«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет44/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

        1. Цедент дегеніміз не?

        2. Цессионер дегеніміз не?

        3. Сатып алушылармен есеп айырысушыларға мысал келтір?

        4. Регресс талабы дегеніміз не?

        5. Цессияға мысал келтір?



Сабақ тақырыбы: Қосылған құн салығы бойынша
бюджетпен есеп айырысу есебі.



  1. Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 ҚҚС шоты қолданылады.

1420 шотының дебеті бойынша 3310, 3390 шоттарының кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған ТМҚ-ды, атқарылған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетіледі.
Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен ҚҚС алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланылады, егер де:

  • тауар (жұмыс, қызмет) алушы ҚҚС-ын төлеуші б.т.;

  • жабдықтаушы ҚР-да сатылған тауарларға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде ҚҚС төлеуші б.т.

ҚҚС-ның сомасы есепке жатқызылады, егер де:



  • тауарды (жұмыс, қызмет) алушы ҚҚС-ын төлеуші б.т.;

  • төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында көрсеткендей болса;

  • төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін растайтын болса;

  • темір жол және авиа билетінде көрсетілген салық сомасы салық заңына сәйкес сомада болса;

  • тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;

  • бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық сомасымен сәйкес келсе.

Алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС болса, олар есепке жатпайды, егер де:



  • тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса;

  • тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақ үй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы;

  • жеңіл автомобиль негізгі құрал ретінде алынған болса;

  • тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер).

Есепті кезең өткеннен кейін ҚҚС бойынша есепке рұқсат етілген сомасы 1420 шотының кредитінен 3130 шотының дебетіне есептен шығарылады.



  1. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, ҚР-ның «Еңбек туралы» заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іс-сапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда 40 күннен аспауы керек.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметтерінің барысында өкілдік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма-қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы қызмет көрсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін, акционерлер жиналысына келген директорлар үшін және т.б. шаралар үшін алынуы мүмкін.

Өкілдік шығыстардың сомасы заңда бекітілген нормасымен сәйкес келуі тиіс: Ресми кездесу кезінде шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың қатысушылары көп болмауы керек, яғни келген делегацияның саны аудармашылармен қоса есептегенде 5 адам болса, онда қабылдаушы жақтың да адамдары 5-тен аспауы керек.
Өкілдік шығыстарды есептеу үшін негізгі құжаттар ретінде мыналар қарастырылады:

  • бұйрықтар;

  • келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жұмысты жүргізудің бағдарламасы, күтілетін қатысушылар саны, талқыланатын мәселелердің тізімі;

  • шығыстың әрбір баптарының негізділігімен байланысты жасалған шығыс сметасы.

Осы аталған құжаттар толық талқыланып, оның негізінде бұйрық жасалып, кәсіпорын басшысы қол қойған соң, ол бухгалтерияға өткізіледі. Жауапты тұлғаға, яғни есеп беруге тиісті адамға бекітілген смета мөлшерінде ақша бөлінеді.
Шара аяқталған соң, есеп беруге тиісті тұлға бұйрықта қаралған шаралардың орындалу деңгейін дәлелдейтін: аванстық құжаттарын, оның шығысын растайтын алғашқы құжаттарымен (кассалық ордер, фискалдық кассалық чектерімен, сатып алу актілерімен, шоттарымен, билеттерімен, жалға келісім-шарттарымен) және кәсіпорын басшысы бекіткен сметаның орындалуы туралы актісін бірге бухгалтерияға тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет