Бақылау сұрақтары:
Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістеріне түсініктеме бер?
Өндіріс шығындары есебіне мысал келтір
Шығын баптары дегеніміз не?
Амортизация аударымдарына тусініктеме бер?
Өндірістік өзіндік құн дегенді қалай түсінесің?
Сабақ тақырыбы: Шығынның есепке алудың қарапайым әдісі
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда аяқталмаған өндіріс болмайды және шала фабрикаттарды өзі өндіреді. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты-натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым 4 нұсқасы бар:
Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындаладды. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың ӨҚ-нын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті инвентарлық әдісті пайдалана отырып, бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу электр станциясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұнда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің ӨҚ-ны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады.
Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің ӨҚ-нын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланылады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |