі.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы немесе айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 шотының дебетінде жинақталып 8010, 8020, 8030 шоттарының кредитінде көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет