Эссе
«Арман керек адамға»
Армансыз адам- қанатсыз құспен тең.Әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар.Ол арман –адаммен бірге өседі,өркендейді.Дәл солай,менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар,ол-биші болу. Бала күнімде арманымда шек болмаушы еді.Көрген де,көрмеген де нәрсемді армандай алушы едім.Өсе келе,адамның ақыл-ойы толысып,өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастайтындықтан,арманыңның бағыты да өзгеруі мүмкін.Мәселен бала күнімде ертегінің кейіпкеріндей сұлу ханшайым болуды армандасам,есейген шағымда ол арманымның ақылға сыйымсыз дүние екенін түсінген соң,бұл арманым мәнін жоғалтты. Арман деген дүние –сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы.Менің де арманым бар.Мен би өнеріне ғашықпын.Жүрегімнің түкпіріндегі ең ізгі,әрі құпия арманым-биші болу.Биші болсаң да ермек үшін емес,нағыз классикалық хореграфияны армандаймын.Көрерменнің қошеметін,шапалақтың құдіретін,жұлдыздық дертін,танымалдықтың жауапкершілігі мен рахатын сезінгім келеді.Бірақ соның бәрі қажыр қайратпен,үлкен еңбекпен ,азапты жұмыспен,күлкісіз күндермен келетінін әуелден-ақ ұғынып жүрмін. Атақты Шара Жиенқұлова
сынды қазақ бишісіне көп еліктеймін.Армандар орындалады.Үкілеген үлбір үміттің рахатына бөленіп өмірдің тәттілігін сезіндіретін «арман» атты
құндылықтың нарқын біліп,аппақ арманның орындалады-ау деп бақыттан басымыз айналып отыратын қайталанбас сәтке толығымен лайықтымыз! Аға-әпкелерімнен үлгі алып,олардың билеу мәнеріне ғашық болдым. Жан дүниесі әсем,кез-келген адаммен сөз табыса алатын,қарапайым,білімді адам.Мен де,жоғарғы білім алып,халқыма қызмет еткім келеді!Кім біледі,менің бүгінгі арманым –ертеңгі болашағым шығар.Бүгінгі қиялымдағы ойым-ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым шығар.Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын.
Адамдар бір-біріне армандарың орындалсын деп тілек тілейді.Адам қай армандарына қолы жетіп,қай армандарына қол жеткізетінін білмейді.Сол секілді менде қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтін білмеймін.Бірақ,бір білетінім арманымның орындалуы өз қолымда.Ол үшін жақсы оқып,алға ұмтылу керек.Бір орнында отыра берген адамның арманы түгел,ісі де алға баспайды.Сондықтан,менің өмірлік ұстанымым «Тек алға».
«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды
қолдау орталығы»КММ
Жетекші:педагог-психолог Рымжанова Алмагуль Салимовна
Жаркова Оксана Васильевна
8 сынып оқушысы