«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет32/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

  1. Айырбас дегеніміз не?

  2. Бюджетпен есеп айырысу есебін қалай тусінесің,түсініктеме бер

  3. Айырбас жасау кезінде жасалатын келісім-шартта қандайі мәліметтер көрсетілуі керек?

  4. Өнімді сату шамасы бойынша есеп айырысу қандай шот арқылы жүргізіледі?

  5. Тауарлы айырбастың неше түрі бар?

Сабақ тақырыбы: Төлемақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар



  1. Ұйымның бухгалтериясы тек еңбекақы, әр түрлі қосымша төлемдер, жәрдемақылар есептеп қоймай, сонымен қатар еңбекақыдан ұсталымдарды да жүргізеді. Заңдылыққа байланысты жұмысшылардың төлемінен келесі ұсталымдар жасалады:

  • жеке табыс салығы (ЖТС);

  • жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар (ЖЗҚ);

  • алдында берілген аванстар бойынша берешектерді өтеу, дұрыс есептелмеген есеп айырысулар нәтижесінде жұмысшыларға артық төленген сомаларды қайтару;

  • субъектіге жұмысшымен жасалған материалдық жетіспеушіліктердің орнын толтыру;

  • айыппұлдардың кейбір түрлері бойынша ұсталымдар;

  • атқарушы құжаттар бойынша кәмелетке толмаған балалар үшін алимент;

  • өнімнің ақаулығына, бұзылуына байланысты ұсталымдар.

ЖТС бойынша ұсталым 2001ж. 12 маусымда қабылданған ҚР-ң «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» туралы кодексінің негізінде жүргізіледі. Келесі табыс түрлері ЖТС-ғын ұстауға жатпайды:



  • зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері, стипендиялар, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

  • біркелкі мерзімді төлемдер, материалды көмек;

  • банктерге салымдар бойынша сыйақылар.

  1. Ұсталымдардың жалпы сомасы жұмысшыларға төленетін төлемінің 50%-нан аспауы керек. Талап міндеттемесі негізінде еңбек төлемінен ұсталатын ұсталымдар айына 1 рет жүргізіледі. Егер жұмысшы сату ұйымдарында несиеге тауар алса, жұмыс істеген айына төлемақысының берілген күнінен 3 күн ішінде төлеу керек.

Ұйым берешегін өтеу тәртібінде жүргізілетін ұсталымдар:

  • аванс;

  • қате төленген сомаларды қайтару;

  • демалыс кезінде жұмыс істемеген күндеріне алған сомаларды қайтару;

  • материалдық мүліктік жетіспеушіліктердің орнын толтыру.

Ұйым жұмысшысының кінәсі бойынша белгіленген тәртіппен әкімшіліктің шешімі бойынша жүргізіледі. ҚР-ң «Еңбек туралы» заңының 91 бабына байланысты жұмысшылар материалды жауапкершілік тартады. Егер: 1) сенімхат және басқа да бір мезгілде берілетін құжаттар бойынша жұмысшылардың есебіне мүлік және басқа да бағалы заттар алынса; 2) жетіспеушілік негізінде жұмысшымен жасалған арнайы материалдарды жою немесе бұзу жағдайында; 3) коммерциялық құпияны жариялау негізінде келтірілген зияны болса.
Еңбек төлемі бойынша қызметкерлермен, жұмысшылармен есеп айырысудың жинақтау есебі 3350 (пассивті, негізгі, есеп айырысу) жүргізіледі. Бұл шотта өндіріс персоналына есептелген еңбекақы сомаларының қолда бары мен қозғалысына байланысты дайын өнімді сатумен айналысатын жұмысшыларға, әкімшілік персоналына, ұйым жұмысшыларына бір мезгіл төленетін төлемдер (материалдық көмек, сыйақылар және т.б.).

3.






Шаруашылық әрекеттер мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Негізгі цех жұмысшыларына еңбекақы есептелінді

8112

3350

2

Электорцех жұмысшыларына еңбекақы есептелінді

8312

3350

3

әкімшілік басқару персоналына еңбекақы есептелінді

7210

3350

4

Жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік салық ұсталымдары жасалынды

3350

3210

5

Жұмысшылардың еңбекақысынан ЖЗҚ-на ұсталымдар жасалынды

3350

3220

6

Жұмысшылардың еңбекақысынан ЖТС ұсталымдары жасалында

3350

3120





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет