6-Тарау
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Сабақ тақырыбы: Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі принциптері
1. Өндіріс процесінде еңбек құралдары мен еңбек заттарын пайдалана отырып, жұмысшылардың күшімен қандай да бір дайын өнім өндіріліп шығады. Ең басты мақсат өндіріс процесінде шығарылатын өнімді неғұрлым сапалы және арзан өндіру.
К/о-да өндірісті мынадай түрлерге бөледі:
негізгі өндіріс – бұл өндіріске к/о шығаратын өнімдер, өнімді стауға және зауыт ішінде тұтынуға арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс – негізгі өндіріске қызмет көрсетеді.
Қосымша өндіріс – негізгі өндірістен қалған қалдықтарды және негізгі өндіріске материалдарды дайындайтын цехтар.
Эксперименталдық цехтар – жаңа өнім жаңа технологиялық байқадан өтетін цех.
әлеуметтік сала бөлімдері – бұл бөлімдер к/о жұмысшыларының қызметіне көмек көрсетеді.
К/о-да болатын шығындар өндіріске қатысы бойынша келесідей бөлінеді:
өндірістік және өндірістік емес
тура және жанама шығындар
тұрақты және ауыспалы шығындар
элементтік және кешендік
2. Өндірістік шығындар 8-ші бөлімдегі шоттарда есептеледі. Оның есебіндегі негізгі қағидалары:
1) аталып өткен шоттардың көрсеткіштері құпия болып келеді, сондықтан үлкен к/о-да 2 есеп бөлімі болады:
- қаржылық есеп жүргізетін есеп бөлімі;
- өндірістік есеп жүргізетін бөлім.
2) егер осы аталған шоттардың қалдығы болса, жыл соңында қаржылық қалдығы ескі шоттар үлгі жоспары бойынша 21 бөлімшенің шотына, ал жаңаша 1340 шотына апарылады.
3) 8 бөлім шоттары өндіріске байланысты бөлімшелер болып топтастырылады. Бұл шоттардың ішінде элементтік шоттар бар транзиттік шоттар болады, яғни элементтік шоттарда ай бойы шығындар есептеліп, ай соңында басты шоттарға апарылад (үстеме шығыстарға).
Достарыңызбен бөлісу: |