«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет45/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

        1. Қосылған құн салығы дегеніміз не?

        2. Қосылған құн салығына мысал келтір?

        3. Өндіріс шығындар есебін есептеуде қандай шаралар қолданылады?

        4. Бұйрық дегеніміз не?

        5. Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы дегеніміз не?

Сабақ тақырыбы: Қаржылық нәтижелердің құрылу тәртібі.

1. Қаржылық есеп беру дегеніміз – кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайлары, қызметтерінің нәтижелері мен қаржылық жағдайларындағы өзгерістер туралы ақпараттар. Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады. Қайта құрылған ұйым үшін бірінші есепті кезең оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап осы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзім болып табылады. Ұйымдар қаржылық есеп беруді келесілерге ұсынады:



  1. құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;

  2. ҚР мемлекеттік статистика органдарына;

  3. ҚР-ның мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына;

Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
ҚР-ның бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның заңдық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі. Есеп беру мәліметтерін к/о-ның тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
2. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары:
1) Есептеу – қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады.
2) Толассыздық – субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
3) Түсініктілік – қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
4) Маңыздылық – қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
5) Мәнділік – қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
6) Дұрыстық – есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
7) Шындық және алалықсыз ұсыну – қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, әрекеттердің нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
8) Бейтараптылық – қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы тиіс, яғни сенімді болжамы болған абзал.
9) Сақтық – кез-келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
10) Аяқтау және салыстыру – қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
11) Жүйелілік – пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әр түрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыруы керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтайды.
3. Қаржылық нәтиженің құрылу тәртібі 5 кезеңнен тұрады:
1) жалпы табыс;
2) негізгі қызметтен түскен табыс;
3) салық салынатын табыс;
4) КТС;
5) таза қаржылық нәтиже.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет