Арктика Арктика



Дата21.07.2020
өлшемі15,98 Kb.
#75496
Байланысты:
Арктика


Арктика

Арктика (гр. ἄρκτος – солтүстік) — Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік Мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Төмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфаундленд аумақтарыАҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді. Аралдардың солтүстігін Арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан.

Эскимостар (өздерінің атауы - инуит) этникалық қауымдастық. АҚШ, Канада, Дания, Ресей мемлекеттерінің солтүстік аймақтарын мекендейтін халық тобы. Суық өлкенің көне тұрғындары бұл аймақтарды 9000 жылдан бері мекен етіп келеді. Олардың ата кәсібі - аңға шығып, балық аулау. Бірақ қазіргі кезде эскимостардың басым бөлігі мұнай кендері мен құрылыс саласында жұмыс істейді. Эскимостар арктикалық аймақтың негізгі халқы болып саналады.

Эскимостардың шаналары қар бетімен сырғуға қолайлы, жеңіл. Таза ауада шана тебу - қарлы өлкенің тұрғындары үшін таптырмайтын серуен. Инуиттердің де негізгі көлігі - шаналар. Салмағы өте жеңіл болғандықтан оған жегілген хайуандар көліктк орнынан қозғау үшін қиналмайды.

  • Инуиттер әлі күнге дейін аңшылық және балықшылық кәсібімен күнелтеді. Олар көбіне кит аулайды.

  • Арктика - ақ аю мекен ететін бірден-бір құрлық.

  • Арктика крачкасы жыл сайын 35 398 шақырым қашықтыққа ұшып кетеді.

  • Мускусты бұқаның жерге жетер-жетпес ұзын әрі қалың жүні болады.

  • Карибу Арктикада үйір-үйірімен жүреді. Олар оңтүстіктегі ормандарға жел мен қардан паналау үшін барады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет